«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Қызметкер (жұмысшы персонал) жұмыс түрлері мен кәсібі бойынша нұсқаулықтардың талаптарын орындалуы үшін жауап береді, оның ішінде



бет25/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
5.2.3.8. Қызметкер (жұмысшы персонал) жұмыс түрлері мен кәсібі бойынша нұсқаулықтардың талаптарын орындалуы үшін жауап береді, оның ішінде:

1) міндетті алдын ала (жұмысқа орналасу кезінде) және мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексеруден (зерттеп-қараудан) өтеді;

2) жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытудан, жұмыс орнында тағылымдамадан өтуден және жұмыс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білім тексеруден өтеді;

3) бақылау және мониторинг жүргізуді жүзеге асырды, ауысым (жұмыс күні) басталар алдында өзінің жұмыс орнына тексеру жүргізеді;

4) жабдықтардың, айлабұйымдардың, құрал-саймандар мен аспаптардың ақаусыздығын бақылайды;

5) қоршаулардың, сақтандыру айлабұйымдарының, бұғаттау және сигнал беру құрылғыларының, жеке және топтық қорғау құралдарының болуын және жарамдылығын, өту жолдарының, өткелдердің, алаңдардың, баспалдақ құрылғыларының, сүйеніштердің жай-күйін, сондай-ақ олардың қоқыстанбауы мен үймеленбеуін тексереді;

6) анықталған кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) баяндайды және оның нұсқауы бойынша оларды жоюға қатысады;

7) жұмыс процесінде қызметкер:

- ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;

- өз жұмыс орнын тазалықта ұстау, ЖҚҚ, ЕҚжЕҚ қамтамасыз ететін ұжымдық қорғау құралдарын, құрылғыларды, бақылау және қауіпсіздік аспаптарын дұрыс және тек мақсаты бойынша пайдалану;

- еңбектің қауіпсіз тәсілдерін пайдалану, бұл ретте барлық талаптар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;

- басқа қызметкерлердің мінез-құлқына, олардың жеке қауіпсіздік шараларын орындауына назар аудару, оларға қауіпсіз еңбек тәсілдерін қолдану, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндірістік санитария талаптарын орындау қажеттілігі туралы еске салады;

- жабдықтың, құрал-сайманның, құрылғылардың барлық ақаулықтары, қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, авариялық жағдайлар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен аурулар (уланулар) туралы өзінің тікелей басшысына хабарлайды;

8) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті және авариялық жағдай туындаған жағдайда өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына дереу хабарлайды;

9) аварияларды жою жоспары бойынша, туындаған авариялық ахуалдың дамуын шектеу және оны жою бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

10) жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіні жарақаттайтын факторлардан босатады, оған алғашқы көмек көрсетеді және жедел медициналық көмек шақырады, өзінің тікелей басшысына немесе диспетчеріне хабарлайды;

11) өрт туындаған жағдайда кез келген байланыс құралдарының көмегімен немесе айналасындағы адамдар арқылы өрт күзетіне, объект басшысына хабарлайды және мүмкіндігіне қарай, өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру жөнінде шаралар қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет