Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым.
Білім беру ашық жүйе ретінде
үздіксіз даму, жетілу
үстінде болады
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3-тарауының 10-бабында “білім беру жүйесі” ұғымы: білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының; білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.

Білім беру процесс және іс-әрекет ретінде
Білім берудің мәні – мақсаттан нәтижеге қарай жылжу. Процесс (қозғалу, жылжу) бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы, қандай да болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы. Субъектілердің бірлескен іс-әрекеті, білім беру процесі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижеге байланысты.
Сауаттылық - білімділік – кәсіби құзыреттілік – мәдениет – діл (менталитет).
«Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады