Олар жаһандық кӛлемде кӛптеген адамзат проблемаларын ұғынуға
ұмтылып, болашақтан не күтуге болатынын, адамзат ӛркениеті дамудың
қандай кезеңінде екендігін анықтауға тырысты.
Н.Ф.Федоров христиандық
және «ғарыштық» философияда ерекше орын алады. Ол білімнің барлық
санасында зор ойсана мен феноменальды еске ие болды (сол кезде ол туралы
Мәскеуде түрлі аңыздар айтылып жатты). Ол аскетикалық кейіпте ӛмір сүрді
және ӛз ӛмірін тек қана қоғамға қызмет етуге арнады. «Жалпы істің
философиясы» атты еңбегінде ол адамзаттың экологиялық және ӛнегелілік
дағдарыстарын адамның табиғатын ӛзгерте отырып табиғат ғылымы мен
ғарыштың үрдістерді басқарып отырып жеңуге болады.
Адамның міндеті – «барлық ортақ істердің» және теориялық пен
практикалық ақыл-ойдың жинақталуын іске асыру үшін ӛнегелі ӛмір сүру.
Адам табиғаттың соқыр күштерін жеңе алады және оны қажетті құралына
айналдыра алады. Федоров метеорологиялық үрдістерді басқару туралы және
күн энергиясын пайдалануды, оны кӛмірдің орнына қолдануға болатынын
айтты. Электромагниттік энергияны меңгеріп, оның қозғалысын кеңістікте
реттеу үшін кемелерді ғарышқа ұшыруды және басқа планеталарға қоныс
тебуді ұсынды. Ол адамзат ғылыми танымы мен еңбегінің арқасында ӛзінен
тыс және ӛз ішіндегі апатты күштерді меңгере алып, меңгеру және қайта
ӛзгерту мақсатымен ғарышқа шыға алады. Сонымен қатар Болмыстың жаңа
ӛлмейтін статусын бұрынғы ӛмір сүрген ұрпақты (толық құрамда ғылыми
тұрғыдан қайта тірілту арқылы) іздеп тауып алуға болады деп есептеді.
Федоров ноосфера идеяларын болжап білді, экология және қайта
қоныстану мен аштық мәселелерін кӛтерді және оларды дүниежүзілік
кӛлемде қалай шешу керектігін ұсынды. Федоровтың ілімі К.Э.Циолковский,
В.И.Вернадский, А.Л.Чижевскийлердің еңбектерінде кеңінен дамытылды.
Достарыңызбен бөлісу: