Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет212/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   313
Байланысты:
treatise20490

теориясына негіз болды: данышпан, ол бұл әлемнің адамы емес, сондай-ақ 
ол  негізделген  заңдарға бағынбайды  (ол  заңдарға  бағынатын  сана  ақыл  мен 
сана-сезімнен  жасалатын  ғылымды  жасайды),  данышпан  ерікті,  себебі  ол 
себеп, салдарлар әлемінен алыс, сондықтан да ақыл-есінен айырылудың сәл-
ақ  алдында  жүреді.  Осылайша  данышпандық  пен  ақылдан  алжасудың 
тоғысатын жерлері бар.  
 Шопенгауэр  ерікті  рационалдық  философиядағыдай  біздің  жеке 
әрекеттерімізден  іздемеу  керек,  адамның  күллі  болмысы  мен  оның  мәнінен 
іздестіру  қажет.  Күнделікті  ӛмірде  адамдардың  түрлі  себептер  мен 
салдардың, уақыт пен кеңістіктің нәтижесінде жасап жатқан әрекеттерін жиі 
кӛреміз, сӛйтіп ӛзіміздің еркімізге шек қоямыз. Бірақ бұл әрекеттердің шын 
мәнісінде сипаты бір, сондықтан да олардың себебін табу мүмкін емес.  
 Бұл  пайымдаулар  ерікті,  еркіндікті  жоққа  шығармайды,  ол  күнделікті 
ӛмірден  жоғары  тұрған  әлемге  ғана  тиесілі.  Адамның  санасы  оны  тануға 
қабілетті  емес.  Еркіндікке  әуел  бастан  трансценденталдылық  тән.  Бұл 
дегеніміз,  әрбір  адам  әуел  бастан  ерікті,  оның  істеген  істерінің  барлығына 
ерік негіз болады.  
 Бақыт  ұғымын  негіздеуде  де  Шопенгауэр  әдеттегіден  тыс  кӛзқарас 
ұстанады:  адамдар  барлық  замандарда  рақатқа,  бақытқа  ұмтылды,  бірақ 
олардың теріс жақтары бар, себебі олар  – бақыт пен рақат – шын мәнісінде 
жамандық атаулының жоқ болған кезі. Демек, адам ӛмірдің ләззат сезінбейді, 
әрдайым  қайғыға  беріледі  және  ол  адамға  тән,  ӛзгермейтін  нәрсе.  Басқаша 
айтқанда, бақыт дегеніміз уайым-қайғысыздық.  
 Шопенгауэр  иррационалды  кӛзқарастарды  нығайтуға  бастау  болды, 
Еуропа  философиясында  адамды  тек  ойлайтын  құралмен  теңестірген 
рационалды  кӛзқарасқа  еріктілік  компонентін  қарам-қарсы  қояды.  Еріктің 
алғашқы  екендігі  туралы  идеяларын  Фр.  Ницше,  А.  Бергсон,  У.  Джемс,  Д. 
Дьюи және т.б. қолдап, әрі қарай дамытты.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет