2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді: а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)
б) туристік жорық кезінде кететін шығындар
в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)
г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны
д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар
3. Экономика теориясында «шекті» терминнің мағынасы: а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі
б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі
в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі
г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі
д) экономикалық шама өзгермейді
4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады: а) шекті шамалар динамикасын зерделеу
б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу
в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу
г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу
д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.
Әдістемелік нұсқаулар:Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиеттерден бастау керек. Дайындық барысында ең бастысы экономикалық мектептер мен бағыттарға көңіл бөлу, микроэкономиканың міндеттерін нақты анықтап алу. Одан кейін микроэкономикадағы түсініктерді, пәнін, әдісін, микроэкономика функцияларын, мақсаты мен міндеттерін оқып-үйрену; микроэкономикада қолданылатын ғылыми әдістердің мәнін түсіну.
ТАҚЫРЫП 2. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТЫ ТАЛДАУДЫҢ НЕГІЗІ СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ: Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу