«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру



бет28/57
Дата22.09.2023
өлшемі497,49 Kb.
#109873
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
5.4.1.2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру
5.4.1.2.1. ҚМГ, ұлттық компания ретінде, ҚМГ-мен келісілген тиісті жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ЕҚжЕҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатыса алады.
5.4.1.2.2. ҚМГ компаниялар тобындағы ЕҚжЕҚ бойынша ішкі нормативтік құжаттарды (стандарттар, қағидалар, регламенттер мен рәсімдер) әзірлеу талаптары мен тәртібі ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының ішкі құжаттарымен айқындалған.
5.4.1.2.3. ҚМГ компаниялар тобында тәжірибе бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу жыл сайынғы және перспективалық жоспарларға (бағдарламаларға) сәйкес жүзеге асырылады.
5.4.1.2.4. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге қажетті тәжірибесі, сондай-ақ тиісті уәкілетті органның лицензиясы (аккредиттациясы) бар сырт ұйымдар орындаушылар ретінде тартылуы мүмкін.
5.4.1.2.5. ЕҚжЕҚ бойынша ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу тәртібі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та (KMG-PR-1.13-59) ИБЖ құжаттарын басқару қағидаларымен айқындалады.
5.4.1.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс қағаздарын жүргізу
5.4.1.3.1. ҚМГ компаниялар тобының іс қағаздарын жүргізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы іс қағаздарын жүргізу регламентіне (RG-6.13-8) сәйкес жүзеге асырылады.
5.4.1.4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс номенклатурасы
5.4.1.4.1. Іс қағаздарын тиісті түрде қалыптастыру мақсатында құжаттарды сақтау мерзімі бар істер тізімінің атауларын көрсете отырып, осы Стандартта (KMG-F-3674.1-13/ ST-3669.1-13) көрсетілген ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің үлгілік номенклатурасы бойынша істерді маңыздылығы бойынша сыныптау жүргізіледі.
5.4.1.4.2. Іс номенклатурасын құрудың негізі құжаттарды есепке алуды ұйымдастыру, жүйелеу, индекстеуді қолдану тәсілдерінің бірлігі, іс индекстерінің тұрақтылығы болып табылады.
5.4.1.4.3. Номенклатураға енгізілген әр істің қатаң белгіленген индексі болуы керек. Индекс құрылымдық бөлімшені белгілеуден және оның шегіндегі істің реттік нөмірінен тұрады. Біртекті істер үшін бірдей реттік нөмірлерді сақтау керек.
5.4.1.4.4. Құжаттарды топтастыру процесінде олардың ресімделуінің дұрыстығы, қолдардың, күні, индекстерінің, куәландыру қолдарының, "№ _ _ _ іске" деген белгілердің және т. б. болуы тексеріледі.
5.4.1.4.5. Құжаттардың істер ішінде орналасуы мәселелерді шешу, хронология, әліпби, индекстеу және т. б. тәртібінде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет