Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет241/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   313
В.И.Вернадский  (1863-1945  жж.)  «ноосфера»,  яғни  ақыл-ой  ӛрісі 
идеясын  ұсынды.  Ол  басқа  ғалымдардың,  негізінен  Тейяр  де  Шарденнің 
биосфера туралы түсініктерін әрі қарай нығайтты.  
Биосфера – табиғаттың ерекше түрі, онда тірілер мен жансыз заттардың 
ӛзара  әсері  туралы  айтылады.  Тірі  ағзалар  ӛледі  де  жердің  қабығына 
айналады.  Ол:  «тірі  табиғат  пен  ӛлі  табиғат  арқылы  сірескен  материяның 
«ӛзара әсері» биосфераны қалыптастырады».  
В.И.Вернадский  биосфераның  дамуының  жоғары  деңгейі  ноосфера 
болып  табылады,  –  деді.  Ол:  «...  адам  мәдениетінің  салалары  және  адам 
ойының кӛрініс табуы сияқты барлық ноосфера – шексіз, кішкене зат тәрізді 
жоғалып кететін ғарыштық кеңістіктен тыс жатады». 
Бұл термин арқылы жер бетінде болып жатқан ақыл-ойдың үрдістерге 
әсері,  оның  үстемдік  етіп,  ӛзінің,  тірі  табиғаттың  алдында  жауапкершілігі 
артқанға  дейін  күшейе  түсетінін  кӛрсеткісі  келді.  Ноосфера  біртіндеп 
жалпыпланеталық кӛлемде шын күш бола бастады. 


Адам оның әрекеті планетаның кейпін толығынан ӛзгертетінін кеңінен 
сезіне бастады. ХІХ ғасырда мұндай проблемалар болған жоқ, біздің қазіргі 
кезімізде жағдаяттар түбірінен ӛзгерді.  
Біз  бәріміз  ноосфера  қызметтерінің  жанама  нәтижелері  ретінде  қазіргі 
заманғы жаһандық проблемалардың кепілі мен жасаушысы боламыз.  
Тірі  мен  ӛлінің,  адам  мен  ғарыштың,  психикалық  және  физикалық 
нәрселердің бірлігі идеясы атақты орыс ғалымы  А.Л.  Чижевскийдің (1897-
1964  жж.)  кӛтерген  негізгі  мәселелері  болды  және  оның  ғылыми 
зерттеулерінің  бағытын  айқындады.  Осындай  батыл  гипотезаларды  алға 
апару  оның  кейінгі  эмпириялық  тексерістерінен  кейін,  ол  үшін  табиғатты 
ғылыми танудың негізгі әдісі болды.  
Ол «Әлемнің негізгі бастамасы» еңбегінде табиғаттың бірлігі бірыңғай 
табиғи  субстрат  пен  бірдей  ұстанымдармен  қамтамасыз  етілген  деп  жазды. 
ХІХ ғасырдың аяғында ашылған электрондардың «субстрат – алғашқы негіз» 
ретінде қарастырылды.  
«Материалдық  әлем  бірізділіктің,  заңдылықтың,  комбинацияның, 
бірыңғай  субстрат  –  электрондардың  аренасы»,  одан  әрі:  «...  табиғаттың 
механикасы  бірыңғай,  бәрін  сыйдыратын  ұстанымдарға,  яғни  барлық 
құбылыстар  бағынатын  энергияның  айналуы  ұстанымына  негізделіп 
орнатылған». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет