әрекеттің қатынасын ғана біледі.
Ӛмірдің екі компоненті де ӛзара тұтастыққа бірігеді. Адамдар бұл тұтастықты түсіну арқылы меңгереді. Дильтей бұл ойын философияның
автобиография жанры, ондағы ірі тұлғалар Августин мен Руссо, Гѐтенің
ӛмірлері арқылы дәлелдейді.
8.7. Гуссерльдің феноменологиясы
Ұлы неміс математигі, логик және философ Эдмунд Гуссерль (1859-
1938 жж.) «Логикалық зерттеулер» атты еңбегінде трансценденталды
феноменологияны философиялық жүйе ретінде сипаттайтын ӛзінің
кӛзқарастарын берген. Гуссерльдің феноменологиясының қалыптасуына
неміс классикалық философиясы, соның ішінде Кант пен Гегельдің
философиясы ерекше ықпал етті. Олардан Гуссерль кӛп нәрсені алады,
әсіресе олардың ұғымдық аппаратын кӛбірек алды.