ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №1 (36)


ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36)



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата10.10.2022
өлшемі261,01 Kb.
#42190
1   2   3   4   5   6
ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36)
59
жүріс-тұрыс жатыр, нақтырақ айтқанда нарық экономикасының белгісі болып табылатын
ақша-тауар-ақша негізінде қалыптасатын адам эмоциясы, іс-əрекеті болып табылады. Бұл 
нарықтық-экономика аясында адам қажеттіліктерімен, оның құндылықтарымен, яғни мұнда 
нарықтық пайда көзделгендіктен, қажеттіліктер де шартты болып келеді, ұсыныс сұранысқа 
байланысты туындайды. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктері экономикалық 
ойлауымен ұштастырылады. 
Бүгінгі таңда нарықтық-экономикалық жүйелер өзара əрекетті. Сондықтан да қазіргі 
нарықтық-экономикалық жағдайда тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы ерекшеліктері 
жан-жақты талданып өз дəрежесінде жүзеге асуы мен қоғамдық салада зерттеу аса маңызды 
мəселе болып табылады. Тұлғаның құндылығы – индивидтің санасындағы қоғамдағы 
материалды жəне рухани құндылықтардың таңдаулы бейнесі ғана емес. Адамның киімі, 
оның заттары, үйі, оның отбасы, балалары, жалпы, У. Джеймс «материалды Мен» сферасына 
қосқанның барлығы, тұлғаның құндылықтары болуы мүмкін. Тұлғаның құндылығы сондай-
ақ топтың құндылығы сияқты қоғам құндылықтарының нақтысы болып табылады, бұл 
нақтылық тұлғаның əлеуметтік жүйедегі позициясынан жəне оның даму деңгейіне тəуелді 
болып келеді.
Жеке адамдық қызығулар мен құндылықтық бағдарлаудың қальптасуы көптеген 
факторлардың əсері арқылы болады: қоғам, мектеп, отбасы, микроортаның жақын айналасы 
тағы басқалар. Тұлғаның белсенділігі тек қана танымдық, еңбек, қарым-қатынас 
процестерінде, əрекеттің қоғамдық саяси аясында ғана емес, сонымен бірге өзінің өнегелі 
мəнділіктерін өзгерту процесінде қалыптасады. Өзіне қатысты ұстаным жеке адамдардың 
моральдық дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Осы деңгейлерді қарастырғанда 
адам үшін маңызды болатын құндылықтарын, олардың шығармашылық дайындығын 
осы құндылықтарды алмастыру арқылы өзгертуге болады. Тек өзіңе ғана емес басқалар үшін 
де жауапкершілікте болу жəне осы жауапкершіліктерді алып жүре білу деңгейі, жеке адамның 
индивидуалды əлеуметтік дамуын бейнелейтін əлеуметтік өзін-өзі бағалау жəне əлеуметтік 
өзіндік сана деңгейі, өзінің қылықтарының жəне басқа адамдардың қылықтарының бағалауы 
арқылы берілген өнегелі мотивация деңгейі, мінез-құлык тəсілдері, жеке адамдардың басқа 
адамдармен қарым-қатынасындағы əлеуметтік қажеттіліктеріне жəне қабілеттеріне 
бағыттылық деңгейі болып табылады. 
Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының 
индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес; индивид, тұлға құндылықтары 
ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері 
болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне 
аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың 
объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері 
болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған 
шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар 
функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге 
көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. 
Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар 
адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық 
шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады. 
Дəл осы кезде, екінші жағынан, құндылықтар іс-əрекет пен мінез-құлықтың мотиві 
секілді жаңа түрде шығуы, яғни адамның əлемдегі бағдары жəне нақты бір мақсаттарға жету 
үшін тырысуы қатал түрде тұлғалық құрылымға кіріп кеткен құндылықтармен өзара 
қатынастырылады. Сондықтан, құндылықтар адам мінез-құлығы мен іс-əрекеттің 
мақсатымен анықталатын жағдайды көрсетеді, тырысулар объектісін «құнды» секілді 
қарастырады. Олар шынайы өмірде ұнамды жəне ұнамсыз жақтарын табуға жəне өзінің 
мақсатқа бағытталған іс-əрекетін танылған жəне күтілетін жəйттер есебінен құруға 
көмектеседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет