Б. А. Бескенова Математика пәнінің мұғалімі, Майтөбе орта мектебі, Алматы облысы, Қазақстан



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі27,79 Kb.
#20454
1   2   3   4   5
Байланысты:
Conference Бескенова Б.А

Ұлттық кодтың өзегі - ұлттық тіл деп ойлаймын. Өз елімізде өзге тілде білім алып, өз тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрден мақұрым адамдардан қорқуымыз керек. Олар туған тілін білуге де ұмтылмайдындығы да шындық. Және олардың ұрпақтары да солай жалғасып келеді. Сондықтан қатал талап қоятын уақыт жетті. Егер ұлт болып ұйып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды сақтаймыз десек, жас ұрпақ санасына алдымен туған тілде тәрбие берілуі тиіс. Әбден сана-сезімі жетіліп, туған елге деген сезімі оянғанда ғана әлемді таныту артық болмайды. Ұлттық кодтың бұзылуы ел іргесінің ыдырауына да әсер етері сөзсіз. Сондықтан туған тілге деген құрмет, мәдениетімізге, жалпы таным көкжиегіне тигізер әсері зор.

Біздің ұлттық кодымыз тікелей асыл дінімізден бастау алатыны сөзсіз, атап айтсақ:



біріншіден қазақ халқының қонақжайлығы және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптар;

екіншіден әдептілік пен сыпайлық;

үшіншіден үлкендерге құрмет көрсету;

төртіншіден тамырылық әдет-ғұрып;

бесіншіден қоныс әдет-ғұрып;

алтыншыдан отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер;

жетіншіден бата беру.

Осының барлығы біздің еліміздің ұлттық болмысымыз - ұлттық кодымыздың құраушылары. Қазіргі қоғамда «қазақи» және «заманауи» отбасы деп шартты түрде бөліп-ажыратады. Меніңше қазақи, заманауи деп бөлу дұрыс емес. Біз қазақи заманауи отбасын тәрбиелеуміз керек – ол ұлтымыздың құндылықтарды сіңіріп тәрбиеленген, иманжүзді, сауатты қоғам мүшелері. Жас жеткіншектерге осындай тәрбие беруде біріншіден отбасы, екіншіден бала-бақша, орта және жоғары білім беру мекемелері ат салысу керек.

Қазіргі жаһандану кезеңінде жойы­лып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық  алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн. 
Сөзімнің соңыңда «Мәңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырақтың ұлттық идеясы, әрі бабаларымыздың асыл арманын, аманатын жүзеге асыру болып қарастырылғаны абзал. Яғни, «Мәңгілік Ел» болу – шектеусіз ғұмыры бар, тәуелсіз, тұғыры биік, ғылым-білімі дамыған, бірлігі жарасқан алдыңғы қатарлы, әлем таныған алпауыт елге айналу. Сондықтан да, мәңгілік, әрі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек.Сондықтан басты міндет - жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру деп санаймын. 

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет