«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет24/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134

Қолданылған әдебиеттер:   

1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел 

тілі. 2003, №2, бб.11-16. 

2.  Қуанбаева  Б.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде  жетілдірудің 

дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет. 

3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998. 

4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12. 

  

 



 

 

 



 

 

 



  

175 

 

175 



 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ САБАҚ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

Иманбаева Айжан Есенқызы 



Астана қаласы Гуманитарлық колледжі 

 

Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әр жақты дамыған, көпмәдениетті, 

шығармашыл,  әлеуметтік  бейімделген  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Оқушы 

қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл 

тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. 

Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен 

әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарып жатыр.  Демек, осы бағдарламаны іске 

асыру нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге, үздік білім 

беру  ресурстары  мен  технологияларына  қол  жеткізуге  кеңінен  жол  ашылып, 

коммуникативтік  және  кәсіптік  құзыреттілікті  дамыту  мүмкін  болып  жатыр.  Білім  беру 

адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін 

игеру,  дағды,  іскерлік,  сезім  және  ақылын  дамыту  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  нәтижесі 

болып табылады. Білімді адам  деп  – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін 

кей  кезде  оқығанын  қолдана  білетін  білімді  дұрыс  ойлай  алатын  жоғарғы  қасиетті  адам. 

Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім , іскерлік және 

дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік 

тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету. 

Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық 

рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің 

тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру, 

олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды 

қамтамасыз  ету,  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру. 

Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі    реформалар  мен 

сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені 

мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен 

жұмыс жасауына негіз болып жатыр. Олай  болса , білімнің сапалы да саналы түрде берілуі 

білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің,  зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты  болып 

келеді. Орыс педагогі К.Д.Ушенскиий айтқандай, қазіргі заман  талабына  сай, әр мұғалім, өз 

білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды, тиімді болары сөзсіз. Қазақстан Республикасының Білім  туралы Заңында « Білім 

беру  жүйесінің  басты  міндеті-  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 

бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 

шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделіп жатыр. Бұл  міндеттерді 

шешуде,  әрбір  орта  мектептің  бастауыш  сатысында  білім  беруде  оқу-тәрбие  үрдісін  жаңа 

технологияларға  сай  ұйымдастыру  әрбір  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы,  барлық 

жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-

қатынасқа өту қажеттігі туындап жатыр. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім 

берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның 

пайда  болуына  ықпал  етіп  жатыр.  Бастауыш  мектепте  қазіргі  педагогикалық 

технологияларды  пайдаланудың  тиімділігі  оқушылардың  білімін  арттыруда,  іс-әрекетін 

дұрыс  ұйымдастыра  алуымен  байланысты  болып  келеді.  Педагогикалық  іс-әрекеттің  қыр-

сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, қазіргі 

педагогикалық  технологияларды    пайдалануда  оқушы  білімін  арттыру,  қызығушылығын 

қалыптастыру, бастауыш мектеп оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық 


176 

 

176 



 

ғалымдар - Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керімов, Б. Әбдікәрімұлы, М. А. Құдайқұлов, 

А.  Е.  Әбілқасымова,  М.  Ж.  Жадрина,  Г.  Ж.  Меңлібекова,  Б.  С.  Имандосова  және  т.б. 

еңбектерінде  қарастырған.Оқу-тәрбие  үдерісін  жетілдіру  мақсатында  педагогикалық 

технологияларды ұсынған Н.П.Гузиктің, В.М. Монаховтың, Ф. Шаталовтың, Т.Галиевтың, 

Л.Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері 

біздің  зерттеу  жұмысымызда  басшылыққа  алынып  жатыр.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ұрпақ 

тәрбиесімен  айналысатын  әлеуметтік-  педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,  оны 

жаңа  сапада  ұйымдастыру  қызметтігі  туындап  жатыр.  Бұл  үшін  мұғалімдердің 

инновациялық  іс  -  әрекеттің  ғылыми  –  педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіліп 

жатыр.  Сондықтан  мұғалімнің  біліктілігін  көтеру  мен  шығармашылық  педагогикалық 

әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. 

Ұрпақ – ұлт болашағы, сол үшін де ұрпақ үшін істелер әрбір істің мінсіз болмағы бар 

адамзатқа керек. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға 

апаратын  күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болмасын  өсіп  өркендеуі,  өркениетті  дүниеде 

өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. 

Қазіргі  кезеңде  егеменді  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  тарихы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 

өзгерістерге  байланысты  болып  отыр,  себебі,  білім  беру  жүйесі  өзгерді,  білім  берудің 

мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болып жатыр. Ал, сол жаңа 

жүйенің бәрін бойына сіңіріп, жас ұрпақтың санасына білім нұрын құйып жүрген ұстаздар 

қауымы.  

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі  – оқытудың әдіс-

тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеру 

Педагогиялық  технологиядағы  басты  міндет  –  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін 

жандандыра  отырып,  алға  қойған  мақсатқа  толық  жету.  Білім  негізінен  пән  арқылы 

берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең 

маңызды  мәселе  болып  келгені  даусыз..Технология  мен  әдістеменің мақсаты  бір  –  «қалай 

оқыту мәселелерін  қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны 

табатын  өнер»  деп  Ж.Аймауытов  айтқандай  бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа 

технологияларды  пайдалану  тәжірибеге  еніп,  нәтижелер  беріп  жатыр.  .Бұлар  оқушының 

жеке  қасиетін  аша  отырып,  азамат  етіп  тәрбиелеумен  қатар  оқушының  танымдық  күшін 

қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап жатыр. 

Ұстаз  үшін  ең  басты  мәселе  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау.  Жаңа  педагогикалық 

технологиялар  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып,  шығармашылық  ойынының 

дамуында  басты  рөл  атқарады.  Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік, 

кәсіптік,адамгершілік,  рухани,  азаматттық  және  де  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін  –  өзі  дамытып,  оқу  –  тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектесіп жатыр. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз 

бола  алады»  деген  В.Сухомлинскийдің  сөзін  оқытушының  талмай  ізденген  еңбегінің 

нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір 

оқушыға  сапалы  және  терең  білім  беруіне  жағдай  жасап  отыр.  Оқытушы  баяндайды, 

әңгімелейді,түсіндіреді,  ал  оқушы  тыңдайды,қабылдайды,ойлайды  т.б,  таным  әрекетерін 

жасап жатыр. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылып жатыр. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  –  өз  алдына  сұрақтарға  жауап  іздеп,  жан-жақты  пікірлесу,  талдау 

жасап отыру,яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту,ой шақыру, ойын жеткізу 

оны  дәлелдей  алу.  Сонымен  қатар  қасындағы  оқушының  пікірінтыңдау,сол  пікірлерді 

салыстыру.  Бұл  технологияның негізгі  ұстанымдар:  әлсін  –әлі  қайталау,  міндетті  кезеңдік 

бақылау,  тіректерді  пайдалану,  келіспеушіліктің  болмауы,  оқушының  жетісіктерінің 

жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге 

жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес 

болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім 



177 

 

177 



 

қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі 

үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.    

«Қызығушылығын  ояту»  кезеңінде  алдыңғы  өткен  тақырыпты  тексеру  мақсатында  

тест  жұмыстарын  өткізу  арқылы  оқушы  білім  деңгейін  қадағалап,  жаңа  сабақты  бастар 

алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. 

Сабақтың  қай  құрылымында  болмасын  осындай  стратегияларды  қолданғанда  «Мен  не 

ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген     сұрақтарды есінен шығармауы керек. 

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап  оны 

«Куббизм» стратегиясы    арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. 

Дайындаған  сұрақтарға  оқушылар  өз  ойларын  білдіріп  жауап  береді.  Бұл  технологияның 

келесі  бір  кезеңі  –  ой  толғаныс.Мұнда  «Венн»  диаграммасын    қолдану  арқылы 

тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде    пікір-

сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік 

көзқарасын  қалыптастыру.  Эссе  жазғанда  сабаққа  қабілеті  төмен  деген  оқушылардың  5-6 

сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. 

Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып 

материалдарын  оқып  үйренуде,  олардың  әртүрлі  ізденушілік  бағыттағы  тапсырмаларды 

орындауларынан  байқауға  болады..  Оқытудың  осындай  жаңа  әдіс-тәсілдерін  пайдалануда 

мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі. 

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында 

әлемдік  сапа  деңгейіндегі  білім  ,  білік    негіздерін    меңгеруіне  ықпал  ететін  жанаша  білім 

мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе болып жатыр . Бүгінгі орта білім 

беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені, бізді дамудың жаңа 

кезеңі күтіп тұр. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан 

мәнін  жоғалтпайды.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  Заңында»:  «Білім  беру 

жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық,  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп 

көрсетілген.Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  барысында  білім  ордаларында  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі  мақсатын  айқындап  алуда,  яғни 

«берілген  үлгі  бойынша  өнім  алу»,  оқытудың  тиімділігін,  сапасын  көтеру.  Оқыту 

технологиясы  білім  берудің  тиімді  жолдарын  зерттейтін  ғылым  ретінде  оқыту  үрдісінде 

қолданылатын тәсілдер,  принциптер  мен  айқындаушы  жүйе,  нақты  оқыту  процесі  ретінде 

сипатталып жатыр. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы 

алдында  білім  берудің  философиялық  негіздеріне,  білім  жүйесінің  стратегиялық 

бағыттарына,  мақсаты  мен  мазмұнына,  оны  орындаудың  әдіс-тәсілдеріне  деген  жаңа 

көзқарастар  қалыптасып  жатыр.  Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа 

қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таң-

дауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр.  

Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа  технологияны жоспарлы түрде енгізіп, 

жүйелік  интегралды  өткізу  немесе  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазіргі 

замандағы    технология  әрбір  тұлғаның  білім  алу  үдерісінде  шығармашылық  қабілетін 

дамытуға айқын мүмкіндіктер беріп жатыр. Дәл осы жаңа  технология мен әрбір тұлғаның 

өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу 

бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің 

біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды 

дидактикалық  қасиеті  негізінде  тұлғаның  оқу  үдерісінде  танымдық  қызметін  тиімді 

ұйымдастыру  арқылы  жаңа  білім  алу  технологиясын  түбегейлі  өзгертуді  тығыз 

байланыстырды. 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасында бiртұтас 

бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа 

ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi 

әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк беріп жатыр. 


178 

 

178 



 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi: 

–  ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 

–    бiлiм  берудi  ақпараттандыру  бойынша  практикалық  шараларды  анықтап,  жүзеге 

асыру; 

–    оқу-тәрбие  үдерісіне  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгiзудi  қамтамасыз  ету 



бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу; 

– пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-

әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен 

жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру; 

–  бiлiм  беру  мекемелерiнiң  қызметкерлерi  үшiн  бағдарламалық-техникалық 

құралдарды  қамтамасыз  ету  және  мультимедиялық  бағдарламаларды,  электрондық 

оқулықтарды жасақтау

– педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана 

бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру. 

Білім беруді  ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру  – 

бүгінгі  күннің  негізгі  міндеттерінің  бірі.  Педагог  мамандардың  біліктілігін  көтеруді  ақ-

параттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық 

технологияны өз қызметтеріне пайдалану , педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, 

ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру 

мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап 

ізделіп жатыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, 

тәжірибелік  қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  іскер  мұғалім  қажет 

екендігі  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Қазір  заман  да,  қоғам  да  өзгерген.  Бүгінгі  балалардың 

мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – 

өзінің  болашағына  тиімділік  тұрғысынан  қарайтын,  іскерлікке  бейім,  жоғары  талап  қоя 

білетін адамдар. 

Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, 

теориялық,  нормативтік  –  құқықтық,  психологиялық  –  педагогикалық,  дидактикалық 

әдістемелік  тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық  компьютерлік  технология  құралдарының 

мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген  ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан  маман  болуын 

талап етіп отыр. 

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы 

саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. 

Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады. 

Олай  болса  барлық  сабақтарды  компьютердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену  –  бүгінгі 

күннің  кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселелерінің  бірі.  Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру 

дегеніміз  –  берілетін  білім  сапасын  көтеруді  жүзеге  асыруға  бағытталған  процесс,  яғни 

еліміздің ұлттық  білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі  технологияларды тиімді  жаңа 

комплекстік  технологияларына  алмастыру,  оларды  сүйемелдеу  және  дамыту  болып 

табылады.  Электрондық  есептеуіш  технологиясымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында 

компьютерді  пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті 

құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламасына 

негізделіп  жатыр.  Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс 

құралдарын  пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді.  Интерактивті  тақтаның 

мүмкіндіктері  мұғалімдерге  баланы  оқытуда  бейне  және  ойын  бағдарламаларын  тиімді 

пайдалануға мүмкіндік беріп жатыр. 

Қазіргі  білім  беру  жүйесі  ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік 

коммуникацияларды  белсенді  қолданып  жатыр.  Әсіресе  қашықтан  оқыту  жүйесі  жедел 

қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты 

компьютер  техникасымен  қамтылуы,  оқу  пәндерінің  барлық  бағыттыры  бойынша 

электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. 


179 

 

179 



 

Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, 

графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің 

бағдарламасы  бойынша  алатын  жаңалықтарды  іске  асыруға  көп  көмегін  тигізіп  жатыр. 

Электрондық  оқулықтарды  қарапайым  оқулықтарға  қарағанда  пайдалану  ыңғайлы  және 

оларда  өзін  –  өзі  тексеру  жүйесі  бар.  Осы  электрондық  оқулықтың  артықшылығы  болып 

табылады.  Сондықтан,  өзін  –  өзі  тексеру  жүйесі  оқушы  мен  оқытушының  арасындағы 

байланысын алмастырады. 

Электрондық  оқулықтарды  пайдалану  оқушылардың,  танымдық  белсенділігін 

арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек 

етуіне жағдай жасап жатыр. 

Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе 

оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі 

ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. 

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа 

оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасап жатыр. 

Оқыту  процесінде  компьютерге  негізделген  жеке  әдістемелер  оқу  мақсаттары  мен 

жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. 

Осылайша  жаңа  технологиялардың  дамуы  жаңа  әдіс-тәсілдердің  пайда  болуына 

көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады. 

Бұл  технологияның  өзектілігі  қоғамның  ақпараттандыру  жылдамдығының  артуымен 

сипатталып  жатыр.  Әр  түрлі  пән  сабақтарында  жаңа    технологияны  пайдалану  білім 

мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру 

мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленіп жатыр. 

Соңғы  кезеңде  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылым  мен  практика  түбегейлі 

өзгерістерге  ұшырауда.  Соның  ішінде  оқыту  үрдісі  ақпараттық  –  коммуникациялық 

жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына 

сай  білгір,  уақытты  үнемдей  алатын  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталып  жатыр.  Қазіргі 

оқыту  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологиялар  кеңінен  енуде.  Оқушыны  пәнге 

қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра 

алатын,  өзіндік  пікірі  бар,  қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі  қарама-қайшылықтарды  түсіне 

білетін,  еркін    сөйлеп,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ұрпақ  тәрбиелеуде 

сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз  – оқушы болса, онда 

барлығымыздың  бағытымыз  бір,  бағдарымыз  байсалды  болмақ.  Әр  мұғалім  оқушыға 

көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны 

өз  ыңғайына,  пәніне  лайықтап  пайдалануы  тиіс.Мұғалім  шеберлігі  –  ізденіс  нәтижесі. 

Сондықтан,  орыстың    ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің  “Мұғалім  –  өзінің  білімін 

үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де 

жойылады”  –  деген  екен.  Бұл    “Ұстаз”  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын    салып  жол  тартқан 

көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі  ескерту.    Сабақты  тартымды  өткізіп, 

оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол 

үшін  тек  бір  технологиямен  шектеліп  қалмай,  әртүрлі  технологияның  элементтерін 

пайдалану керек.   

 «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік ж

үгін арқалап келеміз» деген Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі  ұстаз  қауымына  үлкен  тапсырыстарды  артып  отыр.  Еліміздің 

болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрініп 

жатыр. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи 

қабілетін  дамыту  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасай  отырып,  оны  жан-жақты  дамыту  керек. 

Қазіргі  білім  беру  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас  пайда  болып,  оқытудың  жаңа 

технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен 

еніп,  қолданудамыз.  Педагогикалық  технологияның  мәні:  тұлғаның  дамуы  мен  өзін-өзі 

дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны оқытушының, оқу мекемелері 

мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың 



180 

 

180 



 

озық  технологияларын  меңгеру  оқытушының  интел  лектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, 

өзін-өзі  дамытып,  оқу,  тәрбие  үдерісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі  деп  көрсетіп 

жатыр. 

Ұрпақ – ұлт болашағы, сол үшін де ұрпақ үшін істелер әрбір істің мінсіз болмағы бар 



адамзатқа керек. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға 

апаратын  күш  тек  білімде  ғана.  Қай  елдің  болмасын  өсіп  өркендеуі,  өркениетті  дүниеде 

өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. 

Қазіргі  кезеңде  егеменді  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика  тарихы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 

өзгерістерге  байланысты  болып  отыр,  себебі,  білім  беру  жүйесі  өзгерді,  білім  берудің 

мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болып жатыр. Ал, сол жаңа 

жүйенің бәрін бойына сіңіріп, жас ұрпақтың санасына білім нұрын құйып жүрген ұстаздар 

қауымы.  

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі  – оқытудың әдіс-

тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеру 

Педагогиялық  технологиядағы  басты  міндет  –  оқушының  оқу-танымдық  әрекетін 

жандандыра  отырып,  алға  қойған  мақсатқа  толық  жету.  Білім  негізінен  пән  арқылы 

берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең 

маңызды  мәселе  болып  келгені  даусыз..Технология  мен  әдістеменің мақсаты  бір  –  «қалай 

оқыту мәселелерін  қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны 

табатын  өнер»  деп  Ж.Аймауытов  айтқандай  бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа 

технологияларды  пайдалану  тәжірибеге  еніп,  нәтижелер  беріп  жатыр.  .Бұлар  оқушының 

жеке  қасиетін  аша  отырып,  азамат  етіп  тәрбиелеумен  қатар  оқушының  танымдық  күшін 

қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап жатыр. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет