Кіріспе Тамақтану



бет1/2
Дата17.04.2023
өлшемі52,74 Kb.
#83367
  1   2

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ


Тақырыбы:Функционалдық тағамның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Дайындаған:Ұзақбай Ұ.


Қабылдаған:Муратбекова Қ.
Алматы 2023

Жоспар:
Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім
2.1 Функционалды тамақтанудың тарихы
2.2 Функционалды тағамның сапасы;
2.3 Функционалды ингредиенттер және олардың адам тамақтануындағы рөлі
2.4 Функционалды тағамның қауіпсіздігі;
2.5 Функционалды тағамдарды сақтау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер





Кіріспе
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Қазіргі жағдайларда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Экология нашарлайды, ал соның нәтижесінде біздің денсаулығымыз бен күшіміз толық жойылады. Организмнің көбінесе, ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Ал, ауырып, күнделікті жарнама беттерінен түспейтін ең жаңа препараттарды іздей бастайды, сонымен, тамақ сияқты сенімді және тұрақты емдеу құралы туралы ұмытады. Күн сайын, белгілі бір көлемде және ара қатынаста организмге 70-ке жуық қоспа түсуі керек, олардың басым бөлігі организмде синтезделмейді және өмірлік қажетті болып табылады. Организмді осы азық-түлік заттарымен қолайлы жабдықтау түрлі тамақтану кезінде ғана мүмкін. Тамақтану режимі дегеніміз тамақ ішудің жиілігі, еселілігі және алмасуы. Тамақтану режимі азық-түлік заттарына және энергияны қажет ету сияқты жасқа, өндіріс ерекшеліктеріне байланысты түрін өзгертеді. Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Денсаулықты жақсарту үшін қолданылатын айырықша тағам өнімдері-функционалды өнімдер алғаш рет Жапонияда 1980-1985 жылдары пайда болды. 1955 жылы жапондықтар lactobacilli негізінде әзірленген алғашқы сүт өнімдерін ашытып сүт өнімдерін жасап шығарды, ал Жапонияның медицинада нормадағы ішек микрофлорасын сақтамай, сау организм мүмкін емес екенін түсінді. 29 жыл өткеннен кейін Жапонияда ұлттық жоба іске қосылды, оған сәйкес функционалдық тамақтану жүйесін құру басталды. 1989 жылы бұл ғылыми бағыт ресми түрде танылды және «функционалды тамақтану» термині ғылыми әдебиетте қолданыла бастады. Екі жылдан кейін функционалдық тамақтану жүйесі мемлекеттік деңгейде қалыптасты. Шамамен бір уақытта, өз денсаулығын сақтау үшін тұтынылатын өнімдердің концепциясы пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет