ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы №1 (36)


ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36)



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.10.2022
өлшемі261,01 Kb.
#42190
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
505-1-714-1-10-20160411

ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы № 1 (36)
57
тұрақсыздықты туындатады. Құндылықты бағдардың мешеуленуі адамның селқостығы мен 
енжарлығына себепші болады.
Құндылық бағдар жүйесінің алғышартының реттеуші функциясының толыққанды 
қалыптасуы жасөспірімдік кезеңде тұрақталады. Л.И. Божович пікірінше «тек қана 
жасөспірімдік жаста ғана моральді əлемді ұғыну адамгершілікті идеалдар мен принциптер 
негізінде тұрақталады». Құндылықтық жүйенің шынайы нақты мағыналы түрде адам 
бойында болуы оның өмірдің мағынасын түсінгендігін көрсетеді. В. Франклдың пікірі 
бойынша дəл осы жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар өте көп 
кездеседі. Əртүрлі өмірлік мақсаттарды қоюға деген қажеттіліктің пайда болуы, өмірде өз 
орнын табу осы жастың айырқша ерекшелігі болып табылады. И.С.Конның зерттеуі 
бойынша жасөспірімдік кезге тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық 
мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылық бағдардың тұрақталуы тəн. 
Өмірлік жоспар бір уақытта əлеуметтік жəне этникалық құбылыс ретінде сипатқа ие болып, 
«кім боламын?», «қандай болу керек?» деген сұрақтармен шартталады. Жасөспірімдік 
кезеңде адамның өмірге деген жеке көзқарасы қалыптасып, ол ішкі автономды 
құндылықтардың туындауына себеп болады. Жасөспірімдік кезең құндылық бағдар 
жүйесінің қалыптасуындағы соңғы шешуші кезең болып табылады [1]. 
Л.И. Иванько: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормалар мен құндылықтар 
арасындағы айырмашылықтарды былайша ажыратуға болады. Құндылықтар көбінесе, 
адамның іс-əректінің бағыттылық жақтарына сəйкес келеді, ол нормалар сол іс-əректтердің 
жүзеге асуының амал-жолдарына байланыты. Нормативті жүйе құндылық жүйеге қарағанда 
адамның іс-əрекетін ерекше айқындайды, өйткені біріншіден, ол нормаларды ұстанды, 
екіншіден, нормалардың нақты бір жүйесі ішкі тұтастылыққа негізделеді: адам іс-əрекетінде 
оны толық жəне тұтастай бір мезгілде ұстанды»-дейді [2]. 
Сонымен, тұлғаның құндылықтар бағдарының психологиялық аспектісі оның ішкі 
əлемін зерттеуімен тығыз байланысты, қоғамдық мінез-құлық, өмірдің жəне мəдениеттің 
құндылықтарын ұғынуға жəне жаңғыртуға бағытталған. Психолог ғалымдар Л.С. Выготский, 
Ж. Пиаже, И.С. Конның пікірінше құндылық бағдарлардың дамуы сатыларын жалпы 
индивидуалды дамуды жас кезеңдерімен байланыстырады. Сонымен қатар құндылық 
бағдардың даму сатылары қатаң түрде белгілі бір жасқа байланысты емес, яғни олар 
өзгеріске ұшырап, бірін-бірі ауыстырып отырады. Алайда əр саты соңғы жəне жетістікке 
жеткен болуы мүмкін, сондықтан даму деңгейі индивидуалды типте болады. Ж. Пиаже 
құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму 
деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы адамгершіліктік даму да прогрессивті, кезеңдік 
сипаттамаға ие. Ж. Пиаже басқа авторлар секілді моральдық даму сатыларының жүйесі 
жалпы когнитивті жасерекшеліктік өзгерістерге байланысты болады [3]. 
Осылай, нарықтық жағдайлар тұлғаның қалыптасуына, оның қажеттіліктері мен 
құндылықтарына тікелей əсер етеді. Тұлғаның құндылықтары оның əлеуметтік ортасымен 
тығыз байланысты. Құндылық түсінігі адамның қатынасы əлемге сипатталғанда 
қолданылады. Құндылық адам жəне оны қоршаған əлем арасында бөлінген, ол тек олардың 
қатынасында болады. Құндылықтарды тасушы болып кез келген зат, құбылыс бола алады, 
адамның санасымен өзара əрекетке тиісті. 
Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның шынайы мінез-құлқымен жиі қарастырылады. 
Сонымен, оның келесідей басты сəттері беріледі: «біріншіден, құндылықтар бағдары 
тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігінің мазмұнын сипаттайды, екіншіден, 
ол оның əлеуметтік мінез-құлқының реттеушісі ретінде қарастырылады». Қоғам тұлғаға əсер 
етеді, ал тұлға қоғамға нақты əлеуметтік топ арқылы ықпалын білдіреді. Қоғамдағы 
өзгерістерді жақтаушылар дағдарыс кезеңінің өзінде-ақ экономика мен қоғамда түбегейлі 
өзгерістердің қажеттілігін сезінген, өз сенімдеріне күш салатындықтан қарсы алған адамдар. 
Ал, нарықтық қоғам ең алдымен биліктің мемлекеттік органдардың қолынан жеке өндірістік 
иелерінің қолына өтумен ерекшеленеді. Нарықтық экономикада еңбек жəне тауар құны 
сатушымен сатып алушының өзара келісімімен анықталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет