Азықтарды санитариялық-гигиеналық зерттеу жəне бағалау əдістері



бет2/3
Дата16.03.2023
өлшемі20,99 Kb.
#75012
1   2   3
Пішен жəне сабан. Пішен сынамасының үлгісі, сол сынама алынған бүкіл партияның сапасын қамтып көрсетуі қажет. Престелмеген шөптің əрбір 25 – тоннасынан жəне престелген шөптің əрбір 50 – тоннасынан кем дегенде 5кг-нан алынады. Престелмеген шөптің орташа үлгісін, бір партияның əртүрлі 20 жерінен алынған, əрқайсысы 200-250г болатындай бөлек байламдардан құрайды. Егер шөп жəне сабан сақталса, онда орташа үлгіге 3%-ін алады. Шөпті скирдтерге жинау кезінде оның орташа сынамасын скирдтің табанынан есептегенде 0,5 – 1м деңгейінің əртүрлі жерлерінен алады. Скирдтің жиналу деңгейіне қарай, кем дегенде 10 жерден 750 грамнан алады. Скирдтерде сақталған сабанның орташа сынамасын əрбір 15 тоннасынан 10кг-нан алады. Токсикомикологиялық анализге 100кг үлгі алады. Алынған сынамаларды брезентке жайып қояды да, өсімдіктердің сынып, қиқымдалуына жол бермей араластырады. Ірі азықтардың сынамаларының жалпы массасы 5кг-нан кем болмау керек. Жалпы шөп сынамасынан анализге кем дегенде 1кг сынаманы бөліп алады.
Сүрлем, пішендеме. Сүрлемнен орташа сынама алуды кем дегенде көмілгеннен бастап екі айдан кейін алады. Сүрлем сынамасын траншеяның бүйірінен 3,5м қашықтықтан алады. Траншеяның əр жерінен алынған жəне жақсылап араластырылған сүрлем массасынан 1кг-дай орташа сынаманы алып, герметик ыдысқа салады. Ыдысты сүрлеммен толықтай толтырады, қажет болса 1кг азыққа 5мл есеппен хлороформ жəне толуол қоспасымен (1:1) консервілеп қояды. Пішендемені консервация процесі аяқталған соң, кем дегенде, азықтандырудан 10 күн алдын зерттейді. Əр траншеядан кем дегенде екі сынама алады: біріншісін – траншеяның орта сызығының бойынан, бүйірден есептегенде 5-6м қашықтықтан алады. Зерттеу үшін алынған пішендеме сынамасы 0,5кг-нан кем болмау керек. Сынамаларды қиюластырылған қақпағы бар банкаларға немесе полиэтилен қапшықтарға салады. 2.3. Тамыртүйнек жемістілер.
Қойманың əр бөлігінен жəне əр түрлі деңгейінен 50кг шамасында тамыртүйнекжемістілерін алады. Тамыржемістілерді топырақтан тазалап, ірі, орташа жəне майда етіп сұрыптайды, əрқайсысын бөлек таразға тартып, салмақтары бойынша проценттік қатынастарын есептеп шығарады. Содан соң, осы тамыртүйнекжемістілердің партиясының орташа жағдайын көрсететіндей етіп, 6кг шамасында сынама үлгісін бөліп алады. Картопты қойманың əр жерінен үйіндінің биіктігі, екі жəне ұзындығы бойынша ағаш немесе роликті күрекпен таңдап алады. Сынаманың массасы 3кг-нан кем болмау керек (60 тоннадан асатын партия үшін – 10кг-нан кем емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет