2. ‘‘Педагогикалық технология’’ ұғымына жалпы түсінік
Қазіргі кезде Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесі, технологиясы қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Бұған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени факторлар әсерін тигізеді. Мектепті бұл тоқыраудан шығарудың жолы сол халыктың өмір сүру жағдайын сапалы, жаңа биікке көтеру деген сөз. Сонымен қатар мектептің және білім беру жүйесінің аса үлкен жалпы әлемдік сипатта болуы.
«Технология» гректің өнер, шеберлік, кез-келген қызметте затқа ықпал ету іскерлігі, бұнда техника белгіленген мақсатқа тез жетуде көмектесетін жолдар, тәсілдер мен амалдар ұғымынан шығып отыр. Осыдан, технология өндірістік үрдістерінің нақты логикасы, берілген параметрдегі бір нәрсенің өнімдерін жасауды қаматамасыз ету. Технология өндірістік үрдіс ретінде өзара байланысқан элементтер жүйесінен тұрады: мақсат — мазмұны — амал және іс-қимыл — нәтиже. Барлық үрдістік компоненттердің жиынтығы, оның қатал логикалық жүйелігі берілген параметрлердің қажет өнімдерін шығаруға қаншалықты кепіл береді. Технологиялық үрдістерді шешуде релевантты мақсатымызға сәйкес технология деген, физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық заңдылықтарды зерттеп экономикалық жағынан пайдалы өндірістік үрдістердің анықтау мен ең тиімді пайдалану үшін жасалған ғылым да бар, яғни шикізатқа, материалға немесе жартылай өңделген өнімдерге ықпал жасайтын, өндірістің құралдарына сай ғылым.
Қазіргі кезде «технология» ұғымы былай түсіндіріледі. Ол максатқа сай қызметті реттеу мен ұйымдастыру операциялары мен құралдарының жиынтығы: 1) объектіні өзгерту үрдісінің логикасына сай; 2) бірізділікті белгілеу; 3) кеңістік-уақыт аралығына сәйкестік; 4) берілген техника негізінде. Технология қызметті алгоритмдейтіндіктен болған сон, ол бірдей есептерді шығару үшін көп пайдалануға болады. Ол функцоналды, өйткені:
• үрдістің барысын керек орнына бағыттап, реттейді;
• қызметті (іс-әрекетті) ереже, норма, стандартқа, шартқа сәйкес бақылайды;
• жағдайға сәйкес берілген нәтиженің (өнімнің) көрсеткіштеріне кепілдік жасайды;
• іс-әрекет үрдісінің ұтымдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен, технология — тәртіпті, ережені, норманы, операциялар тізбегі,
тыйым, жүзеге асыру кезеңдерін болжайды. Жоғарғы білім, мәдениет және бос уақыт технологиясын қазіргі коғамда, әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ адамдардың өзара іс-әрекет жасауы мен қарым-қатынасын, адамгершілік-этикалық мәселелерін шешуге ықпал жасайды. Кез келген әлеуметтік іс-әрекет технологизациялауға болады.
Сонымен бірге технологиялық емес іс-әрекет бар, ол энтропиялық сипатта болады:
• баскарылмайтын актілер мен операциялардан тұратын аффектілік жағдайдың нәтижесі ретінде іс-қимылдар; техниканы қолданбай немесе аяққы өнімді кұрудағы интенционалды емес қызмет.
Тар мағынада технологияны әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі жақтарының жекелеген қандайда бір өндіріске, ғылыми зерттеулерге. білімге, оқытуға т.б. аспектілерінде қолданады. Бұл ұғым шығармашылық қызметтің белгілі сферасындағы сол бөлшекті ережеге сай бағындыру.
Білім беру аясында «технология» ұғымы көп уакыт бойы қолданылмай келді, өйткені шығармашылық және психологиялық үрдістердің оқыту мен тәрбиелеу ретінде түсіндірілуге рұксат етілмейді деп есептелді. Бірақ Т.С. Назарованың айтуынша, С.Т. Шатский, А.А.Ухтомский, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев рефлексология бойынша педагогикалык зерттеулерінде алғашкы рет 20 жылдары атап өтілді. Сонымен бірге «педагогикалык техника» ұғымы қолданып, ол оку сабақтарын ұйымдастыруда тиімді және анық бағытта құралдар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде түсіндірілді. Сондай-ақ педагогикалық технологияға көрнекілік құралдарды қолдану, оқу және лабораториялық кұралдарды жасау іскерлігі жатады. Интеллектуалдық қабілетті дамыту немесе құндылық бағытты қалыптастыру технологиясын жасау әрекеттер катты мінге және дәлелсіз сынға тірелетін. Оқыту мен тәрбиелеудегі технологиялық көзқарас танымдық және басқа үрдістер мен қасиеттердін вульгаризациялау деп есептелді, яғни бір саты төмен, адамды машинамен теңестіруге әкелді.
Педагогикада «технология» ұғымын қолдануда ресми педагогикалық шеңберден қарсылық болған. Ең алғашқы рет «педагогикалық технология» ұғымы АҚШ-да еңгізілді және ол әртүрлі семантикалық түрлері бар: а) педагогикалық тәжірибеде психология жетістіктерін қолдану (Б.Ф.Скиннер); ә) бағдарламалық тәсілді жүйе түрінде қолдану, білім беру үрдісін зерттеу негізінде оку үрдісін жүзеге асыру мен бағалау; б) окытудың ең тиімді жолдарын анықтайтын жалпы дидактиканың бөлімі (Ч. Куписевич, Ф. Янушкевич); в) оку үрдісінің негізгі элементтерінің өзара іс-әрекет жүйесі (Н.Н.Орлов, Г.Л. Таукач, В.К. Лисовиченко); г) оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдері, құралдары және әдістерін қолдану теориясы, яғни қолданбалы дидактика (М.Ж. Арстанов, Ж.С. Хайдаров). Сонымен, «педагогикалық технология» ұғымын әр зерртеуші әр қалай түсінеді. Ол оның эволюцияда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. В.И.Боголюбовтың пікірінше, терминнің өзгеруіне — «білімдегі технологиядан» «білімнің технологиясына» қарай, содан сон «педагогикалық технологияға» кешу — оның мазмұнына өзгеруі сәйкес. Осыдан, оқыту технологиясы деп алғашқы уақыттарда оқу-тәрбие үрдісінде техникалық құралдарды, сонымен қатар багдарламалық оқытуды пайдалану деп танитын. Бұл «педагогикалық технология» деген ұғымын қарастырудағы бір аспектісі.