ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №1 (36)



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата10.10.2022
өлшемі261,01 Kb.
#42190
  1   2   3   4   5   6


ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36) 
56
спецификой нарушений психической деятельности. Указанные действующие факторы, 
которые могут быть общими или различными для каждого отдельного человека, составляют 
в совокупности фон, на котором реализуется та или иная деятельность. При этом описанные 
факторы оказывают влияние как непосредственно на особенности системы ценностных 
ориентаций, так и на характер формирующих ее процессов, воздействуя на выбор 
психологических механизмов их реализации.
_________________________ 
1. Яницкий М.С. Ценностные ориентации личности как динамическая система. -. Кемерово: 
Кузбассвузиздат, 2000. – 204 с. 
2. Абульханова-Славская К.А. Стратегия жизни. М.: Мысль, 1991.- 299 с. 
3. Караковский В.А. Стать человеком. Общечеловеческие ценности – основа целостного учебно-
воспитательного процесса.-М.: Прогресс,1993. – 80 с. 
4. Абульханова-Славская К.А. Развитие личности в процессе жизнедеятельности. М.: Наука, 
1981. – 290 с. 
*** 
Студенттік жастадың құндылық бағдарлары əлеуметтену жəне əлеуметтік бейімделу процесінің 
барысында өмірлік тəжірибелермен қалыптасып жəне бекітілген тұлғаның ішкі құрылымының элементі болып 
табылады.
*** 
Valuе system of students is an element of inner personality structure, being formed and fixed by life experience, 
socialization and social adaptation. 
 
 
Н.С. Жұбаназарова, 
Б.Т. Абдрахманова 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫНА НАРЫҚТЫҚ
ЖАҒДАЙДЫҢ ƏСЕРІ 
 
Қазіргі күрделі əрі өзгермелі заманда құндылықтар жүйесінің алатын орны ерекше. 
Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың 
өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің 
барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады. 
Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарға 
бағдарлану болып табылады. Олар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың 
қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның 
əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады. 
Құндылық мəселесінің əртүрлі аспектілерін отандық ғалымдар зерттеген болатын. 
Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін
И.Д. Багаева, З.И. Васильева, Д.Ə. Нұрғалиева, жастардың құндылық бағдарын əлеуметтік 
тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов қарастырған. Қалыптасқан, тұрақты құндылықтар бағдар 
жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық 
жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, 
құндылықты бағдар тұлға мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске 
қосылады. Құндылық бағдарларының негізгі мазмұны – адамның саяси, философиялық 
(дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, 
мінез принциптері.
Құндылық бағдардың дамуы – тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, 
құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, 
орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен 
принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін 
аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық 
пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет пен мінездегі 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет