Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет243/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Л.Н.Толстойдың «Тәубе», «Менім сенімім неде?», «Құдай патшалығы 
біздің ішімізде» атты еңбектерінде жамандыққа күшпен қарсы болмау – оның 
моральдық  ілімінің  негізі  болды.  Оның  ойынша,  адам  болмысының 
драматизмі  ӛлімнің  бұлтартпастығы  мен  адамға  тән  ӛлшеуді  аңсаудың 
қайшылықтарында  болады.  Ӛз  рухын  құтқару,  ӛмірге  мән  беру  үшін  адам 
тіпті  ӛзі  жамандық  пен  зорлықтың  негізгі  нысаны  болса  да,  жамандық, 
зорлық  жасамау  керек.  Оның  моральдық  ілімінің  мағынасы  –  жамандыққа 
жамандықпен жауап бермеу, жамандыққа зорлық жасаумен жауап қайтармау 
керек, – деді. 
Л.Н.Толстой  ӛз  еңбектерімен  күн  кӛретін  қарапайым  адамдардың 
рухани тәжірибелеріне қарай отырып, олар ӛз рухтарын ӛлтірмеу үшін Құдай 
заңдылықтарымен ӛмір сүруге тырысатынын түсінді . Ол барлық адамзаттың 
басқа  бір білімі бар  және ӛмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  ақылға  сыймайтын 
сенімі бар екенін мойындайды. Оның философиясында сенім ұғымына адам 
ӛмірінің  мәні  туралы  білімі  кіреді.  Оның  нәтижесінде  адам  ӛзін  жоймайды, 
қайта  ӛмір  сүреді  деген.  Сенім  –  ӛмір  күші.  Осыдан  келіп,  Толстой:  «егер 
сенімге негізделсе, онда адам ӛмірінің мәні бар»  – деп мәлімдейді. Жазушы 
ӛнегелілік  идеалының  мәнісі  ескіні  бұзып,  ӛмірге  жаңа  негіз  салған  Христ 
ілімінде  толығынан  айтылған  деп  есептейді.  Алайда,  ұлы  реформатордың 
ілімі Евангелиеда баяндалған, оның айтуынша, ол православие догмасы мен 
басқа христиан шіркеулерінде бұрмаланған. 
Толстой : «Махаббат адамның ӛмір сүру жағдайының қажетті әрі рахат 
шарты. Оны ертедегі діни ілімдер де мойындаған»  – деді. Барлық ілімдерде 
Египет  даналарында,  браминдерде,  стоиктерде,  буддисттерде,  даосистерде 


достық  қалып,  аяушылық,  қайырымдылық,  қолдаушылық  және  махаббат 
рахымшылықтың  бастыларының  бірі  болды.  Жазушы  Христос  махаббатты 
мәнгі  идеал,  ӛмірдің  жоғары  заңы  ретінде  алынатындардың  деңгейінде 
биікке жоғарылатып жеткізді. 
Оның  баяндауларында  Христиан  махаббаты  мынадай  ӛсиеттерде 
берілген: «Ашуланба!», «Әйеліңді тастама!», «Ешкімге ешқашан ант берме!», 
«Жамандыққа күшпен қарсы тұрма!», «Басқа халықтарды дұшпан санама!». 
«Тарих  философиясы»  баяндауында  Толстой  адамзаттың  тарихи 
қозғалысын  қарастырды.  Ол  қозғалыс  үзіліссіз,  бұл  қозғалыстың  мәнін 
аңғару  –  тарихтың  мақсаты  деп  есептеді.  Толстойдың  пікірінше,  тарихта 
бостандық  пен  қажеттілік  маңызды  рӛл  атқарады.  Бұл  философиялық 
категориялар  адамдардың  әрекеттері,  қоғам  және  объективті  табиғат 
заңдарымен ӛзара қарым-қатынасты білдіреді.  
Бостандық  –  «шын  қажеттілікті  тануға»  сүйене  отырып,  адамның  ӛз 
қажеттері мен мақсаттарына сәйкес әрекет етуі.  
Қажеттілік  –  сол  кездегі  жағдайларда  бола  алмайтын,  бірақ  міндетті 
түрде  болатын  нәрселер.  Ол  бұл  құбылыстардың  ішкі  маңызды  ӛзара 
байланысынан,  қарым-қатынасынан  және  ӛзара  әрекетінен  шығатын 
құбылыстардың  дамуы  деп  түсінді.  Бостандық  пен  қажеттіліктің 
арақатынасы ылғи ӛзгеріп отырады, яғни дін, дұрыс мағына, адамзат, құқық 
ғылымы мен тарихтың ӛзі қажеттілік пен бостандықтың арасындағы қатынас 
деп түсінеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет