Ғылым — ақиқатты білу әдісі
"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылым
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика — оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда. Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т.б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым — коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:
• ғылым субъектісі — ғалыж. Бұл—ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
• объект (нәрсе, пән саласы) — алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
• ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
• табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар).
Эмпириялық зерттеулердің негізі төжірибе болып табылады. Тәжірибе жасаушы жанама жағдайларды ысырып тастап, зерттелетін кұбылысты таза күйде бөліп алуға тырысады. Төжірибеде құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Көп уақыт бойы "кұралдардың ерекшеліктері зерттелетін құбылысқа өсер етпейді" делініп келді. Мысалы, термометрмен су немесе сынаптың қайсысын өлшесеңіз де нәтиже бірдей болады. Алайда өте ұсақ "элементар" бөлшектермен (электрондар, позитрондар) жүргізілген тәжірибе нәтиже кұралдың тұрпатына тәуелді болатындығын көрсетті. Эмпириялық таным әдістерінің арасында бақылау әдісі жиі қолданылады. Мысалы, астроном-ғалымдар жұлдыздарды бақылайды, өйткені оларды зертханаларда зерттеу мүмкіндігі жоқ. Бақылау биологиялық және әлеуметтік зерттеулерде де кең колданылады. Соңғы кездері ғылымда модельмен тәжірибе жасау деп аталатын әдіс көп колданылады. Онда тәжірибе түпнұскаға емес, оған ұксас үлгі — модельдің көмегімен жүргізіледі. Қазір компьютермен модельдеу жиі үшырасады. Модельмен тәжірибе жасау зерттелетін объектіге тура көл жеткізуге болмайтын жағдайда жүргізіледі. Мысалы, гидроқұрылысшылар тек тәжірибе үшін өзенге бөгет сала алмайды. Мұндайда жобалау институтының зертханасында модельмен тәжірибе жасалады.
20.Оқытушы тұлғасының кәсіби сапалары.
Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруға және ұлттык, сана – сезімін тәрбиелеуге бағыттайды. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы —мектеп.
Мектеп - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады[1]. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш –қуаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі мектептен басталады.
Мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын мектептегі басты тұлға — ұстаз. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,-деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,-деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына ұлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. мектеп окушылары үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін аса үлкен абыройға ие жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Олай болса, мұғалімнің жоғары деңгейде қызмет етуі үшін, олардың әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейі қандай болмақ?
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.
Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – оның танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана өзгеден де соны көріп, дамыта алады. Өзін маман, әрі жеке тұлға ретінде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын және жетілу деңгейін байқатады.Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық құрамдас бөліктерден тұрады[2]. Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады.
Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне баса назар аударуы қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, және әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан жақты білім беру міндеті туындайды.
Оған мыналар жатады: ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі, білімнің мазмұнын игеру ісі, оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі, сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі, оқушылармен жақсы қарым — қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік әрекет), оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті, оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау іс — әрекеті[3]. Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар: оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар; оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиыңдықтар.
Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде – ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бфар мемлекеттер ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғұрыптарды нашарлататын қынжытарлық жағдайлармен аяқталып отырған. Алғашқы талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы - оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын бөліп керсеткен:
1. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.
2. Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — танымдық белсенділігін арттыру және т.б.
3. Рецептивтік: тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл – күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.
4. Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сөйкес қарым – катынастар орната алу білігінен байқалады.
5. Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан көрінеді.
6. Зерттеушілік: педагогикалық ситуациялар мен үдерістерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
7. Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды. Педагогикалық кабілеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес[4].
Мұғалім — ол қашанда ұлы еңбеккер. Гуманизм — бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас жасау, бұл қарым – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді. Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты. Өзінің кәсіби еңбегіне сүйіспеншілік - өз ісіне адалдық пен аямай берілгендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз.
21.Ғылым этикасы және оны сақтау.
Бүгінде «ғылыми этика» ұғымы екі аспектіні қамтиды: сыртқы және ішкі. Сыртқы аспект ғалымдардың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты, қоғам мен ғылым арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Ал ішкі аспект ғылыми әлемдегі ішкі қарым-қатынасты реттейді. Ғылымның ішкі этикалық мәселелері өте әртүрлі. Оларға мыналар жатады:
· Оқыту;
· Консалтинг, ғылыми көмек;
· Жетістіктер мен жаңалықтарды танымал ету;
· Сараптама және шолу;
· Плагиат және авторлық құқық туралы сұрақтарды шешу;
· Ғылыми қызметтің мониторингі;
· Теріс нәтижелерді талдау, оларды жариялау бойынша сұрақтарды шешу.
Ғалым ғылыми зерттеулермен табысты айналысу үшін ғылыми этика қағидаларын сақтауы тиіс. Ғылымда идеал ретінде ақиқат алдында барлық зерттеушілер, егер сөз ғылыми дәлелдер туралы болса, ешқандай бұрынғы еңбегі назарға алынбайды деген қағида жарияланған. Зерттеу нәтижелерін баяндаудағы ғылыми адалдықтың талабы ғылыми этиканың маңызды принципі болып табылады. Ғалым қателесуі мүмкін, бірақ нәтижелерді жоюға құқығы жоқ, ол жасалған жаңалықты қайталай алады, бірақ плагиатпен айналысуға құқығы жоқ. Сілтемелер ғылыми монографиялар мен мақалаларды рәсімдеудің міндетті шарты ретінде қандай да бір идеялар мен ғылыми мәтіндердің авторын тіркеуге және ғылымда белгілі және жаңа нәтижелердің нақты селекциясын қамтамасыз етуге арналған.
Ғылыми этика - бұл тек әкімшілік ережелер ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметте ғалымдар ұстанатын және ғылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін моральдық принциптердің жиынтығы.
Ғалымның қоғамдағы рөлі өте маңызды екені сөзсіз. Ғылыми зерттеулермен айналысатын барлық адамдар өз қызметінің нәтижелері үшін, өздерінің адамгершілік қасиеттері үшін моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті көтеруге міндетті. Ғылыми қызмет конъюнктураға ұшырамаған болуы керек.
Ғылыми этиканың нормалары бойынша, барлық нәтижелердің дәлелдері өте адал, тексерілген, жасандылыққа және басқа да алдау әдістеріне жол берілмеген болуы керек. Ғалым өзінің ішкі сезімдері мен эмоцияларына ерік бермей, тек фактілермен жұмыс жасауға ұмтылғаны дұрыс.
Қорытындылай келсек, ғылым этикасы қандай да бір жолмен іздеу бостандығын шектемейді. Ғылымда зерттеуге тыйым салынған жерлер жоқ. Дегенмен, ғалымдар адамзаттың өміріне жауапты болғандықтан, өздерінің жаңалықтарының нақтылығын, дәлдігін бақылап, оларды қолдану үшін жауапты болуы керек.
22.Тұтас педагогикалық үдеріске қатысушылардың субъект-субъектілі қатынасы (өзара әрекеттестік, ынтымақтастық, серіктестік). 1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.
«Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика
әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Оның барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік.
Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады
Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе. И.П. Подласыйдың пікірінше, педагогикалық
үдеріс — әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» — мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.
Оның барлық құрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық,
ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.
Достарыңызбен бөлісу: |