8.8. Неміс классикасындағы иррационалистік сын: Гегельден Иов
пен Авраамға дейін.
Сѐрен Кьеркегор (1813-1855 жж.) – дат теологы, жазушы әрі философ,
ӛзінің еңбектерінде Декартпен, Кантпен, Лейбницпен және Гегельмен
пікірталасқа түседі. Ол шығармаларында антикалық философия туралы
тамсана жазады. Ол әсіресе Сократқа ерекше бас иеді. Бірақ Кьеркегорге
шынайы шабыт берген бәрінен бұрын Тәңірінің Сӛзі мен догматика болатын.
Кьеркегор – философия тарихында «классикалық раионализмге және
механистік жаратылыстану дағдарысына қарсы бағытта дүниеге келген «ӛмір
философиясы» бағытының негізін салушылардың бірі.
Бұл кезеңде рационалдық философия Батыс Еуропада түбегейлі
қалыптасқан болатын. Гегелдің кӛпшілікке танымал философиялық басты
еңбектері де осы кезеңде жазылып еді. Рационализм ғылымға, мәдениетке,
этикаға, тұрмысқа тіпті христиандықтың догмаларына қарамастан дінге де
түптеп енген еді. Гегельдің осы танымал классикалық рационализмінен
Кьеркегор «Иов пен Авраамға» келді. Ол Гегельдің философиясындағы
әлемдік рух пен таза ой түріндегі жалпының абсолюттілігін біртіндеп
ысырды да, оны адамның қарапайым жүрегі түріндегі жекемен алмастырды.
Інжілдегі кейіпкер Иов осы жекенің жалпыланған образы болды.
Рационалист-философтардан айырмашылығы, Кьеркегор әлемнің
метафизакалық «бейнесін» жасауға тырыспайды, ешқандай философиялық
жүйелерді жасамайды. Л.Шестовтың ойынша, ол болмысты бұрыннан
қалыптасқан жолмен – онтологиялық талдаудан бас тартып, назарын
тұлғаның бірегей болмысы жӛніндегі терең сезімдерге бұрды. Кьеркегор
«әлемдік эволюцияның басты мақсатын әрі мәнін» адамнан іздеді. Адам
шектелулілік пен шектеусіздіктің, уақытша мен мәңгіліктің, еркіндік пен
қажеттіліктің, Рух пен индивидтің («Мен») синтезі деді. Осы қарама-
қайшылықтардың синтезі салдары кез келген адамдағы «Меннің» әрдайым
қорқынышын туғызып, торықтырады. Индивидтің ӛзіндік санасы жоғары
болған сайын, оның беймәлім болмыс алдындағы қорқынышы мен торығуы
да ұлғая түседі.
Балықшы балықшыны алыстан таниды демекші, діндар адамды атеист
емес, тек діндар ғана таниды. Сенімнің не екенін түсіндіре отырып,
Кьеркегор тек Құдайға деген сенім ғана адамды ӛзін құтқара алады деді.
«Егер адам мәңгілік санаға ие болмай, барлығының бастапқы негізінде тек
тылсым күш қана бар деп есептелінгенде, бұл күш беймәлім қорқыныш
туғызып, ол алып-кіші нәрселердің пайда болуына әкелетін еді. Егер
барлығының негізінде түпсіздік болып, ондағы түпсіздіктің орнын
ештеңемен толтыра алмайтын болса, ӛмір торығу болмағанда не болады?».
Кьеркегордың барлық шығармалары нақ осы идеяға негізделген.
Кьеркегор дәстүрлі философиядағы «категориялық тыйымдарды
(императив)» алып тастауға тырысты. Себебі ондағы адамгершілік кодекстер
жалпылану үстінде болатын. Оның басты жетістігі – философияны адамға
қарай бұруында, «адам мәселелерін» кӛтеруінде, субъективтік болмыс
(экзистенция) болмыс мәселелерін қарастыруында. Адам дегеніміз – бұл
еркіндік, сол себепті ол ӛзіне-ӛзі тӛре, ӛзінің еркіндігін ӛзі анықтайды деді.
Кьеркегордың субъектілік басты ұстанымы – Entweder – Oder («иә –
Достарыңызбен бөлісу: |