«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет10/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Ж.Жақыпов «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» 

2.

 



Қ. Есенов «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» 

3.

 



Қ.Есенов «Қазақ тіліндегі күрделенген жай сөйлемдер» 

4.

 



Т.Қордабаев «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі». 

 

 



БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

 

Нұржанова Бейбиттигул  Жумадиловна  әдіскер 



№16 «Алтынай» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 



мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асырудағы  басты  міндеттердің  бірі  мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  мазмұнын  жаңарту  болып  табылады.  [1.].  Осы  міндеттерді  шешуде 

мектеп жасына дейінгі  балалардың тілін дамытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. 

Өйткені, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан әрбір педагог 

ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймыз. 

   Қазақстан 

республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасының  мақсаты  –  мектепке  дейінгі  білім  беру,  сауықтыру  және    түзеу 

бағдарламаларымен  қамтуды  дәйекті  түрде  ұлғайту  жолымен  балалардың  білімалуына 

бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осы тұжырымдаға негізгі міндеттердің бірі 

бес  жастағы  балалардың  мектепалды  даярлығының  мазмұнын,  балаларға  тән  қызмет 

түрлерін,  жасына  және  даралығына  сай  тәсілдерді  ескере  отырып  қайта  қарау  және  оқу  – 

тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау, - деп көрсетілген [2.]. 

Мұның өзі мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді бүгінгі қоғамдық қажеттілікке сәйкес 

педагогикалық үдерісті жаңаша ұйымдастыруды, педагогикалық технологияларды саралап 

пайдалануды талап етеді. 

   Педагогика  ғылымында  «заттық  кеңістік  орта»  термині  «үлкендердің  және 

балалардың  өмірін  ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  материалдық  –  техникалық, 

санитарлық  –  гигеналық,  эстетикалық,  психологиялық  – педагогикалық  жағдайлар  кешені 

ретінде»  -  түсіндіріледі  [3.].  Бұл  өз  кезеңінде  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалармен 

жүргізілетін  педагогикалық  үдеріске  барлық  жағдай  жасау  қажеттігі,  яғни  бағдарламалық 

материалдарды  меңгертуде  материалдық  базаның,  балабақшаның,  топтың  санитарлық  – 

гигеналық талаптарға сәйкестігі, оң психологиялық ахуалдың болуы сияқты, педагогикалық 

жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс екенін ескертеді. 

   Қазақстан  Республикасында  мектеп  дасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  және 

тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде ойындарды пайдалану мәселесін ғалымдар: Н.Құлжанова, 

Б.Б. Баймұратова, Ә.С.. Әмірова, А.Б. Бақрединова, Р.Қ. Аралбаева, Х.Т. Шерязданова, Г.М. 

Қасымова,  Б.О.  Арзанбаева,  Ұ.И.  Ауталипова,  К.К.  Метербаелар  зерттесе,  ал,  ТМД 

ғалымдарынан:  А.И.  Комарова,  Н.Н.  Ханина,  Ф.А.  Сохина,    И.И.  Насруллаева,  В.Г. 

Захарченко,  Р.М.Рахимова,  В.Н.  Полосухина,  С  .  Сакиева  және  т.б.  құнды  тұжырымдар 

жасаған. 


78 

 

78 



 

  Педагогикалық үдерісті жетілдіруде ойынның алар орнын ғалым Н.Құлжанова жете 

зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, күнделікті негізгі іс – әрекет және оның жеке өмірі деп 

дәлелденген. Ғалымның айтуы бойынша, ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – 

баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай 

бейімделуі  басты  педагогикалық  мақсаттар.  Ойындар  баланың  қисынды  ойлау  қабілетін 

және  қиялдау  (жақсы  мағынада)    қабілеттерін  дамытуға  жетелейді.  Ғалым:  «Бала  ойында 

шынығып,  жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп қарым – қатынас жасау 

мүмкіндігі  артады»,  -  деп  атап  көрсеткен.[4.].  Автордың  бұл  пікіріне  мектепке  дейінгі 

ұйымдарда  педагогикалық  үдерісте  ойынды  пайдаланудың  мақсатын  айқындап  бергенін 

көруге болады. 

Б.Баймұратованың  пайымдауынша,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту 

үшін аланың белсенді сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйретудің мәні зор. 

Ғылыми тұрғыда негізделген нұсқау әзірлеген ғалымның [5.]. әдістемесі  бүгінде мектепке 

дейінгі  ұйымдарда  оқу  іс-  әрекетін  ұйымдастыруда  басшылыққа  алынып  отырғанын  айта 

кеткіміз келеді. 

Ойын  арқылы  бала  дүниені  таниды.  Шынында  да,  бала  үшін  ойын  өмір  сүрудің 

белсенді  формасы,  сол  арқылы  ересектерге  еліктейді,  олардың  іс  –  әрекетін,  қарым  – 

қатынастарын үйренед, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік 

рөлдер атқару үшін заттық кеңістік орта құру қажет. 

     Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  заттық  кеңістік  ортаны  құрудағы  негізгі  мақсат  – 

тұлғаны  қалыптастыруда  әлеуметтік  ,  рухани  жағынан  өмір  сүре  білу  тәжірибесі,  білімді 

беруде қажетті құзіреттіліктерді меңгерту болып табылады. 

  В.А. Петровский заттық ортаны құрудың төмендегідей негізгі бағыттарын айқындап 

береді: 

   Өзара  әрекеттегі  ара    қашықтық  ұстаным  бағыты.  Балалар  мен    үлкендердің 

тұлғалық тұлғалық – бағдарлы әсерлесуінің алғышарттары негізінде өзара байланыс орнату. 

Педагогтың тұлғалық – бағдарлы ұстанымы серіктестік ретінде көрінуі; 

  Белсенділік  бағыты.  Мектепалды  дайындық  құрылымында  үлкендер  мен 

балалардың белсенділгі көрінетін жағдай қарастырылған. Олар тұлғалық  – бағдарлы өзара 

әрекетте өздерінің заттық орталарын жасаушы болады. 

  Тұрақты – өзгермелі орта бағыты. Дамуортасын педагогикалық міндеттердің және 

балалардың  көңіл  –  күйі  мен  талғамдарына  байланысты  өзгертіп  отыру  мүмкіндігінің 

қалануы; 

   Кешендендіру бағыты. Бұл бағыт алдыңғы бағыттармен тығыз байланыста келеді. 

Ортаның өмірлік кеңістігі балалардың әрқайсысының өз қалаулары мен қызығушылықтары 

бойынша  бір  –  біріне  кедергі  келтірмей  бір  мезгілде  бірнеше  әрекет  түрімен  айналысуға 

мүмкін болатындай деңгейде ұйымдастырылуы керек. 

   Ортаның  эмоциялық  бағыты.  Балалар  мен  үлкендердің  эмоциялық  жайлылығын 

қамтамасыз  ету.  Балалар  түрлі  іс  –  әрекеттермен  айналыса  отырып,  олардан  қуанышқа 

кенелуге,  ал  қажет  болған  жағдайда  мұндай  белсенділікті  бәсеңдетіп,  оларға  демалуға 

мүмкіндік беру; 

   Ортаны  эстетикалық  ұйымдастырудағы  қалыптан  тыс  элементтер  мен 

үйреншікті  элементтердің  өзара  үйлесімділік  табу  бағыты.  Балалардың  эстетикалық 

категориялармен танысуы ең қарапайымнан басталады. Өнердің өзіндік тілін: дыбыстардағы  

әдемілікті, түстердің сия дағын, абстракциялық сызықтарды және т.б. ұғынуы; 

    Ашықтық  –  жабықтық  бағыты.  Табиғатқа  ашық  болу  –  адам  мен  табиғаттың 

бірлігін жасау, бұл жасыл бөлмелер, ішкі аулалар әйнектелген болуы мүмкін, оның ішінде 

ағаштар, шөптер, үй жануарларының балалармен бірге болуы т.б. Мәдениетке ашық болу – 

әдебиеттің,  музыканың  және  өнердің  болуы.  Өзіндік  «Мен»  бейнесінің  ашық  болуы,  -деп 

көрсеткен  [4].    Заттық  кеңістік  ортасының  құрылымдық  бөліктерін  төмендегілерді 

жатқызамыз. Заттық – ойын ортасы: 

 

Ойындардың түрлері және дидактикалық құралдар; 



79 

 

79 



 

 



Заттарды түрлі нұсқада қолдану; 

 



Бөлмені  әртүрлі жағдайларда пайдалану; 

 



Релаксация зоналары; 

 



Әр баланың жеке траекториясының болуы. 

Заттық ойын ортасында педагогтың балалармен өзара іс – әрекеттеріне: 

 

Серіктестік қарым – қатынас орнату; 



 

Жекелік және даралық ерекшеліктерді есепке алу; 



 

Шығармашылық қарым – қатынастың болуын қамтамасыз ету жатады. 



   Жоғарыда  педагог  психолог  ғалымдардың  еңбектеріне  жасалған  таңдауларды 

қорытындылайтын  болсақ,  заттық  кеңістік  орта  дегеніміз  бұл  баланың    өзін  қошаған 

әлеуметтік,  тұрмыстық  қоғамдық,  материалдық  және  рухани  жағдайларда  тіршілік  етуі. 

Заттық  кеңістік  орта  баланың  тілін  дамытуда  ойын  технологиясын  пайдалануда  заттық 

кеңістік ортаның атқаратын рөлі зор. 

    Ойын барысында бала өзін қоршаған ортадан көргенін, байқағанын өзінің өмірінен 

алып,  оны  басқаша  қайтадан  тереңірек  білуге  тырысады.  Психологиялық  педагогикалық 

әдебиеттерге  жасалған  талдаулар  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тілін  дамытуда  ойын 

технологиясын пайдалануда заттық кеңістік ортаны дұрыс ұйымдастыру қажеттігін көрсетті. 

  Баланың тіллін дамытуда сөйлеу басты  рөл  атқарады. Сөйлеудің негізгі  және басты 

өлшем қарым қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқарады. Бала әлеуметтік 

қарым  қатынасқа  түсуде  ақпарат  алысады.  Тілдің  коммуникативтік  қызметінің  бұл 

аспектілерін  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  белсенді  меңгереді.  Дәл  осы  тілдік  қызмет 

баланың  тілді  меңгеруіне  ықпал  етіп  фонетика,  лексика,  грамматикалық  тұрғыда  дұрыс 

сөйлеуі мен диалогтық сөйлеуді игертеді. 

   Диалогтық  сөйлеу  тілдік  қатынастың  негізгі  формасы  ретінде  көрініс  тауып, 

байланыстырып сөйлеуге үйренуге негіз болады. Тілдік қатынастың екі түрін ерекше атауға 

болады. Олар: үлкендермен және құрбыларымен қатынас жасау. Мектепалды даярлығында 

диалогтық  сөйлеу  олардың  өзара  пікірлерін  бөлісуде,  өз  тәжірибесін  айтуға  қоршаған 

ортадан,  табиғат  аясында  көргендері  мен  байқағандарын  әңгімелеп  беруде,  сүйікті 

ойыншықтары  және  т.б.  белсенділік  танытуынан  көрінеді.  Құрбыларымен  диалогты 

сөйлеуінде олар тепе – теңдікті сезініп, бірінің – бірі әңгімесін тыңдауға, сұрақ қоюға, жауап 

беруге, талдауға қатысады. Әрине бұл жерде балалар үлкеннің, педагогтың көмегін қажет 

етеді. Сондықтан да балалар педагог балалардың оқу іс – әрекетінде, ойын барысында бір – 

бірімен  мазмұнды,  түсінікті  тілді  сөйлесуге,  рөлдерді  бөлісуде,  бағыт  беріп  отыруы  тиіс. 

Сонда  ғана  ойын  технологиясының  баланың  тілін  дамытуда  табиғи  рөлі  артатыны  сөзсіз. 

Қорыта  келгенде,  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  баланың  тілін  дамытуда  ойын 

технологияларын  пайдаланудың  ерекшеліктерін  сипаттайтын  ғылыми  негізделген 

әдістемесін жасау қажет деп санаймыз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 



мемлекеттік бағдарламасы – астана. 2011. 

2.

 



Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы 

– Астана. 2003. 

3.

 

Педагогический словарь. Издательство академии педагогических наук/ Под ред. И.М. 



Кантора. – М:, 2005 

4.

 



Н.Құлжанова Халқыма деп іс қылдым – Алматы. 1994. 

5.

 



Б.Баймұратова  Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы – 

Алматы, 1991 

6.

 

6. В.А. Петровский Построение развивающей среды в дошкольном учереждении. М., 



2003. – 211 с. 

 

 



80 

 

80 



 

БАЛА ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЕРТЕГІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ 

 

«№2 «Батыр»санаторлық 

балабақшасы»КМҚК 

тәрбиешісі: Б.С.Нукушова 

Калмаганбетова Л.Н 

 

Ертегілердің  бала  дүниетанымын  қалыптастыруда  маңызы  аса  зор.Қазақ 



фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі-ертегілер. 

Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра.Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі 

мен арман тілегін,қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжрибесін көреміз. 

Ертегінің  қай  түрін  алсақта  ол  баланың  ой-қиялын  ұштайды.Мінез-құлқын,ерік-

жігерін,сөйлеу  қабілетін,сөздік  қорын  қалыптастырады.Ертегіні  оқытуда  оынң  жанрлық 

ерекшелігін  ескеріп,тәрбиелік  мақсатына  айырықша  көңіл  бөлгеніміз  жөн.Б.Момышұлы 

«Ұшқан  ұя»мемурлық  кітабында  «Ертегісіз  өскен  бала-рухани  мүгедек  адам.Біздің  қазіргі 

балаларымызға  ертегіні  ата-аналары  айтып  бермейді.Ал  бесікте  жатқанда  құлағына 

анасының әлди үні  сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-

деген  екен.Әсіресе,ертегінің  мектеп  жасына  дейінгі  балаға  тигізер  әсері  мол.Бала 

тұлғасының  интеллектуалды-шығармашылық  және  креативті  әлеуметін  дамыту  мәселесі 

ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің 

бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші,адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер 

туындылары,түрлі  ғылым  жаңалықтары  тумаған  болар  еді.Балалардың  дамуы  үшін  ең 

алдымен 

оның 


қиялдай 

білу 


қабілетін 

дамыту 


керек.Ал 

ертегі 


баланы 

төзімділікке,шыдамдылыққа,тапқырлыққа,еңбекқорлыққа  шақырып,мақтаншақтық  пен 

сараңдықты  табалайды.Әділеттілікті  қолдап,сезімтал  ұяң  меірімді  жандарды  алдау  мен 

арбаудан қорғайды.Ертегілер құрамы жағынан әралуан,қиял-ғажайып,хайуанаттар,тұрмыс-

салт  ертегілері  болып  бөлінеді.Ертегі  түрлерін  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып 

балаға  жеткізе  білу  керек.Ертегіні  баяндай  отырып,мұңаюға,шаттануға  үйрету,балаларды 

қызықтырып ой-қиялдарын дамыту,оны баяндауға жетелеу,сөздік жұмыстар арқылы сөздік 

қорын  байыту,ертегі  кейіпкерлерін  талдау  барысында  жағымды  мен  жағымсыздықты 

ажыратып,кішіпейілділікке,адамгершілікке,қамқорлыққа  тәрбиелейміз.Ересектер  тобында 

жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін алдымен мынадай міндет мақсат қою 

керек. 

                                                            Ертегіні үйрету  

тәсілдері. 

 

 

 

 

 

 

 

үү 

 

 

 

Сөздік жұмыс 

Сурет 

бойынша 


әңгімелесу 

Тіл 


ұстарту 

жаттығула

ры 

Мақал-


мәтелдер 

Бой сергіту 

Үстел үсті 

театры арқылы 

көрсету 

Қасық театры 

Айна театры 

Саусақ театры 

арқылы көрсету 

Қимыл іс-

әрекеттер,ән 

көрсету 


81 

 

81 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегілер  қоршаған  әлемді,дүниенің  тұтас  күшін  танытумен  бірге  сан  алуан  күйде 



ондаған  заттармен  құбылыстардан  хабардар  етеді.Мұндай  шығармалар  ересектер  мен 

балалардың  бірлескен  әрекеттерінің  мазмұнын  байыта  түседі.Яғни,мен  балаларға  ертегі 

оқығанда  таңғажайып  әлемге,көшбасшы    ретінде  жетелеумен  қатар,кітаптағы  маөмұнды 

баяндай  отырып,балалармен  бірге  таңданып,мұңайып  шаттанып  отырамын.Сонда  ертегі 

балаларды  жалықтырмайды,керсінше  қызықтырып,ойын,қиялын,тілін  дамытады.Ертегіні 

балаларға оқып беріп,назарларын кейіпкерлер бейнеленген суретке аударып,ертегіні қалай 

түсінгендерін сұрақтар қою арқылы білуге болады.Мысалы тотағы 25-баланың тең жартысы 

ертегіні  жақсы,11  бала  орташа,қалған  5  еуі  нашар  қабылдайды.Ертегіні  жақсы  әрі  тез 

қабылдау  үшін  мен  балаларға  ертегі  кейіпкерлеріне  байланысты  көптеген  сөздік 

жұмыстар,тіл  ұстарту  жаттығуларын,мақал-мәтелдер,бой  сергіту,т.б  үйретемін.Ертегіні 

айтып немесе көрсетіп қана қоймай,оны оқу іс-әрекетінің басқа салаларымен,мәселен,көркем 

әдебиетпен 

сурет 

оқу 


іс-әрекеттерін 

байланыстырып 

өткізуге 

болады.Балалар»Шығармашылық»білім  беру  саласы  бойынша,ұнаған  кейіпкерлерінің 

суретін  өз  қиялдарымен  қағазға  түсіреді.Салған  сурет  арқылы  бала  ертегіні  қалай 

қабылдағанын  білуге  болады.Балалар  ертегіні  тыңдау  арқылы,ондағы  жағымсыз 

кейіпкерлерді  әртүрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  жағымды  етіп  көрсетуге  тырысады.Осы 

технология  арқылы  балалардың  қиялы  дамып,сөздік  қоры  көбейіп,жаңа  сөздер,сөйлемдер 

ойлап  табады.Ал  келесі  жолы    осы  суреттер  арқылы  дидактикалық  ойындар 

ұйымдастырамын.Мысалы:»Қай  ертегіден?»  «Қай  кейіпкерге  ұқсағың  келеді?»  «Менің 

сүйікті кейіпкерім» «Қай кейіпкер ұнады?»т.б «Мүсіндеу» білім беру саласында балалардың 

саусақ  қимылдарын  жаттықтырып  қана  қоймай,жаңа  кейіпкерлер,яғни,балалардың  өз 

қиялымен  осы  заманға  сай  кейіпкерлерді  ойлап  тауып,мүсіндеулерін  сұраймын.Мысалы: 

сыйқырлы  құс,өрмекші  адам.Сол  сияқты  ертегіні  сахналау,кейіпкерлендіруді  түрлі  театр 

арқылы 

жүргіземін.Ортаңғытопта«Ешкі 



мен 

түлкі» 


«Арыстан 

мен 


қоян» 

«Мысық,әтеш,түлкі»  «Түлкі  мен  тырна»  «Түлкі  мен  сұр  қасқыр»»бауырсақ»  «Үйшікей» 

«Түлкі мен әтеш»ертегілерін сахналағанда балалар кейіпкерлердің мінез-құлқын,іс-әрекетін 

жасауға 


тырысады.Осы 

әрекеттер 

арқылы 

олардың 


ертегіге 

деген 


қызығушылығы,артып,ойлау қабілеті дамып өздеріне жол ашады.Ең бастысы ертегіні оқып 

түсіндіру  арқылы  балалардың  тілін  дамытып,сөздік  қорларын  молайтып,тіл  ұстарту 

жаттығуларын  жасатамын.Балалар  ертегіні  тыңдап,түсінгеннен  кейін  қайталап  айту 

барысында  үнтаспаға  жазып,өздеріне  тыңдатамын.Балалардың  ойлау,жаңа  сөз  игеру 

бейімділігі жетіліп,грамматикалық дыбыстарды дұрыс айтуға үйренеді.Сол сияқты ертегіні 

суреттер бойынша айтқызудың балалардың ақыл ой,қиялының дамуына әсері  мол.Суретті 

көрсету арқылы ертегіні дәлме-дәл жеткізе алады.Есте сақтау қабілеттерін дамыту үстінде 

көптеген ертегілерге байланысты ойындар ойнатамын.Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-

құлқын өздері орындап,қимыл-қозғалыспен көрсете біледі. 

Көргендерін 

әңгімелеп 

беру 


Слайд 

арқылы 


көрсету 

Дауыс ырғағын 

келтіру 

Сахналау 

Кейіпкерлердің 

рөлдерін сомдау 

Атрибут арқылы 

сомдау 


82 

 

82 



 

Мысалы:  «Ертегіні  баста»  «Ертегіні  аяқта»  «Ертегіні  есіңе  түсір»т.б.Ертегіні  тек 

балаларға  үйретіп  қоймай  балалардың  ата-анасына  да  мағлұмат  береміз.Ата-аналарға 

сауалнама,ертегі  суреттер,мазмұны  таратылып,ертегі  бойынша  түрлі  кейіпкерлерді 

дайындау  тапсырылып,дөңгелек  үстелдер,ойындар  ұйымдастырылады.Тапқырлық  пен 

төзімділікке  тәрбиелейтін  ертегілерді  тыңдап,естіп  өскен  бала  мейірімді,үлкенді 

сыйлайтын,өз  елін,Отанын  қорғайтын  азамат  болып  өседі.Ата-бабамыздан  келе  жатқан 

ертегілерді балаларға дұрыс жеткізе білейік. 



 

Қолданған әдебиеттер: 

«Отбасы және балабақша»2006-2007-2011ж ж 

«Отбасы және балабақша»2008-2010ж 

«Педагогикалық кеңес» 2012ж  



 

 

БАЛАБАҚША ЖӘНЕ ОТБАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРҚЫЛЫ БАЛА 

БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Жанжакина Б.Ж. 

№ 61 «Айгөлек»  балабақашсының жоғары санатты тәрбиешісі 

Қарағанды қаласы 

 

 «Біз әрқашанда білімге  ұмтыламыз. 

Негізінде ең бірінші тәлімге  ұмтылуымыз  керек.  

Бізге  тәлімді  рух, тәрбиелі  білім  қажет.  

Тәрбиелі, білімдар 

Міне адам! Міне  тұлға!  

А.Байтұрсынұлы.[1.2б.] 



 

Адамның моральдық сапа негіздері мектепке дейінгі балалық шағында қалыптасады. 

Мектепке  дейінгі  жылдарда  бала  ересектердің  жетекшілігімен  жақын  адамдарымен, 

құрдастарымен,  заттармен,  табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың,  тәлім-тәрбие  алудың 

бастапқы  тәжірибесіне  ие  болады.  Балалардың  іс-әрекеттерін  басқара  отырып,  тәрбиші 

олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға 

көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама  көрсету 

сияқты  адамның  маңызды  сипаттарын  қалыптастырады.  Дұрыс  тәрбие  балаларда  теріс 

тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз 

әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.  

Мектеп жасына дейінгі  тәрбиеленушілерді адамгершілік  тәрбиеде тәрбиелеудің  басты 

міндеттері :  

- балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің 

адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру; 

- балалардың адамгершілік  түсініктері мен қасиеттеріне  тәрбиелеу. 

Баланың  тәрбиелеуде  оның  өмірінің  алғашқы  жылдарынан  бастап-ақ  адамгершілік 

сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде 

оларға  үйір  болу,  оларды  жақсы  көру  сезімі,  олардың  нұсқауларына  сай  әрекет  жасауға, 

оларға қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. 

Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде толқуды 

бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын 

адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. 

В.Сухомлинский «Егер  балаға  қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бал солай бола алады 

»,- дейді [2.23-б.] Демек, балаға жан-жақты терең  білім беріп, оның  жүрегіне адамгершілік  



83 

 

83 



 

қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  бісек,  ертеңгі  азамат  жеке    тұлғаның  өзіндік  көзқарасының 

қалыптасуына, айналасымен санасуына  ықпал етері  сөзсіз. 

Міне,    сол  мақсатта  біз  мектеп    жасына  дейінгі    балалармен    осы    адамгершілік  

қасиеттерін дамыту үшін көптеген  жұмыстар  жасаймыз.  

Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру  әлеуметтік 

құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 

жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім 

берудің  алғашқы  сатысы.  Ол  баланың  жеке  бас  ерекшелігін  ескере  отырып  дамытатын 

орталық» делінген. 

Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  және  білім  беру  мәселелерінде  отбасы  мен  балабақша 

ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, 

өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, 

балабақшамен байланыс арқылы одан  әрі  жалғасады.  «Жаста білген, басқа сіңген тәлімің, 

өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына 

орныққан,  ана  сүтімен  даритын,  ұлттық  сезім  нышандары,  сөз  өнері  оның  болашақ 

шамшырағына  айналып,  рухани  байлығын  кеңейтеді  [3.15-б].  Оны  туған  жерге,  елге, 

халқына  деген  сүйіспеншілікке,  патриоттыққа  тәрбиелеу  -  аса  жауапты  міндеттердің  бірі. 

«Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  дегендей  бала  тәрбиелеуде  осындай  міндеттерді  іске 

асырушылар  - балабақша мен отбасы. Осы екі  арнада жүргізілген тәлім тәрбие  сабақтаса, 

ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. 

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың 

ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы 

қалыптасса елдің болашағы зор болмақ [4.105-б.].      

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам - оның ата - анасы. Ал, ең 

әдемі де жарық үй - оның туылған үйі. 

Адам баласы - өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе 

оның  нәрестелік,  сәбилік,  балалық  шақтарында  ауадай  қажеттілік  деп  айтсақ  та  болады. 

Баланы  тәрбиелеу  алғашқы  негізі  отбасында  қаланып,  балабақшада  әрі  қарай  жалғасын 

табады.  Сондықтанда  баланы  тәрбиелеу,  дамыту  және  білім  беруде  отбасы  мен 

балабақшаның бірлескен  өзара тығыз байланыста,  яғни  ынтымақтаста болуы маңызды. 

Мектепке  дейінгі  ұйыммен  ата  -  аналар  арасындағы  ынтымақтастықты  арттыру, 

балабақшаның әдістемелік жұмысын жүзеге асыру шараларына ата-аналарды жұмылдыру, 

баланың  жеке  тұлғасының  дамуына  жағдайлар  тудыру  мақсатында,  қазіргі  кезеңде  бала 

тәрбиесі  жүзеге  асыруда  тәрбиеленудің  дұрыс  жолын  табу  үшін  ата-аналармен  семинар-

кеңестер,  тренингтер,  отбасына  саяхат,  кездесулер,  сауалнамалар  ұйымдастырудың  үлкен 

көмегі бар. 

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан екі бағыт бары белгілі: 

отбасылық және қоғамдық. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесін тіпті жоғары дәрежелі балабақша 

мен  мектеп  алмастыра  алмайды  деген  пікірлер  жиі  айтылып  жүр.  Қосылуға  болады. 

Дегенмен,  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартының негізінде «балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы 

принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы 

мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге білім беру ұйымдары да борышты.  

Біздің  «Айгөлек»  мектепке  дейінгі  білім  беру  орталығында  бала  тәрбиесі,  ой-өрісін 

жетілдіру, дамыту жолында  түрлі іс-шаралар жүргізілуде. 

Сонымен қатар әр топ тәрбиешілері де ата - ананың бала  тәрбиесіндегі маңызын  түсіне 

отырып,  түрлі  іс-шараларды    қолға    алдық.  Мен  өз  тәрбиеленушілеріміді  екінші  сәбилер 

тобынан бастап алып  жұмыс  атқаратындықтан балабақша табалдырығын аттап келген әр 

сәбидің  жаңа  ортаға  сіңісуі  мен  ата-аналардың  бала    тәрбиесіне  бірлесіп  ат  салысуының 

маңызы біз үшін  ерекше. Осы мақсатта  оқу жылында: «Ойын арқылы балалардың ой-өрісін 

және тілін дамыту» және «Отбасы-тәрбие бастауы», «Жаңа оқу жылы мектепке дейінгі білім 

орталығының табалдырығында», «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыптарында 


84 

 

84 



 

кеңестер  өткізуді    жоспарладым.  Біріншісі  дөңгелек  үстел,  екіншісі  дәріс,  пікірталас 

пішінінде  өткізілетін  бұл  шараларда  жалпы  ақпараттық  сауалнамалар  жүргізіліп,  ата-

аналармен ұйымдастырылған жұмыс  іс-тәжірибесінен слайдтар көрсетілді. Баланы өзіне өзі 

қызмет  етуге  үйрету,  үй  шаруашылығында  еңбекке  баулу  сияқты  шаралар  екі  жақты 

ынтымақтастықта  жүргізіледі.  Біз  ата  –  аналармен  жақынырақ  танысып,  отбасының 

әлеуметтік  жағдайын,  отбасы  мүшелерінің  бала  тәрбиелеудегі  ролін  анықтау  үшін,  ата  - 

аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында   сауалнамалар, анкеталық сұрақтар 

аламыз.  Сонымен  бірге  жыл    бойғы  жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  ата  -  аналармен  бірлесе 

отырып  жасаймыз.    Себебі,  ата  –  аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді,  отбасы   

тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен  қатар   ата - аналардың 

ұсыныс – пікірлермен санаса отырып, ата  – аналарға арналған   әңгімелер мен лекциялар, 

кеңестер, сұрақ – жауап кештері, тәрбие   жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – 

аналарды педагогикалық   әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырамыз.   

М. Әуезов «Қай   істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, 

одан соң   күш керек, одан соң тәртіп керек» деген өмірлік тәжірибе, ұлы   жазушымыздың 

сөзінің  құдіреттілігін байқатады [5.32-б.]. Сонда ғана үштік одақ (бала, ата-ана, тәрбиеші) 

жұмысы жандана түспек. Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты   

қажеттіліктеріне байланысты болатындығы  анықталды, ата – анамен жұмысты ұйымдастыру 

барысында  ата  -  ананы,  яғни  отбасын      тәуелді  ету  емес,  оның  қиыншылықтарды  жеңу 

мүмкіндігін нығайту, тәрбиеші мен   баланың   оқуға   деген   қызығушылығын   арттыру   

жолдарын   түсіндіреді

Сондай-ақ  ол  өзінің  педагогикалық  шығармаларында  ата-ананың  да  білім  деңгейін 



көтеру керектігі, оларды балабақша өміріне араластыру қажеттілігі жайлы да атап көрсеткен. 

Себебі баланы қалай тәрбиелеу керектігін білмейтін ата-аналар кездеседі ғой . Атқарылатын 

істер жүйелі  жүру  үшін алдымен ата-аналар  арасында сауалнама жүргізіліп, мекемеміздің 

даму деңгейі, отбасымен жұмыс мазмұны анықтаймын.  

Сонымен қатар осы ісімді нәтижелеу мен талқылау негізінде  айтарым, «Емен ағашы» 

кітабында  баланың  сәбилік  шағынан,  ересек  жасына  дейінгі  және  ата-анасы, 

туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл кітапша арқылы балабақша мен отбасы 

арасындағы  байланыс,  ынтымақтастық  нығая  түседі,  балаға  деген  ата-ана  жауапкершілігі 

артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен 

айтқанда  отбасы  мен  балабақша  бірінің  бастаған  игілікті  ісін  екіншісі  жалғастырады, 

толықтырады.  8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Менің  анам» байқауын ұймдастырып 

отырмын.  Ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысады деген үміттемін. Аналар  отбасы, 

қыз  бала  тәрбиесіне  байланысты  мақал-мәтелдер  жаттаулары  қажет.  «Шеше  көрген  тон 

пішер»  -  демекші  аналар    қыз    тәрбиесіне    өздерінің    әсерінің  қаншалықты  үлкен  әсер 

ететіндігін  сезініп,  жауапкершілік  алатындығына  сенімім мол. Сонымен қатар  «Жирен 

жаман  әдеттен,  үйрен  жақсы  әдеппен»  -  дегендей  халқымыз  балалармен  «Әдептілік-

әдемілік» атты топ ата - аналарымен  ойын - сауық  кешін өткіземін . Осы кеште балалар 

әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді. Тәрбиешінің алға қойған 

мақсаты,  баланың  бойына  ұлттық  саналық  қалыптасқан,  халқының  әдет-ғұрпын  салт-

дәстүрлерін  көңіліне  тоқыған  дені  сау,  шымыр  да  шыныққан,  сымбатты,  халықтың  тілін 

білетін,  рухани  байлығы  мол,  жан-жақты  азамат  тәрбиелеп  өсіру.  Ол  бір    балабақшадағы  

тәрбиешінің    қолынан    келмейді,  сондықтан  ата-аналармен  қолан    қолтық    жұмыс  жасау  

керек.  Ата-аналарды  балабақша    өмірімен    хабардар  етіп    отыру    қажет.  Біздің 

балабақшамызда    жалпы  және    топтық  жиналыстар  жыл  сайын  өтіп  тұрады.  Жалпы 

жиналысқа    топтағы    барлық  ата-аналар  қатысу  мүмкіндігі  болмай  жатқан  жағдайда,  ата-

аналар  төраймы    қатысып,  ол  жиында  талқыланған  мәселе  жайында  айтып  отырады. 

Жоғарыда айтып өткендей біздің балабақша  басшылығы ата-аналармен  жұмыстың  болашақ  

жоспарын    ұйымдастырған,  сол  жоспар  негізінде    әр  тәрбиеші    балабақша  мен  отбасы 

байланысын нығайтуда  түрлі жұмыстар  жүргізуде.  


85 

 

85 



 

Қорыта  келе  жас  ұрпаққа  рухани-адамгершілік  тәрбие  беру  —  қазіргі  білім  беру 

мекемелерініңең  маңызды  міндеттерінің  бірі. Бұл  заңды  да,  өйткені  біздің  қоғам  өмірінде 

адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы 

кеңейіп  келеді.  Адамның  адамгершілік  жағынан  қалыптасуы  оның  туған  кезінен-ақ 

басталады, ал рухани-адамгершілігі қоршаған ортамен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері 

мен  мазмұнына  байланысты  жетіледі.  Мектепке  дейінгі  жаста  балаларда  бастапқы 

адамгершілік  сезімдермен  ұғымдар,  адами  мінез-құлықтың  ең  қарапайым  дағдылары 

тәрбиеленеді. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілігі 

жағынан жетілуі оның рухани-адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. 

Жетілгендік  балалардың  дағдылы  және  күрделі  жағдайлардағы  адамгершілік  мінез-

құлқының 

тұрақтылығынан, 

мінез-құлқының 

ересектер 

бақылауынан 

біршама 

тәуелсіздігінен өз әрекеттерінің адамгершілік тұрғыдан қандай болатынын болжап білуден, 

өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Рухани-адамгершіліктің 

дамуы  —  тәрбие  жүйесінің  жемісі.  Бұл  жүйенің  жемісі-тәрбие  жұмысының  пәрменділігі 

екендігін  естен  шығармасақ  балаларды  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеуде  жақсы 

жетістіктермен оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп ой тұжырымдаймын.

 

Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің 



бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны 

орасан.  Бала  балабақшаға  қуана  келіп,  үйіне  қуанып  қайтуы  керек.  Балабақшада  жайлы, 

көңілді,  қызықты  болатынын,  достары  көп  екенін,  ал  үйде  оны  отбасы  жақсы  көретінін, 

үлкендердің  оны  асыға  тосып  отыратынын  сәби  сезсе  балабақша  мен  отбасы 

арақатынасының дұрыс жолда екендігі анық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет