Б 63(5К) ■f 94 Jew шттшш f t



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі13,81 Mb.
#8200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

87

түрнүсқасы ажыратылып, жырдың өте ерте заманның туындысы 
екені  ашылады.  Ондағы  Орхон  ескерткіш тері  мен  Қорқыт 
кітабының  таңбалары  көрсетіліп,  солармен  туыстастығы 
белгіленеді. «Манас» эпопеясын жеңіл қарап қате пікірлер айтқан 
ғалымдар  тұжырымдары  сыналады.  Эпосқа  ғылыми  анықтама 
беріліп,  оның  әлем  өнері  тарихында  алатын  елеулі  орны 
белгіленеді. Жырда да,  мекең ескі жұрт, жауласқан жат жұрттар, 
Манасқа  тете  атақты  батырлардың  альіп  бейнелері,  олардың 
1
 
тарихқа  қатысы,  т.б.  ғылыми  маңызы  зор  талдау,  болжаулар 
жасалды.
Академик  ағаның  фольклористика  саласындағы  ұлағатты 
еңбектерін  қадірлей  отырып,  оның  әдебиетім із  бен 
мәдениетіміздің  әрбір дәуір  кезеңдерін  танытар табыстарын  да 
атап  көрсетуге  тиіпсіз.  Бүл  түста  ерекше  атауды  керек  ететін 
еңбегінің  бірі  -   «Қазақ  халқының  поэтикалық  мәдениетінің  ескі. 
сақтаушылары  туралы».  Кене дәуір  мәдениет үлгілері,  өнерпаз- 
жыраулары,  ақпа  ақын  шешендері  аталып,  оларға  алғаш  рет 
түсініктер берілгек Кезінде ғылымға тың пікірлер әкелген жаңалық 
бастамалары.  Бүл  еңбектегі  ғалым  пікірлері  кейін  өзінің 
қолдауш ыларын  тауып,  әдебиетім із  тарихының  даму, 
қалыптасуы  кезеңдерін  қайта  қарап, жіктеуге жол  ашты. 
Щ
Шоқан,  Абай,  Мәшһүр  Жүсіп,  Жаяу  Мұса,  Ақан  сері  сияқты 
танымал кемеңгерлер туралы да жаңа деректер тауып, әр түста 
тың зерттеулерімен  көрініп  келді.
Әлекең  Абай  Құнанбаевтың  да  кепке  белгісіз  кепетеген 
шығармалырынң  көне  жазба  үлгілерін  тауып,  ол  туралы 
түсініктерімізді  молайта  түсті.  Абай  сияқты  кемеңгер  ақынның 
өміріне  тиісті  кейбір  тың  деректер  мен  ақын  суретін  тауып 
жариялады.  Кейбір  қолжазба,  хат ретіндегі деректерді  паш  етті. 
Мысалы,  Салтыков-Щедрин  атындағы  кітапхана  қоймасынан 
Әлекең тапқан, Садуақас Мүсаүлының көшірмесі арқылы жеткен 
Абай Қүнанбайүлының өлеңдері әлі арнайы зерттеуге түскен жоқ. 
Абайдың  араласы  мол  іс  қағаздары  әлі  ақтырыла  зерттеліп, 
ондағы  кемеңгер  ақынымыздың  «Жаңа  заң»  реформалары 
туралы  еңбегі,  дос-жарандармен  жазысқан  хат-хабарлары,  т.б. 
мол  мүмкіндіктерін  Әлекең тапқалы біраз жылдар өтсе де,  олар
88

көпшігіікке 
әлі  ұсынылмай  жабық  күйінде  қалып  келеді.  Әрине, 
барша  істі  жалғыз  Әлекең  тындыруы  мүмкін  емес.  Оны 
жалғастырар  қажырлы,  еңбексүйгіш  жастар  атқарар деп  сенеді 
ол  ағамыз.  Басқа  өнер  қайраткерлері  туралы  да  Әлекең  көп
тол ға над ы.
Әлекең  жан-жағы  өрісті,  кең  пейіл,  үқыпты  үстаз,  жайсаң 
жанды  аяулы  аға.  Өзінің  тапқандарын  әркезде  ортаға  салып, 
шәкірт-інілерімен  тізе  қоса  ақыл-кеңес  құрып,  кең  талқылайды. 
Достарының сынына түсіп,  өзінше тебіренеді, жаңа  белге қүлаш 
сермеп,  ойқиялын дамылсыз самғата  береді.  Көреген  көш  басы 
боп  алда  жүріп,  болжаулар  жасайды.  Соңынан  ерген  іні-
шөкірттерін ғылым  шыңынан  қарай жетелей түседі.
Ұлағатты  үстаз  шәкірттеріне  үлкен  үміт  артады.  Жас 
ғалымдарды  ғылымның  қиын  да  ауыр  жолына  сала  отырып, 
олардың халқына көрсеткен адал еңбегін көрсем дейді. Міне, осы 
мақсатына  жеткен  ғүлама  ғалым  әр  күнді  асыға  күнде  де  мол 
қуаныш  барын  ол  жақсы  біледі.  Әлекеңді  ғылымның  биік 
жолында  шаршатып,  шалдықтырмай  жүрген  де  осы  әр  күннің 
қуанышы  болса  керек.
1984 ж

Ж ай ы қ  БЕКТҰРО В,
жазушы
ҒҰЛАМА
Қазақ  халқының  тарихы  мен  көне  мәдениетін  ғылыми 
тұрғыдан  біркелкі  жүйелі  зерттеу,  негізінен  Қазақстан 
топырағында,  оның  өз  тума  адамдары  арқылы,  отызыншы 
жылдардың  бас  кезінде  үрдіс  алды.  Жиырмасыншы  жылдары 
Абай  шығармалары  біркелкі толығырақ басылды.  Ә. Диваевтың 
және  басқалардың  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері,  мақал- 
мәтелдері  туралы  еңбектері,  “Қазақтың  1001  мақал-мәтелдері”, 
көне  хисса-хикаялар  жары қ  көре  бастады.  Отызыншы 
жылдардың  бас  кезінде  С.  Сейфуллиң,  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,
I.  Жансүгіров,  Қ. Жұбанов көне әдебиетіміздің де, жиырмасыншы 
ғасыр бас кезі туындыларының да тарихтың кең көлемде талдай 
бастады.  Сол  кезеңде  тарихшы  С.  Асфендияров  Орта  Азия 
Республикалары  ішінен  бірінші  болып  қазақ  халқының  ежелгі 
дәуірден  бергі  тарихын жазып,  жеке  көлемді  кітап  бастыртты.
1985 
жылдың желтоқсанында  сексеннің үстіне  шығып дүние 
салған  әйгілі  ғұлама  ғалым,  Қазақстан  Республикасы  Ғылым 
академиясының  толық  мүшесі,  ғылымның  екі  мәрте  докторы, 
аяулы  Әлкей  Хақанұлы  Марғұланның есім де,  еңбегі де ғылым, 
ілім,  мәдениет  көгінен,  міне,  дәл  осы  тұста  көріне  бастаған-ды. 
Сөйтіп,  ол  кейін  ғылымның  айтарлықтай  биік  шыңына  шығып, 
үлттық тарихымыз бен мәдениетімізге сай дәрежеде кесек түлға 
болып  көптің  құрметіне  бөленді.  Отызыншы  жылдары  көптің 
көзіне  тұлғалы  көрініп,  құлағына  аты  жиі  естілетін  Әлкей 
ағамыздың жасы  сол түста  небәрі отыздың ішінде ғана екен.  Ол 
кезде  республикамызда  бүгінгідей  сан-салалы  іргелі  ғылыми 
үйым-мекемелеріміз  әлі  жоққа  тән  еді.  Сөйтсе  де  Ә.  Марғүлан 
есімі  бізге  белгілі  ғалым,  тіпті,  көне  оқымысты  сияқты  керінетін 
Ол сонау жиырмасыншы жылдардың орта кезінде бұрынғы КСРО 
Ғылым  академиясының  экспедициясында  Қазақстанның  көп 
аймақтарын  аралап  шыққанды.  Еліміздің  ірі  ғалымдарының 
сүбелі  архивтеріне  сүңгігең  көне  мүраларды  шүйгіген,  бірқатар
90

беделді оқу орындарында, оның ішінде Қызылжар қаласындағы 
өз  тусьіның  алдыңғы  қатарлы  педагогика  техникумында  сабақ 
та  беріп  үлгерген  адам-ды.  Осы  техникумда  жиырмасыншы 
жылдардың  орта  кезінде  Ә.  Марғүлан  оқыған  дәрістің  сол 
күндергі  бірер  көнспектісіне  соңғы  кезде  қайтыс  болған 
оқымысты-жазушы С. Талжановтың қолынан кезінде көз жүгіртіп, 
Әлекеңнің  жас  шағында-ақ  өте  білімді  үстаз  болғанына  көзіміз 
жетіп еді.
Ұлы  Отан  соғысынан  едәуір  бүрын  көріп,  жақын  танысып, 
бірақ  әр  түрлі  себептермен  үзақ  уақыт  кездеспей  кеткен  Әлкей 
ағамызбен арада жиырма жылдай өткенде қайта табыстым.  Бұл 
кезде  көптеген  үлкен  ағалардан,  өз  құрбы-қүрдастарымыздан 
әлдеқалай  демесек  те,  қол  үзіп  қалып,  Әлекеңе  Қарағанды 
қаласынан  1957 жылы ғана көлемді бір хат жаздым.  Міне,  содан 
былай тікелей де, хат-хабар арқылы да ол кісімен үздіксіз жақын
қарым-қатынаста  болдым.
1957 жылы  көктемде  Қарағандыға  келген  соң Әлекеңнің көп 
жылғы,  оның  ішінде  Ш.  Уәлихановтың  сонау  1904  жылы  алғаш 
жарық  көрген  жинағынан  кейін  кеңестік  дәуірде  1952  жылы 
түңғыш  рет  көлемдірек  шыққан  біртомдығын,  оған  Ә.  Марғүлан 
жазған Шоқанныңғылыми өмірбаянын оқып, сол түста көңілімде 
жүрген, көкірегіме үялаған көптеген ойларымды қағаз бетіне түсіріп, 
хат жаздым.  Қазір ол хаттың толық мазмүны жадымда жоқ. Тегі, 
сөз  арқауы  Әлекең  зерттеген  ғылым  салаларының  бір  парасы 
қазақ даласының табиғи  байлығы,  тарихи  ескерткіштері, тіліміз, 
әдебиетіміз  төңірегінде  болу  керек.  Арада  бірнеше  ай  өтті. 
Әлекеңнен  жауап  аламын деп  ойлаған да жоқпын.  Хатты жауап 
алу үшін де жазбағанмың  тек көп  оқырмандардың бірі  ретінде, 
ертедегі таныс ағамызды өзімше пікір білдірсем керек. Белгілі бір 
кезеңнің тілек-талаптарына бейім өз ой-пікірімді үсынып, ғалымды
республикамыздың  орталық,  солтүстік  аймақтарындағы  өзім
білетін  біраз  белгілі  орындарға  мегзегендеймін.  Хатты  мен 
Қарағандының  емханасында  сырқаттанып  жатып,  тіпті,  екінші 
топтағы мүгедектер қатарына қосылып қалған кезде жазып едім.
1958 жылдың 4 ақпаны күні Ә.  Марғүланнан қолы да, сөзі де 
әдемі  көлемді  хат  алдым.  1958  жылдың  26  қаңтары  күні
91

Кисловодскіден  жазыпты.  Әрине,  мен Алматыға жазғанмын.  Бұл 
1957  жылдың  жазы  болатын.  Бақсам,  менің  хатымды  өзі 
демалысқа  барғанда  Әлекең  Кавказға  ала  кетіпті.  Маған  ғалым 
өз жауабын  сол демалыс күндері жазыпты.  Мундай ұқыптылық, 
арғы-бергі жолдастарға, аға-інілерге, өзінің ізбасарларына іштей 
ықылас-жаупкершілік  өмірде  сирек  кездеседі.  Міне,  Әлекеңнің 
сол  хаты: 
?а[
“Жақсы көретін Жайық, сенің жаздыгүні жазған хатыңа алғыс 
айтуды ойлағаныма көп уақыт болса да, сәті тек ешбір қол тимеді. 
Кешіктіріп  жауап  қайырғаныма  ренжімессің.  “Игіліктің  ерте  кеші 
жоқ” дейді ғой халықтың дана сөздері. Хатыңда жазған сөздерің 
көңілге  жылы  тиіп,  ақырын  ескен  қоңыр  желдің  лебін  білдіреді. 
Талапты, ойлы, ақылды болу көптің қолынан келе бермейді. Егер 
бәрі  сондай  болса,  халықтың  бақыты  болып,  тіршілігіміз  бұдан 
гөрі де тез ілгері баса берер еді.
Қазіргі жастардың ішінде ғылымға берілген ойшыд кемеңгері
аз  емес.  Ол  біздің  журтшылығымызды  қуантатын  ортақ  бір
қасиет.  Жазған  хатың  бойынша  өзіңді  де  сол  терең  ойлайтын
ақылды жастардың бірі деп түсінемін.  Бірақ аянышты нәрсе, жас
өміріңді  науқас  билеп,  мүгедек  еткен  екен.  Одан  да  жазылып,
қызықты  тіршілікке  ойнап  қосыларсың.  Мүмкін,  қазірдің  өзінде
аурудан арылып, жадырап кеткен боларсың.  Менің бар көңілмен
білдіретін тілегім: тез сауығып, тіршілік базарына қосылу. Ден сау
болса,  бәрі  де  табыла  береді.  Сіздің  сұрағыңызға  қайтаратын 
жауабым: 
- J
1.  Болман  ақынды  мен  бір  рет  көріп  едім.  Бірақ  ол  кісінің
аузынан  қария  сөз жазып  алуға  ешбір  уақытым  болмады.  Егер
ол  кісінің  білетінін  жазып  алып  (Тайлақбай  туралы,  Балақай
туралы),  мунда  ғылым  орындарына  жіберсең,  өте дүрыс болар 
еді.  Ойланып  көрерсің.
2.  Ертедегі  дәуірден  сақталып  келген  мәдениет,  искусство 
дүниелері  туралы  жазғандарың  өте  бағалы.  Егер  Орталық 
Қазақстанда  келесі жылдары жүмыс жүргізе қалсам,  өзіңе әдейі 
соғып,  айтқан  мұралар  туралы  өзіңмен  ауызекі  сөйлесіп,  пікір 
алыспақ  ойым  бар.  Бір  айға таяу  Кисловодскіге  келіп,  демалып 
жатырмын.  Аз  уақыттың  ішінде  қайтамын.  Мәдениет,  искусство
92

туралы  ойда  қалған  пікірлеріңді  жазып  тур.  Сауығып,  қажырлы 
еңбек  етуіңе  тілектес  ағаң  Әлкей.  26  қаңтар,  1958  жыл. 
Кисловодск”.
Әлекең ертедегі бір уғымы есінде қалып, мені өзінің хатында 
әлі жастар қатарына қосып отыр.  Менің бул тұста қырықтың мол 
ішіне  кіріп,  мосқалданып  та  қалғанымды  онша  ойлай  қоймапты. 
Адамның  қашан  да  өзінен  біраз  кішілерді  жас  деп  санайтын 
дағдысы бар ғой. Сонымен бірге жылдан аса қатты ауырып, енді 
ауруханада  жатқаныма  жаны  ашитындығың  жассың  деп  аз  да 
болса  көңіл жүбатқысы  келетіндігін де  сездіріп  отыр.
Сол  1958  жылдың  желтоқсаны нда  Әлкей  ағамызбен 
Мәскеуде,  қазақ  әдебиетінің  онкүндігі  кезінде  қайтадан  жүзбе- 
жүз  кездесіп,  содан  былай  туыс  адамдардай,  ағалы-інілі 
кісілердей  өте  жақындасып  кеттік.  Әлекеңнің  қақ-соқпен  ешбір 
ісі жоқ,  баяғы  балаң,  жібек мінезіне,  байсалды,  байыптылығына 
ғылыми  докторлық,  академиктік  қадірлі  атақ,  абырой,  көпілгері 
еңбек қосылған Тоқтаса келе Әлекең тіпті қырмызы, әбден бала 
мінезді  болып  та  алған.  Ешбір  күнделікті  дүниелік  ойы  жоқтай, 
есіл-дерті  елінің,  жүртының,  халқының  арғы-бергі  мәдениеті, 
үлағатты сөзі, тарихи ескерткіштері,  кеніштері,  отырса да,  түрса 
да ойланатыны, айтатыны халқының өткендегі тағдыры, топырақ 
астында  қалған  қариялар  аузында  жүрген,  ел  ішінде  сақталған
қүнды  сирек заттар,  шешендік сөздер.
Әлекеңнің қасында, тіпті,  көшеде қатар жүріп келе жатқанда 
да,  ол  кісіден  өститінің  ғылыми  әңгімөлвр,  толғаулар.байыпты 
ойлар, жоспарлар, қызықты дөрөктөр. Момақаң кішіпөйід жатық, 
сыпайы, сүйкімді, түрған бойы кестенің бізіндей, жүзікгің көзіндей 
қағілез,  сырбаз.  Сырт  көзгө  өтв  бір  жұпыны,  ештөңөні 
талғамайтын,  ал  ішкі  сарайы  даңғыл,  іс-әрекеті  қорғасындай 
салмақты  адамның  нелер  бір  сарабдал  қасиеттерін  бойына  көп 
жинаған көңіл қылы нәзік жан Бірауыз жақсы сөзге баладай қуана 
да,  уана  да  қалатын  жаратылысында  дарынды,  жүрегі  нәзік, 
сезімтал Әлекеңді алдай салуға да, оған иненің жасуындай өтірік 
айтуға да болмайды. Жөр тарпыған жүйрік аттың түяқ дүбірін жөті 
қыр  астынан  еститіндей  енегелі,  үлгілі  сөзге  қүлақ түргіш,  зейін 
қойғыш. Өмірде аса бір сирек кездесетін зерделі де сергек адам.
93

Жағасы жайлау, көңілі көлдей, алды ашық, сүқбаттасқанда өзіңді 
баурап  алады.  Сөзінде  күдік,  күмәндану жоқ.  Сын  да,  сипат та 
бойында. 
'  '  ■
 
1
Ескерте  кететін  бір  жәйт:  осы  беріде  қайтыс  болған  азды- 
көпті,  ақындық  өнеріне,  тіршілік  қарекет,  қажеттеріне  өзіміз  көп 
араласқан,  Жазушылар  одағының  мүшелігіне  қабылдануы 
өзқолымыздан  өткен  Қарсақпайды ң  қарт  ақыны  Болман 
Қожабаев ақсақалдың өз аталары, сөз зергері Тайлақбай, бақсы 
Балақай жайлы әңгімелерін ертеректе естіген едім. Тек қағаз бетіне 
түсірмегенімді  сақтай  алмадым.  Ұлытаулық  дарынды  Нияз 
ақынның ғана Ақан сері сөзінен жазып алған бір дәптерін сақтай 
алып  едім.  Жоғарыда  Әлекең өз хатында  айтқаны  осы  Болман. 
Ұлытау жақта  Ә.  Марғүлан  көп болып жүргендіктең  осы  Болман 
ақсақалдан Тайлақбай,  Балақай,  Қойлыбай жайында сөз жазып 
алды ма екен деп өзімнің  1957 жылғы хатымда ескертсем керек.
Сол елуінші жылдардың аяқ кезінде қайта кездескеннен кейін 
Әлекеңмен  қоян-қолтық  қатынаста  болып  кеттім.  Жыл  сайын 
бірнеше рет зор қуаныш үстінде, ізгі тілекпең адал ниетпен қарсы 
алатын дәстүрлі мереке-мейрамдарда телефон, хат арқылы бір- 
бірімізді ақ ниетпен үздіксіз ққүттықтасып отырдық. Әлекең өзінің 
мүшелді мерекелеріне арнаулы хат-хабармен шақырып отырды. 
Сарыарқаны зерттеу сапарына шыққан сайын хабарласып.үйімізде 
әңгімелесіп,  өзі  сыйлайтын  үлкен  ағаларына,  замандастарына 
Қарағандыда  сәлем  беріп,  нелер  қызықты  әңгіме-дүкен  құрып, 
сөзге  қарық  қылып  отырды.  Әлекең  мансаптан,  жалған  бедед 
қүрмет,  қошемет  іздеуден  мүлдем  аулақ  болатык  Сол  себепті 
де ол беделді ұйымдарға ауыртпалығын артпай, күтпеген жерден 
әлдеқалай  келе  қалатын.  Көбінде  тұрмыс  ахуалы  қарапайым, 
жүпыны  туыстарының  бірінің  үйіне  елеусіз  келіп  түсетін.  Біз 
Әлекең келгенде езі ертеден жақсы  көретін әзіл-қалжыңы,  пікірі, 
ойы  жарасатын  кейбір  көнекөз  қарттарды,  оқымыстыларды 
қасына жинайтынбыз.  Ресми жиналыссыз,  үй  ішінде, дастархан 
басында,  кітап,  сурет төңірегінде қалтқысыз, достық ниетте сыр 
бүкпей  шерткен  әңгімелеріңіз  әрі  қызықты,  әрі  өте  мазмүнды 
болатын.  Әлекеңмен  дидарласу  кептен  сағынып  жүрген 
туыстарыңның бірін үзақ жолдан тосып алғандай эсер ететін. Біз
94

ол  кісінің  әрқилы  қиын  да  ауыр  өмір  жолы  кезеңдерін  де 
білетінбіз.  Әлекең  бүкіл  болмысында,  жаратылысында 
бүрынғының  адамы  дерліктей  кісі  еді.  Оның  қолы  қысқа, 
қаражатқа тапшы да, жалғыз да қалған кездері болған ғой. Содан 
да  ма,  Әлкей  ақсақал  адамға  қайырымды,  жатқа  да  бауырмал 
еді.  Ертеректе  өзі,  тіпті,  бүкіл  халқымыз  қадір  тұтқан  бір  білікті 
адам қиын жағдайға үшырап өз топырағынан алые та қиын шетте 
жүріпті. Әлекең сол кісіге өзінше көмек көрсеткісі, қолының үшын 
бергісі  келіпті.
• 
Көмек  көрсете  алдыңыз  ба  алыстағы  ағаңызға  тұрмыс- 
ахуал  ауыр жылдарда? -  деп сұрағандай  сыңай  бідірдім.
- Бара жатқан жүбайынан аяғымдағы жаңа галошымды беріп
жібердім,  - деді  Әлекең.
Қазақ  бүрын  жан  жолдасына  қысыл-таяң,  тар  жерде
астындағы жалғыз атын түсіп берген адамдарды мырза, жомарт, 
ер  жігіт  деп  мадақтайтын,  ардақтайтын.  Дәл  осындай,  Әлекең 
үстіндегі бар іске татыр киімдерінің бірін жанашыр кісісіне шешіп 
беріпті.  Әңгіме  сыйлықтың,  көмектің  аз-көптігінде  емес,  қолда 
барын,  тарш ылықта  қол  ұшын  беруінде  ғой.  Ғалым  аға 
түмсығымен  су  беретін,  қанатымен  желпіп,  желеп-жебейтін  құс 
бауырмалысы қарлығаштай,  қау арасындағы үясын көкте түрып 
күзөтіп,  кірпік ілмей қоритын бозторғайдай мейірбан жан еді.
Әлекең уәдесің сәл ғана болса да өзіне міндет сияқты керінген 
бір ауыз сөзін әсте ұмытпайтык Ол -  ол ма, жаңа бір үлкен-кішілі 
кітабы  жарық  керсе,  соның  ішінде  “Бөғазы-Дәндібай  мәдениеті” 
атты  әйгілі  де  іргелі,  “Шоқан  және  Кекетайдың  ертегісі”  туралы 
зврттөуі  болсын,  алғашқы  кітабы  жарық  керген  жас 
талапкерлердің  өз  үстаздарына  керімдікке  ұсынатындарындай, 
ерінбей-жалықпай бізге өзі әдөйі почтаға барып, жіберіп жатады. 
Тек  Сарыарқаның  кене  мүрасына  арналған  күрделі  еңбегіне 
академик Е. Букетов марқүм екеуіміз байыпты рецензия жазамыз 
дел  сез  байлассақ  та,  талай  ыңғайлансақ  та  күнделікті  әбігер 
жүмыс  арасында  сәтін  келтіре  алмадық.  Ақыры  әне-міне  деп 
жүргенімізде,  біз  үшін  белгісіздеу  бір  автордың  шағын  ғана 
мақаласы  Қарағанды  облыстық  орыс  газетінде  басылды.  Осы 
жайлы  1980  жылғы  25  сәуірдегі  хатының  соңында  Әлекең:
95

“Индустриальная  Қараганда”  газетінде  (наурыз  айында)  менің 
кітабым  туралы  Я.Н.  Сунчугашевтің  рецензиясы  басылғак  Осы 
рецензияны тауып,  маған екі (2) экземплярын жіберсең көп разы 
болармын. Сәлеммен Әлкей Марғұлан”, - депті. Әрине, әрқашан- 
ақ  Әлекеңнің  сұраған  газеттерін,  суреттерін  екі  етпей  жіберіп
отырдым. 

• > 

Әлкей  ағамыз  бірінші  мамыр,  жаңа  жыл  күндері  құрғатпай
құттықтау  хаттар  жібереді.  Ғалым  ағаныіН  сөз  үлгісі  өзгелерден 
ерекше.  Қолы  да  әдемі,  көбіне  арабша  жазады.  Ол  кісінің
арабшасын  құсный  жазу двугё  болады.
Ә.  Марғүлан  Арқаға  келіп,  үйімізде  болғанда,  дастарқан 
басында  жадырап  отырғанда  мәре-сәре,  базар  болып 
қалатынбыз.  Жаңа  шыққан  құнды  кітап,  ұлы  Абай  сөздері,  көне 
әдебиет үлгілері,  ескерткіш  мүралар жайында  болар еді  әңгіме. 
Әлекеңнің  ғажап  тарихи  деректерге  толы,  оның  ішінде  Абай 
туралы  мақалаларың  әрине,  әсте  көзден  таса  қылмай  оқимыз, 
тыңдаймыз.  Мүндайда  Әлөкөңнің  өзінө  арнайы  хат  жазып, 
ризашылдығымызды,  сүйіспеншілігімізді  білдіріп  отырамыз. 
Сондай хаттардың біріне жазған жауабына қарағанда, біз ол кісінің 
Абай өмірі жайындағы бір келелі еңбегіне кезінде үн қоссақ керек. 
Әлекең  1970 жылдың қарашасына  қарай жолдаған бір хатының 
аяғында:  “Курортта  демалып  жатқан  едім,  үйге  кеше,  4  қараша 
күні  келіп,  осы  хатты  жазып  отырмын  Абайды  оқығаның жақсы 
болған.  Қалғанын бірте-бірте шығармақпын”, - депті.
Үй  ішіндегі  шүйіркелесіп  отыра  қалғанда  ойда  жоқта  Абай 
кітаптары қолға түседі. Ұлы ақынның өнегелі сездерінө балаларша 
үңілеміз. Абайды  бірінші  рет оқып отырғандай боламыз.  Әлекең 
және сол тұста  Қарағандыда түрған оның өзінен  көп үлкең  көпті 
көрген,  өте  білімді  де  алғыр  бір  досжар  адамы  екеуі  бірден 
балалардай сөз жарыстыра, тіпті, біріне-бірі сөзге қонақ бермей, 
бірін-бірі  қүптап,  жүптап,  таласа  сөйлеп  кетеді.  “Шіркін-ай, 
Абайдың  аузынан  шыққан  айналасы  теп-тегіс,  жамбылдай 
жұмыр  сөздерін,  коне  грек  заманындағы  шешендердің  сез 
таластарындай  ойларын  білікті  біреу  өз  түсында  жазып  алып 
отырса, Абай өмір бойы өлең жазып, олар тасқа басылып қалса, 
қазақ елінің рухани байлығы  шалқыған  кәлдей  қаншалықты  мол

болар еді! Әдебиетіміз осы күні көлдей көлкіп, дариядай шалқып, 
шеңберінен шығып жатар еді.  Шіркін-ай, Абайдың Лермонтовтан 
аударған өлеңдерін де Абайдыңөз сөзіндей етіп орыс тіліне қайта 
аударар  ма  еді!  Лермонтовтан  аударған  Абайдың  өз  өлеңдері 
қазақ  тілінде  орыстың  үлы  ақынының  өзінен  де  асып  жатыр 
десек,  орыстың  бұлбүл  ақынын  ешбір  кеміткендік  болмас  еді. 
Лермонтов  арқылы  қазаққа  жеткен  Гетенің  “қараңғы  түнде  тау 
қалғыбы” қандай!? Абай неткен кемеңгер! Қараңғы елдің қараңғы 
көгіне  күн  болып  шыға  қалған,  кең  атырапқа  жарық  сәулесін 
түсірген  теңдесі  жоқ  абзал  жаң  кесек  тұлға  ғой!  Енді  Абайдай 
бізге  адам  қайда!”  -  деп  екі  қарт  дәл  бір  махаббат  отына  бой 
алдырғаң поэзия күшіне елтіп, гүл құшақтаған жандардай өңцеріне
нұр бітіп  кетеді.
Ұзақ жылдар жақың аралас-қүралас, сырлас, пікірлес болып 
Әлекеңнің  бойынаң  мінезінен  нелер  өнегелі  қадір-қасиеті  көп 
көрдім.  Солардың  өте  бір  есте  қалғаны  мынадай:  өзі  қанша 
білімді,  атақты  оқымысты  болғанымен,  әлі  білгенінен  білмегенім 
көп  деп  санайтыны,  өзінен  білімі,  дәрежесі  әлдеқайда  төмен 
адамдардың  да  сөздерін  жіті  ілтипатқа  алып,  олардың  айтқан 
орынды  ой-пікірлеріне,  деректеріне  ықылас  қойып  тыңдап, 
керектілерін  жадына  тоқитындығы,  өзі  естімеген  уақиғаларға 
сұңғылалықпен  қүлақ түруі,  жаңа  бір дерекке  шынымен  қуануы 
еді.  Мұндай  қарапайымдылық,  кейде  тіпті  аңғалдық,  ерекше 
қумарпаздық,  ағынан  жарылушылық  көкірегін  тек ізгілік билеген 
парасатты жандарға, үлы адамдарға ғана жарасады.
Бір  жолы  Әлекең  үйге  келгенде  В.М.  Жирмунскийдің  “Түркі 
ерлік эпосы” атты кітабын ағамыздың алдына қойдым. Осы кітап 
төңірегінде Әлекеңнен сыр тартпақ, пікір білмек ойым болды. Бүл 
шығармаға  1974  жылдың  12  желтоқсанында  басылуға  қол 
қойылыпты.  Ал  мен  оны  баспадан  шыққан  бетінде,  Мәскеуден
1975 жылдың  11  ақпаны  күні  почта арқылы  алыппын.  Әлекеңнің
бізге келе қалғанының өзі де осы түс еді.
- Ойпырмай, мына кітап келіп қалған ба? Бізге, Адматыға әлі
келе қойған жоқ. Қарағандының кітап дүкендеріне келіп түсті ме? 
Жайық-ай, бүл өте ғажап еңбек! Мүны алдырғаның жақсы болған
97

екен,  - деп  Әлекең қомақты  кітапты  қолына алып, жоғалтқан  оір 
құнды затын ойда жоқта тауып алғандай, беттерін аша бастады.
-  Бізге де  әлі  келе  қойған  жоқ,  Мәскеуден  “Академкнигадан” 
алдырдым.  В.М.  Жирмунский  кітапта  сіздің  атыңызды  да  атап 
отырыпты.  Өзіңізден  көп  мағлуматтар алыпты,  - деймік
Виктор  Максимович  өзімнің дос адамым,  пікірлес кісім.  Шын 
ғұлама.  Көп  жыл  мүше-корреспондент  болып  жүріп,  СССР 
Ғылым  академиясына  толық  мүшелікке  ©сы  кешегі  алпысыншы 
жылдары  ғана  сайланды.  Баласы  да  ірі  оқымысты.  Аяулы 
кісілер.  Өмір  бойы  біздің  түркі  нәсілдес  жұрттардың  тарихын, 
рухани  мол  мұрасың  көне әфсаналарын  мұқият зерттеп  келеді. 
Соғыс  жылдары  өзі  Алматыда  тұрды.  Көрдің  бе,  мына  кітапта 
біздің  Мүхтармен  түскен  суреті  де  бар  екен.  Бүл  шығарманы 
оқы ғанны ң  жақсы  болған!  О қымыстының  бүл  бағыттағы 
еңбектерімен  мен  көптен  таныспын.  Қап,  тиражы  өте  аз  болып 
шыққанын  қарашы!  -  деп  Әлкей  ақсақал  қалың кітаптың соңғы 
бетіндегі баспа анықтамасына  көз жүгіртіп өкініп отыр.
-  Бүкіл  елге  мүндай тамаша  еңбектің 3800 дана ғана болып 
шығуы немене?!  Көлге бүріккен бір ұрттам судай ғой.  Бұл кітапты 
күллі дүние жүзініңтүркологтары, кітапханалары алдырады. Оқы, 
зейін қойып оқы! Балаңа да оқыт! — деп Әлекең дәл бір өз еңбегі 
жарық  көргендей,  орыс  ғылымының  кітабын  өз  сәбиіндей 
әлдилеп,  аялап  отыр.  -  Өзің  көбін  оқып  та  тастапсың  ғой.  Көп 
беттерінің астын  сызып  та  қойыпсың ғой.  Міне,  өз  кітабын  адам 
осылай оқу керек! Ертең қайта бір оралғанда, қай бетінде қандай 
қажетті  мағлүмат  барын  оңай  табасың,  -  деп  Әлкей  ағамыз 
кітапты  қошеметтеп,  менің өзімді де көтермелеп,  көңілімді өсіріп
тастады.
Әлекеңмен сөйлесу, әңгімелесу жеңіл. Ол өзіңмен бірге туған 
адамдай жүмсақ. Оның мінезі жібектей биязы, бала кезіңнен бірге 
ойнап-күліп  ескен  сыр  мінез кісідей жатық.  Ол әсте  кісікиік емес. 
Әлекеңнен ой, сыр бүгудің керегі жоқ. Ұрсып, жекіп тастар, қабақ 
шытар,  жаратпаса  ашуланып  қалар,  көңіліне  тік  алар  деп 
ойлайтындай кісі емес. Туғаннан еш бас асаулығы, тәкаппарлығы, 
өзімшілдігі,  кінәмшілдігі,  астамшылдығы  болмаған,  күнәдан  пәк, 
қоғаның сүйрігіндей  кіршіксіз,  қағылез кісі.
98

И&  Әлекеңмен әңгімелесу ылғи көңілді еді.  Бүл ол кісінің сөз 
жықпайтын  биязылығынаң  әдептілігінен  ғана  емес.  Сен  оның 
қасында  өз  ойыңды  іркілмей  ашық  айта  аласың.  Оның  сөзінен 
әрдайым  жылы  лебіз,  дүрыс  түжырым  естисің.  Білімді 
адамдардың  ортасында  болу,  қастарында  жүру,  олардың 
сөздерін  тыңдап,  ықыласты  сүқбаттасу  өз  алдына  бір  жүйелі 
мектеп.  Мүндай  өрелі  сабақты  ресми  мектептен  үйрену  қиын. 
Ғылым табыстарың  әдебите жемістерін  қалың бүқара  арасына 
кеңінен тарату, тыңдаушылардың бойына сіңіру тек кітап арқылы 
ғана  жүзеге  аспайды.  Шынында,  ешкім  оқымайтын,  оқыса  да 
ғибрат алмайтын, тіпті ондағы айтылған ой мен сөз көп оқушының 
көкірек сарайынан көп төмен жататың өресі, өрісі тар, өлі кітаптар 
аз  емес.  Парасатты  ғалымдар,  білімпаздар,  ой  оралымы  кең 
ауқымды  жазушылар  ғылым-білімді,  көркем  әдебиетті,  өнер 
үлгілерін  жүрген-түрған,  отырған  жерлерінде  ауызекі  де  көп 
насихаттайды.  Көпшілікке  ғибрат,  үлгі  берудің  бүл  әсіресе 
әңгімеге қүлақ түргіш, зейін қойғыш қазақ еліне ерекше бір үтымды
жолы.
Әлкей  ақсақал  кейде  шалғайда  экспедицияда  жүріп,  жолай 
соғып  кетеді.  Ол  қырда  ғылыми-зерттеу  жүмыстарын, 
архөологиялық қазбалар жүргізген кездерде де ғылыми атақ алуға 
талаптанған 
адамдардың 
кандидаттық, 
докторлық 
диссертацияларын  далада  жүріп,  ел  ішін  аралағанда  да  оқып, 
пікір айтады. Жол-жөнекейгі жүмыс үстіндө сәл қолы тигенде сол 
қалың-қалың  қолжазбаларды  оқып  шығып,  өзінің  аузы  уәлі 
түжырымдарын  жазады  екен.  Міне,  осындай  бір  сапарында  ол 
кісі:  “Жайық,  сен  оқып  көрші.  Менің  әр  беттің  түсына  жазған 
ескертпелеріммен  танысшы”,  - деп  өзімнің жақын  жолдасым  С. 
Талжановтың  докторлық  диссертациясын  Қарағандыда  маған 
қалдырып көтті. Әринө, диссертация үлттар әдебиеттерінің кене 
дәуірлерден бергі қарым-қатынасын, езара тақырыптық, идеялық, 
сюжеттік  байланысын  жан-жақты  нақты  дәлелдермен,  кептеген 
мысалдармен  баяндаған.  Әлекең  атүсті  жүргенімен  осы  келемді 
диссертацияның  кеп  беттерінің  түс-түсына  жекелеген  қатесің 
ірілі-уақты  кемшілігін  керсетіпті,  қызыл  сиямен  шәкірт дәптеріне 
салған  үстаздың  белгісіндей  талай-талай  қүнды,  бағалы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет