6. Ұзақ уақыт мерзімінде: а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.
7. Қысқа мерзім аралығында: а) барлық шығындар айнымалы болады;
ә) барлық шығындар тұрақты болады;
б) айнымалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі;
в) тұрақты шығындар айнымалы шығындарға қарағанда тез өседі.
ЕСЕПТЕР 1-есеп. «Мерей» фирмасы жиһаз шығарумен айналысады. Берілген кәсіпорынның бухгалтерлік шығындардың негізгі бөлшектерін атап көрсетіңіз. Бұл жағдай шығындардың қайсысында орын алады?
2-есеп.Үкімет заңды тұлғалардың мүлкінен алынатын салық көлемін көтерді деп жорамалдайық. Бәсекелестік фирмалар үшін орташа айнымалы, тұрақты және жалпы шығындардың мөлшері өзгере ме?
3-есеп. Киім тігумен айналысатын фирма үшін матаның бағасы көтерілуі оның тұрақты шығындарының мөлшеріне қалай әсер етеді? Бұл жағдайда шекті шығындардың мөлшері өзгере ме?
Әдістемелік нұсқаулар:Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Семинар сабағына дайындалу барысында қызметтер өндірісі және оның ерекшеліктері, қызметтер өндірісінің тұрақты және айнымалы (өзгермелі) факторларына, жалпы, орташа және шекті шығындарға, өндіріс ауқымын жоғарылату тиімділігі сияқты сұрақтарға ерекше назар аударған жөн.