Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Пико  делла  Мирандола  (1463-1495  жж.)



Pdf көрінісі
бет124/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   313
Пико  делла  Мирандола  (1463-1495  жж.)  –  флоренциялық 
академияның  белсенді  ӛкілдерінің  бірі.  Ӛзінің  қысқа  ғұмырында  кӛптеген 
ойлар  қалдырды.  Гуманист  ретінде,  Мирандола  римдік  сот  ӛкілдеріне 
дүниежүзінің  900  тезистен  тұратын  «Адам  таныған  барлық  болмыс 
туралы» 
атты 
трактаттарды 
ұсынды. 
Оның 
философиялық 
пайымдауларымен  қоса  тезистерінің  жартысына  жуығы  мойындалмады. 
Оның  орнына  Мирандола  инквизиция  күштерінің  әсерімен  жан-жақтан 
айыпталды. 
Пико әлемді періштелерден және қарапайым сфералардан тұрады деген 
тезиске  тоқталды.  Сезімдік  әлем  жоқтан  пайда  болған  жоқ,  кӛрінбейтін 
жоғары болмыстан пайда болды. «Адами қасиеттер туралы» манифестінде 
ол  адамды  микрокосм  деп  танып,  жоғарыда  аталған  бірде  бір  сфераға 
жатқызуға болмайды дейді. 
Ӛзінің  әйгілі  «Манифесінде»  Пико  делла  Мирандола  адамды  әлемнің 
ортасына қойып, Жаратушы былай деді: «О, Адам біз саған белгілі бір жерді, 
жеке келбет, маңызды іс бермейміз, себебі оларды сен ӛзің қалыптастыруың 
керек.  Мен  сені  әлемнің  ортасына  ӛзіңе  керектіні  қажетіңе  жаратуың  үшін 
ыңғайлы болсын деп қоямын» деп жазған. 
Ол  –  әлемтанудың  ортасы,  ӛз  бақытын  ӛзі  құрайтын  Құдайға 
ұмтылатын  жаратылыс.  «Ортада  болу»  –  артықшылық  емес.  Бұл  үлкен 
жауапкершілік. Құдай адамды ӛзі дамып жетілуі үшін еркін Шебер кейпінде 
жаратты, тәңірлік, жерлік, ӛлетін не ӛлмейтіндей етіп жаратқан жоқ. 
Сонымен қатар, ол әрбір адам – еркіндігі басым ӛз тағдырын қалаушы 
тірі  жаратылыс  ретінде кім  болатындығын ӛзі  таңдауы  керек.  Құдай адамға 
«түрлі  ұлт  тұқымының  ӛмірін»  берді.  Сол  тұқымдарды  жетілдіру  –  адамды 
ӛсімдік,  сезімді  –  хайуан,  тиімділікті  –  тәңірлік,  ал  парасатты  –  Құдайдың 
ұлы  жаратылысы  ретінде  қарастырумен  тең  келеді.  Ӛзін  тәрбиелеуде  адам 
ешқандай  күш  талап  етпейтін  табиғи  заңдылықтардан  босайды.  Ең  қиыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет