Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет18/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   313
Философиялық оқу – бұл анықталған, логикалық қарым-қатынастағы 
кӛзқарас  жүйесі.  Жекелеген  философтардың  бұл  немесе  ӛзге  оқуларының 
барлығы да ӛз жалғасын тауып отырған.  
Философиялық мектептер – бұл біріктірілген қандай да бір негізі бар 
идеялар  мен  ұстанымдар  жайлы  философиялық  оқулардың  жиынтығы
Әртүрлі  модификацияланған  бір  идеялық  ұстанымдағы,  түрлі  дамудағы, 
бәсекелеспейтін мектептерді философиялық  бағыт деп атаған. Олар тарихи-
философиялық  процесте  жалпы  ұстанымдық  ережені  және  жекелеген 
тартысты, анағұрлым ірі және белгілі білім берді.  
Философиядағы  органикалық  бірігу  қоғамдық  таным  формаларының 
ғылыми-теориялық және тәжірибелік-рухани ӛзіндік ерекшеліктерін анықтай 
бастады.  Бұл  зерттеулердің  шынайы  процесінде  және  бірі-бірімен  тарихи 
емес  қажетті  байланысатын  философиялық  оқудың  идеялық  мазмұнының 
дамуында ӛз кӛрінісін тапты: 

біріншіден,  бұл  тарих  уақытқа  созылса  да  біртұтас  (екі  мың 
жылдан  астам),  адамдардың  логикалық  ойлауға  талпынуы  және  «ақылды 
тәрбиелеу» – философияның қатысуымен, ӛзін-ӛзі және дүниені тануы; 

екіншіден,  философия  тарихы  –  адамзаттың  ұжымдық 
тәжірибесінің кӛпжақты диалектикалық бірлігі; 

үшіншіден,  философия  тарихында  барлық  қоғамдық  ойдың 
дамуының, толығымен мәдениеттің бейнесі бар.  
 Бұл  логика  әр  тарихи  дәуірдегі  философиялық  мәселелерді  анықтау 
барысында  философиялық  ойлаудың  дамуы.  Сондықтан  әр  елдің  және 
халықтың  философиялық  ойлауын,  сондай-ақ  нақты  бір  тарихи  дәуірдің 
философиялық кӛріністерін қатар алып қарау мүмкін.  
Тарихи  философия  тақырыптарынсыз  философия  ӛзінің  еш  мәселесін 
шешуге  қабілетсіз.  Тарихи  философия  теориялық  ойлау  мектебі  болып 
табылады, оның дамуына «... алдыңғы философияны оқудан басқа, басқа еш 
құрал жоқ» (Ф. Энгельс). 
 Философия тарихының негізі болып оның кезеңдері туралы мәселелер 
табылады.  Бұл  мәселеге  философияны  «дәуірдің  рухани  квинтэссенциясы» 
деп атаған Г.В.Ф. Гегель кӛзқарасы жалпы қабылданған. Бұдан барып Батыс 


Еуропа  философиялық  дәстүрінде  әрбірі  философиялық  етудің  ерекше 
әдістерімен кӛрінетін тарихи дәуірлерді бӛліп кӛрсетеді: 

Антикалық философия – б.д.д.VII ғ. аяғы мен – б.д.д. VI ғ. кӛне 
грек және Ежелгі Рим қоғамдарындағы дамушы философиялық оқулар. 

орта  ғасыр  философиясы  –  II-XIVғғ.  Еуропада  пайда  болған 
концепциялар жатады. 

Қайта  ӛрлеу  дәуірі  философиясы  –  XIV-XVI  ғғ.  Батыс  Еуропа 
оқулары енеді. 

Жаңа заман философиясы – XVII-XIXғғ. 70-жылдарындағы батыс 
еуропалық  және  америкалық  ойшылдарының  философиялық  теорияларын 
біріктіреді. 

Заманауи  Еуропа  философиясы  –  XIX  ғ.  70-жылдарынан  қазіргі 
кезге дейінгі барлық философиялық оқулар кіреді.  
Бұл уақыттарда тарихи философияның дамуы бір-біріне сәйкес келмесе 
де,  бір-бірін  толықтырып  отырған.  Ол  мынадай  мысалдармен  түсіндіріледі: 
антикалық  ойшылдар  ӛз  ойларын  философиямен  түсіндірсе,  шіркеу  әкелері 
ӛз еңбектерінде орта ғасыр парадигмасын қолдана бастады.  
Германияда  Гегель  ӛзінің  классикалық,  жаңа  заман  философиясын 
қолдана бастаған кезде, Англияда позитивистер, яғни ең алғашқы жаңа заман 
философиясының ӛкілдері пайда болды. Әр заман мәселелерін шешуге соған 
сәйкес әр түрлі әдістер пайда болып отырды.  
Қазіргі  кезде  кӛптеген  философиялық  ойлар  уақытымен  шектеле 
қоймай,  олардың  мәні  де  ӛз  орындарын  тауып  отыр.  Философия  тарихы, 
онтология  мен  әлеуметтік  философия,  гносеология  (эпистемология)  және 
диалектика  теориясы,  философиялық  антропология,  аксиология,  махаббат 
философиясы, дін философиясы, тарих және саясат философиясы, мәдениет 
пен білім философиясы, техника мен жаһандану философиясынан тұрады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет