Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Білім беру XXI ғасырдың басымдылығы. Білім беру парадигмалары



бет2/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Білім беру XXI ғасырдың басымдылығы. Білім беру парадигмалары.

Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен ролі.
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы - белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер, Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г. Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршеңдігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің, О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н. Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білім беру сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева, Ә.Табылды зерттеген. Оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген. Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға - психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, «тұлға» ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні - болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды. Педагогикалық және психологиялық білім берудің негізгі міндеті - оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін жағдайлар жасаудан тұрады. Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген қасиеттерді «қалыптастыру» деп қаралмайды, оның негізгі мәні тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп қарастырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет