«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ОЙНАЙ БІЛМЕГЕН, ОЙЛАЙ ДА БІЛМЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет98/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134

ОЙНАЙ БІЛМЕГЕН, ОЙЛАЙ ДА БІЛМЕЙДІ 

 

С.И.Ахметжанова, Л.Н.Баенишова 

 «Қуаныш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы 

 

  Қазақстан  Республикасының  Бiлiм  туралы  заңында:  «Бiлiм  беру  жүйесiнiң  басты 



мiндеттерiне:  бiлiм  бағдарламаларын  меңгеру  үшiн  жағдайлар  жасау  және  жеке  адамның 

шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр 

салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы 

парасатты байыту» деп атап көрсеткен.[1,3б] 

Осыған  байланысты  қоғам  алдына    баланың  жеке  басын  үйлесiмдi  дамытуға 

бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты 

тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. 

 Түзете-дамыта  оқыту    әр  түрлі  биологиялық,  әлеуметтік  себептердің  салдарынан 

(орталық  жүйке  жүйесінің  қызметінің  жетілмеуі,  соматикалық  әлсіздік,  ,  педагогикалық 

қараусыз) оқуда, бабақшаға  бейімделуде қиындық келтіретін балалар болады. 

Психикалық  дамуы  тежелген  балалармен  жүргізілетін  психологиялық  түзете-дамыту 

жұмыстарының принциптері: 

Баланың  жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. 

Шаршап кетпеуін қадағалау. 

      Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру. 

       Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару. 

      Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру. 

      Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. .[2,12б] 

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту-тәрбиелеу үдерісіндегі      міндеттер: 

1.     Дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту 

жолдары:дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге 

дейін дамыту; 

2.     Балалардың ой-өрісін дамыту; 

3.     Оқу қажеттілігін қалыптастыру; 

4.     Баланың әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру; 

5.     Баланы жан-жақты бақылау

6.    Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру.  

7.    Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту; 

8.    Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру; 

Балабақшаларда  оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге 

жету  үшiн  бақылаудан  тыс  қалмауы  қажет.Сонымен  бірге  әр  баланың  физиологиялық, 

психологиялық  жас  ерекшiлiктерiн  ескере  отырып,  сынып  жетекшісі,  психолог,  логопед, 

дефектолог  және  ата-ана  тығыз  байланыста  болып,  түзету  жұмыстары  тиімді  жүргізілген 

жағдайда  жұмысымыз  нәтижелі  болады    .  Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың 

ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға 

сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, 

пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады. [3,9б]  

Ойын — баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы.Оқу іс-әрекетінде  ойын 

мен  ойын  тәсілдерін  енгізу  оқуды  қызықты  етіп,  балалардың  сергек  болуына,  оқу 


721 

 

721 



 

материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. 

Ойын – балаға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, 

ТДО    балаларға  қолданылатын  ойындарға  олардың  дене  бітімінің  қалыптасуына  арналған 

ойындар,  қимыл  ойындары,  сөйлеу,  шешендігін,  тілін  дамыту    ойындарды  жатқызуға 

болады. 


Ойын терапиясы –күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне, өзіне, 

қоршаған  ортаға  қарым-қатынасын  өзгерту,  пәнге  қызығушылығын  арттыру,  іскерлік, 

белсенділік  және  сөздік  қоры  мен  тіл  байлығын  дамытудың  жолы,  тиімді  әдісі.          Ойын 

дегеніміз  -    ұшқын,  білімге  құштарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар  оты»  деуге 

болады.Баланың  қиялы  ойын  арқылы  шарықтайды,  әр  сабақта  ойын  түрлерін  орнымен 

қолданып,  оны  қызықты  ету  арқылы  жас  бүлдіршіндердің  білімге  деген  ынта-ықыласын, 

пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді. 

Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері: 

1.Білім беретін ойындар 

2.Тәрбиелейтін ойындар 

3.Дамытатын ойындар 

4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар 

5.Диагностикалық ойындар 

Баланы  оқуға  қызықтыру  және  дамыту  мақсатында,  қоршаған  ортамен  байланысын 

нығайту  үшін  күнделікті  сабақ  алдында  ашықтық,  сенімділік  деңгейін,  эмоционалдық 

еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. 

  Психологиялық  ойын-  жаттығулар  баланың  жан  дүниесінің,  рухани  жай-күйінің 

үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді.  Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін  анықтау 

үшін  қолданылады.  Адамдардың  бiр  бiрiмен  қарым  -қатынасы  өте  күрделi  процесс. 

Қоршаған  адамдармен  қарым-  қатынас  жасауда  қиындық  көретiн  балалар,  бiрiншiден 

ұжымға  бейiмделуiнде,  бiлiмдi  меңгеруiне  кедергi  болады.Сондықтан,баланы  оқуға 

қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ 

алдында,  ашықтық,  сенiмдiлiк  деңгейiн,  эмоционалдық  еркiндiктi,  топта  бiрауыздылық 

орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек. .[4,17б] 



 Психологиялық ойындар

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы 

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар . 

Есте қалған қызықты оқиға 

Топ  дөңгеленіп  отырып,  қатысушыларға  доп  беріледі.  Допты  бір-біріне  кезектесіп 

беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. 

Мен саған сенемін 

Әуен  ойнап  тұрады.  Жұп  құрып,  бір-  бірінің  көздеріне  қарап  отырады.  «Мен  саған 

сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың. 

«Сиқырлы сөздер» ойыны 

Тәрбиеші кез-келген өтінішті айтады, ал бала оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: 

Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »  

Дамыту  ойындары  –баланың  танымдық  және  ерік-эмоциялар  сферасын  дамытуға 

бағытталған іс-әрекет. 

 Дамыту  ойындардың  маңыздылығы  оқушылардың  ынта-  ықыласын  есепке  ала 

отырып,  оқуды  қызықты  етіп,  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру.  Дамыту  ойындарға 

қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту. 

Танымдық ойындардың  да  түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, 

викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б.   Танымдық 

ойындар  жас  ерекшеліктеріне  қарай  күрделене  түседі.  Адам  бойындағы  қызығушылығын, 

қабілеттерін  арттыруға,  білімін  шыңдауда  танымдық  ойындардың  алар  орны 

ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. 


722 

 

722 



 

Саусақ ойыны -ұрпақтан ұрпаққа  жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар 

мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар 

мен  құбылыстарды,  жан-  жануарларды,  құстарды,  ағаштарды  т.б  көптеген  бейнелерді 

бейнелей алады.  

    Ал  тіл  кемістігі  кездесетін  балалардың  жалпы  қимылдары,  соның  ішінде  бұлшық 

етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 

    Сөйлеу  тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғалуларының  дамуы  қол  саусақтарының  нәзік 

қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық 

жетілдіру, түзету — тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. 

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні 

байланыстыратын  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл  қазынамыз,  өнеріміз.  Сондықтан  оны 

үйренудің,  күнделікті  өмірде  пайдаланудың  пайдасы  орасан  зор.  Ойын  баланың  алдынан 

өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. 

Ойын  сан  ғасырлар  өтсе  де  адамзат  баласына  ақыл-ой  жетекшісі,  денсаулық  кепілі,  өмір 

тынысы болып қала береді. 



Дидактикалық  ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты 

немесе  өткен  материалды  берік  меңгерту  болып  табылады.  Дидактикалық  ойындар 

барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау,  ойлау, сөйлеу процестері дамып, 

заттарды  пішініне,  көлеміне  қарай  іріктеуге  әр  түрлі  қимылдарды  орындауға  үйренеді. 

Оқушылардың  қызығушылықтарын  туғызатын,  ойын  әрекетінің  ең  негізгі  түрінің  бірі-

дидактикалық ойындар .   

Оқыту 

тәжірибесінде 



дидактикалық 

ойындардың 

бірнеше 

түрі 


қалыптасқан.Атап    айтқанда,  түзете-дамыта  оқыту    төмендегі  ойын  түрлері  жиі 

пайданылады. «Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді   толтыр», 

«Қызықты  торкөз»,  «Сөйлем  қуаласпақ»,  «Тыныс  белгісін  тап»,  «Екі-екіден  жұпта»,  «Кім 

тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан,тап», «Кім шапшаң?»,  «Қай дыбыстан басталады», 

«Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». 

Сюжеттік-рөлдік ойын -  бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе 

эмоционалдық  жақтарын  меңгеру  ниетінде  алдын-ала  бөлінген  рөлдер  арқылы  қатысушы 

топтардың сахналап ойнауы. 

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка 

арқылы  (тақтада,  қағаз  парақтарда  және  т.б.)  тапсырма  алады,  рөлдерді  бөледі,  жағдайды 

ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Тәрбиеші балалардың мінез-құлқын ескере 

отырып рөлді өздері бөледі.[5,6б] 

Түзете-дамыта  оқыту    сергіту  ойындарын  өткізудің  маңызы  зор.  Олар  -

оқушылардың   шаршамауына,демалуына  әсер етеді. 

  Ойын-балалардың  оқуға  деген  ынтасын  арттыратын  құрал.Оларды  жалықтырмай  әр 

түрлі ойын ұйымдастыру арқылы біз қызықты өткізуге тырысамыз. 

      Тәрбиеші  балаларға  түзете  оқу-тәрбие  үрдісінде    түрлі  ойындарды  пайдаланып, 

олардың  танымдық  белсенділігін  арттыратындай  тапсырмалар  беріп  отырса,  онда 

балалардың ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытып, 

психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге 

болады. 


 

   Әдебиеттер: 

 1.Қазенова Г Ойын арқылы оқыту. //Бастауыш метеп, 2001, №4 12-13б. 

 2.Подласый И.П. Педагогика. Москва, 2002. 

3. Қайыпова Ш. Танымдық белсенділік тәсілдері. // Қазақстан мектебі, 2005, №2, 32-34бет. 

4.Исаев С., Мұқышева М. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. , Алматы, Атамұра, 2002, 

112бет. 


5.Жұмабаева А.Е.Әбдрахманова Ж.Қ. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім 

723 

 

723 



 

беретін 3-сыныбына арналған. – Алматы, Атамұра, 1999, 88 бет. 

 

 

ОЙЫН – ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 

ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

ҚМҚК «Алпамыс» балабақшасы 

Тәрбиешісі Абильжанова А.С. 

 

       Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-әрекеті.    Сұлтанмахмұт 



Торайғыров  «Балалықтың  қанына  ойын  азық»  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын  үстінде 

баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен 

түріне  қарай:  мазмұнды-бейнелі,  қимыл-қозғалыс,  дидактикалық,  құрылыс,  кейіптендіру 

ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп 

жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау 

үшін  еңбектенеді,  ал  еңбек  ұжымдық  іс-әрекетке  біріктіреді  және  шығармашылық  іс-

әрекетке  бағдарлайды,  балалардың  өзара  қарым-қатынасын  реттеп,  олардың  бойында 

адамгершілік сапаларды қалыптастырады. 

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін 

жаңа  педагогикалық  технологияны  тиімді  пайдалану  қажет,  себебі  жаңа  технологияларды 

қолдану  мұғалімдер  мен  оқушылардың  мүмкіндіктерін  кеңейтіп,  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырады.  Сондықтан  қазіргі  педагогика  ғылымы  –  баланың  тұлғалық 

дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. 

Сол  технологиялардың  бірі  –  ойын  технологиясы.  Педагогикалық  ойындар 

технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері 

мен  тәсілдерінің  жиыны.  Ойын  түріндегі  жұмыстар  сабақ  үстіндегі  қолайлы  деген 

жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Баланы 

тәрбиелеуде  ойын  технологиясының  берері  мол.  Ойын  кезінде  жеке  тұлғаның  өзін  –  өзі 

басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады. 

Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол 

ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі,  өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен 

байланысты.Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.Ол  өзін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік 

дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен  құлшынысы. 

Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту 

ісін  ұйымдастыру  жұмысында  ойын  сабағы  ең  негізгі  орын  алады.Тәрбиеші  бақылау, 

заттарды  қарау,  сурет  қарау,  жұмбақ  шешу  және  құрастыру,  саяхат,  ойын-сабақтарын 

ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және 

сабақ  мазмұнына  қарай  танымдық,  дамытушы  ойындарды,  тапсырмаларды  қолдану, 

балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны 

танып  білуге  үйретеді.  Сөйтіп  бала  топтағы  жасына  сәйкес  бағдарламалық  міндетті 

меңгереді.  Ойын  ұйымдастыруда  тәрбиеші  өзі  жетекші  бола  отырып,  балаларды  ойнай 

білуге,  ойын  ережесін  сақтауға,  әрі  оларды  ойната  отырып,  ойлануға  бағыттайды,  заттың 

атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, 

қиялын  дамытады.  Сонымен  қатар  ойын  барысында  бала  үлкендермен,  өз  құрбыларымен 

қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-

тапсырмаларды  таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас  және  жеке  ерекшелігін  ескерген 

жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп 

өткізуіне  болады.  Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,  табиғи  заттарды  қолдану 

арқылы  өті  леді.  Мысалы:  «Дәл  осындайды  тауып  ал»,  «Салыстыр  да,  атын  ата»,  «Қай 

ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті 

ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», 

«Қандай  затқа  ұқсайды?»,  «Қай  сурет  тығылды?»,  «Бір  сөзбен  ата»,  «Кім  байқағыш», 



724 

 

724 



 

«Қиылған  суреттер»,  «Ұқсасын  тап»,  «4-ші  не  артық?»,  «Есіңде  сақта».  Ал  сөздік  ойын 

арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды 

сөйлеуге  үйренеді.  Мысалы:  «Сөз  ойла»,  «Сөз  құра»,  «Жұмбақ  ойла»,  «Жақсы-жаман», 

«Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына 

ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», 

«Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды 

да  пайдаланып  отыру  өз  нәтижесін  берді.  Бұл  аталған  жаттығу,  тапсырмалар  балалардың 

сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 

Жалпы  ойынды  ұйымдастыру  ойынды  өткізуге  әзірлік,  ойынды  өткізу,  ойынды  талдау 

сияқты  үш  бағытты  қамтиды.  Ойынға  қажетті  құрал,  заттарды  даярлау  ойынды  өткізуге 

әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып 

табылады. 

Мектепалды  даярлық  сыныптарында  сабақтың  өн бойы  ойын  әрекерін  ұйымдастыру 

арқылы  жүзеге  асады.  Себебі,  5  –  6  жасар  бала  сабақ  оқығаннан  гөрі  ойын  ойнағанды 

қалайды,  зейіні  тұрақсыз,  бір  іспен  ұзақ  уақыт  шуғылдана  алмайды.  Бала  ойынмен  өседі. 

Ойында  баланың  қарым  –  қатынасы  кеңейіп,таным  қабілеті  өседі,  мінез  –  құлық 

қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, 

мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған 

адамның дүниетанымы кең, жаны таза,жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. 

В.А.Сухомлинский  «Ойынсыз  ақыл  ойдың  қалыпты  дамуы  жоқ  және  олай  болуы 

мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспеттес,  ол  арқылы  баланың 

рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын 

дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген. 

Ойындарды  әрбір  сабақта  түрлендіріп  қолдануға  болады,  көрнекіліктер  тартымды 

болса  балалар  қызыға  қатысады.  Оқу  процесін  ширатады,  баланың  оқуға  деген  ынтасын 

арттырады,  сабақ  қызықты  өтеді.  Ойын  белгілі  бір  қабілеттерінің  қосындысы,  оны  былай 

көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял. 

Зейін 

Қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. 



Ол  нақты  қасиеттерге  ие:  көлемі,  тұрақтылығы,  шоғырлануы,  таңдамалылығы,  бөлінуі, 

алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез – құлқы 

мен іс – әрекетіне ауытқушылықтар болады.  Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған, бала бір 

уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы жеткіліксіз, тағы 

басқа ауытқулар. 

Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет. 

Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс: 

Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды қолдану. 

Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыру жаттығуларын қолдану. 

Қабылдау 

Қоршаған  әлем  туралы  ақпараттың  шамамен  80%-н  бала  көру  арқылы  қабылдайды. 

Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Балаларда 

барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде сезімталдық түрлері 

дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі балаларға объектінің 

қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және 

арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. 

Ес 

Мектепалды  даярлы  кезең  есте  сақтау  және  қайта  жаңғырту  қабілеттерін  дамытуды 



күшейтумен сипатталады. Ес мектепалды даярлық жастағы балаларда ырықты сипат түрінде 

болады.  Балалар  өз  алдарына  есте  сақтау  міндетін  қоя  алмайды  және  ересектер  мұндай 

тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы 

болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты 



725 

 

725 



 

жақсы  есте  сақтайды.  Есті  дамыту  және  ынталандыру  арнайы  жаттығулар  мен  ойындар 

ықпал етеді. 

Ойлау 


Баланың  ойлауы  –  ересектердің  ойлануынан  ерекшеленетін  басты  күрделі  процесс. 

Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады: 

1-Кезең. Көрнекілік – әрекетті ойлау. Бала өз іс – әрекетіне қарапайым тапсырмаларды 

орындайды  –  айналдырады,  тартады,  ашады,  басады.  Іс  жүзінде  ол  себеп  –  салдар 

байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі. 

2-Кезең.  Көрнекілік  –  бейнелі  (Нақты  –  заттық)  ойлау.  Бұл  кезеңде  балаға  қолымен 

әрекет  жасаудың  қажеті  жоқ,  ол  егер  қандай  да  бір  әрекет  жасаса,  не  болатынын  бейнелі 

(көрнекілі) елестетуге қабілетті. 

3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі — логикалық)ойлау. Балалар үшін ең кұрделі 

–  ойлау  процесі.  Мұнда  бала  нақты  бейнелермен  емес,  керісінше,  кұрделі  анық 

түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды. 

Қиял 


Мектепалды  даярлық  жастағы  кезеңде  қиял  функциялары  аса  белсенді  дамуымен 

ерекшеленеді.  Ол  балаларға  ертегідегі  бейнелер  мен  оқиғаларды  шынайы  қабылдауға 

мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез келген формасы сияқты фантазияны дамытудың 

позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді 

қиялданумен  ауыстырып  алмай  тұрғанда,  қоршаған  ортаны  жақсы  тануға,  жеке  тұлғаның 

өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек. 

 

Қорытынды: 



Қорытындылай  келе,  балалардың  белсенді  іс  –  әрекеті  дамытудағы  ойындар, 

жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың бастамашылығын, 

байқампаздығын,  белсенділігін,  даралығын,  дарындылығын,  қабілетін,  шығармашылығын 

дамыта отырып бала бойына құзырлылықтарың қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, 

сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу. 

Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жағымды қарым – қатынаста, ұйымдаса ойнауға, 

өзгенің  пікірімен  санасуға,  тәртіпті  болуға,  жеке  өз  бетінше  әрекет  етуге,  емін  –  еркін 

демалуға тәрбиеленеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



Тіл дамыту әдістемелік құрал. Алматы кітап 2008 

2.    К.С.Құдайбергенова  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі:әдіснамасы  және 

ғылыми теориялық негізі. А.,2008. 

3.   Б.Р.Аймағанбетова, А.А.Бейсенбаева. Жеке адамның дамуы. Алматы 2010ж. 

Жас  ерекшеліктеп  педагогикасы.  Қ.Р.Б.және  ғылым  министірлігі  С.А.  Мусаева,  Т.Б. 

Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана-2012 

Мектепалды даярлық №2 2011 

Қ.Р.Б.және  ғылым  министірлігі  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  республикалық 

орталығы «Ойнайық та, ойлайық» 

 

 



ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

 

Менисова Женисгуль Бирликкызы 



жоғарғы білімді, ІІ -санатты  КМҚК  №150 «Таңшолпан» балақшасының әдіскері 

 

Мақсаты:  

Балаларға   ойын  элементтерін  үйрету  арқылы, ойөрісін  дамыту.   Жаңа  технология э

лементтерін  пайдалана  отырып,  балаларды  адамгершілікке,  инабаттылыққа  тәрбиелеу. 


726 

 

726 



 

Баланың    ойын    ұштай    түсіп,    ұстамдылыққа,    еңбектене    білуге    тәрбиелеу. 

Балалардың  сөздік  қорларын  молайту,  ойынға  деген  қызығушылығын  арттыру.     

Міндеттері: 

Балалардың 

дидактикалық    материалдарды    қалыптастыруда    ойлау    қабілеттерін    арттырып,    ақыл  – 

ойын 


 

дамыту; 


дидактикалық  материалды  түсіндіру  кезінде  күнделікті  өмірмен  байланыстыра  отырып,  тақ

ырыпқа 


 

сай 


 

тәрбиелеу; 

шығармашылықпен 

байланысты 

 

практикалық 



біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру,  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.    

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет