5.3. ЖОСПАРЛАУ
5.3.1. Тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқару
5.3.1.1. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
5.3.1.1.1 Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына» сәйкес жүргізіледі және іс жүзінде жұмыс орындарында ЕҚжЕҚ бойынша тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқаруға арналған құрал болып табылады.
5.3.1.1.2. Жұмыс орындарын жағдай бойынша аттестаттау қызметкерлердің қатысуымен, бес жылда кемінде бір рет, сондай-ақ қайта жаңартылғаннан кейін, жаңғыртылғаннан кейін, жаңа техника немесе технология орнатылғаннан кейін өткізіледі.
5.3.1.1.3. Қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес ҚМГ компаниялар тобының ұйымдары жұмыс орындарына еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды қамтамасыз етеді.
5.3.1.1.4. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды заңнамалық талаптарға сәйкес аккредиттелген мамандандырылған зертханалар жүргізеді.
5.3.1.1.5. ҚМГ компаниялар тобының жұмыс орындарындағы барлық ұйымдары еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға жатады. Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау еңбек жағдайларының жай-күйін кешенді бағалауды, жұмыс орындарының жарақат қауіпсіздігін бағалауды және қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін есепке алуды қамтиды.
5.3.1.1.6. Еңбек жағдайларын бағалау (қатерлерді бағалау) өндірістік орта мен еңбек процесі факторларын өлшеу және кешенді талдау негізінде жүзеге асырылады.
5.3.1.1.7. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін айқындау, жарақаттануды бағалау және қызметкерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету үшін ұйымдарда көрсетілген өлшеулер мен жұмыс түрлерін жүргізуге белгіленген тәртіппен аккредиттелген мамандандырылған зертхана тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |