Ќазтўтынуодаєы



бет17/29
Дата04.10.2022
өлшемі326,5 Kb.
#41319
түріНұсқаулар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Әдістемелік нұсқаулар: Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында бәсекелік қызметтер нарығы және оның сипаттамасы, бәсекелес фирмалардың бағаны қабылдау тәртібі,ұзақ мерзімді бәсекелік тепе-теңдік, ұзақ мерзімді пайданы максимизациялау және бәсеке атты сұрақтарға ерекше назар аудару керек.


ТАҚЫРЫП 6. ТАЗА МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІК
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН СҰРАҚТАР:
1. Нарықтық құрылым ретіндегі таза монополияның мәнін ашыңыз.
2. Монополияның қандай түрлері сізге белгілі? Монополиялық билік көздері қандай?
3. Қысқа мерзімді кезеңде монополист пайдасының өсу шарты қандай?
4. Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тепе-теңдігін сипаттаңыз.
5. Монополияның қоғамдық шығындары деген не?
6. Монополиялық билікті анықтау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?
7. Монополия қызметін реттеу мақсатымен мемлекет қандай шараларды қолданады?


ТЕСТІЛЕР
1. Ұзақ мерзімде монополист нағыз бәсекелеске қарағанда:
а) өз кәсіпорын көлемін өзгерте алмайды
б) саланы тастап кете алмайды
в) өндіріс көлемін өзгертеді
г) кәсіпорын көлемін өзгертуге мүдделі емес
д) басқа фирмалардың бәсекелестігінен қорғалған


2. Сақтандыру компаниясы автокөлік фирмасын сатып алды. Бұл қосылудың (бірігудің) қай түрі?
а) конгломераттық
б) көлденең
в) тік
г) бұл қосылу емес


3. Монополиялық өндіріс жағдайларындағы нарық билігін іске асыру деген, ол ...
а) монополист ең жоғары бағаны белгілеуі мүмкін
б) монополистің бағасы шекті табыстан асып түседі
в) монополист кепілді түрде жоғары пайда алады
г) монополист тұтынушылардың сұранысын ескермеуі де мүмкін
д) барлық жауаптар дұрыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет