«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


Төтенше жағдайларға дайындық және оларға ден қою



бет53/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.5.4. Төтенше жағдайларға дайындық және оларға ден қою

5.5.4.1. Төтенше жағдайларға дайындық

5.5.4.1.1. ҚМГ компаниялар тобының ықтимал ТЖ-ға дайындығы және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін салдарды болдырмау немесе мүмкіндігінше барынша азайту және ҚМГ компаниялар тобы мен мүдделі тараптардың мүлкіне залалды азайту мақсатында, оларға ден қою «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында қызметтің үздіксіздігін басқару процесін ұйымдастыру қағидаларына (KMG-PR-3203.1-37) сәйкес қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

5.5.4.1.2. ҚМГ компаниялар тобының төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы келесі іс-қимылдармен қамтамасыз етіледі:

1) сәйкестендіру нәтижелерінің негізінде ықтимал апаттарды сәйкестендіру және тіркеу, қауіпті өндірістік объектілердегі ТЖ өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының және инженерлік-техникалық іс-шаралардың бөлімдерін, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу;

2) апаттарды немесе мұнайдың төгілуін жою жоспарларын, қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу және бекіту, оларға ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің денсаулығы мен мүлкіне теріс әсерді азайтуға бағытталған шараларды енгізу;

3) қызметкерлердің оқыту мен даярлықтан өту, ТЖ алдын алу, оқшаулау және олардың салдарын жою бойынша оқу-жаттығу сабақтарын немесе оқу дабылдарын өткізу жоспарлары мен кестелерінің болуы және орындалуы (өткізілген оқу-жаттығу сабақтары немесе оқу дабылдары бойынша ақпарат құжатталады және МЖ талдау кезінде пайдаланылады);

4) мүдделі тараптардың қызметкерлеріне штаттан тыс жағдайлар жағдайындағы іс-қимылдар туралы консультация беру (ақпараттандыру);

5) апаттарда болған қызметкерлердің іс-қимылдарын, олардың себептерін және іске асырылған түзету және алдын алу іс-қимылдарын талдау.

5.5.4.1.3. ТЖ алдын алуды және оларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі және қажетті ресурстар ҚМГ компаниялар тобының мынадай құжаттарында:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары;

2) қауіпті өндірістік объект қауіпсіздігінің негіздемелері негізінде жүзеге асырылады;

3) апаттарды немесе мұнайдың төгілуін жою жоспарлары және т. б.;

4) Технологиялық регламенттерде, технологиялық жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда, ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтарда және т. б. белгіленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет