Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


 Психоаналитикалық философия (З. Фрейд, Э. Фромм, К.Г



Pdf көрінісі
бет283/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   313
Байланысты:
treatise20490

11.4. Психоаналитикалық философия (З. Фрейд, Э. Фромм, К.Г. 
Юнг) 
 
Психоанализ  (психикалық  талдау) – бұл З.Фрейд дамытқан санасыз 
психикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу және түсіндіру әдісі. Оның 
мәдениетті,  қоғам  мен  адамды  ұғынуға  арналған  гуманитарлық  пәндердің 
кешеніне  таралуы  Жаңа  уақыт  адамының  дін  аясынан  «шығып  кетуімен» 
шартталады. З. Фрейд (1856-1939 жж.), осы әдістің негізін қалаушы, санасыз 
құбылыстардың  табиғаты  мен  нышанын  «Түс  жору»  (1900),  «Тотем  және 
табу»  (1913),  «Психикалық  талдауға  кіріспе  бойынша  дәрістер»  (1915-
1917),  «Қанағаттану  принципінің  екінші  жағы»  (1920),  «Мен  және  Ол» 
(1923) «Психикалық талдау очеркі» (1938) жұмыстарында зерттеген. 
Фрейд  адамның  психикасы  бір-біріне  қарама-қарсы,  ӛзара  «саналыға 
дейінгімен»  ажыратылатын  екі  аядан  –  саналы  және  санасыздан  тұра-


тындығын  кӛрсеткен.  Санасыздық  аясының  адам  ӛмірінде  атқаратын  рӛлі 
ұланғайыр. Ол адаммен үнемі басылып келсе де, кейде түс кӛру, оқыс айты-
лыс,  жаңылыс  жазба,  еріксіз  қимыл,  невроз  түрінде  сырттан  кӛрініс  тауып 
жатады.  Санасыз  құбылыстар  иррационалды  әрі  уақытқа  тәуелсіз.  Фрейд 
бойынша  барлық  «рухани  процестер  негізінен  санасыз  болып  келеді».  Сана 
санасыздықтан жоғарырақ тұрады, ол сыртқы әлемнің із-таңбасы бола тұра, 
осы әлем мен санасыздық арасындағы делдал рӛлін атқарады.  
Адам  ӛміріндегі  санасыздық  пен  түйсіктің  рӛлін  анықтай  келе,  Фрейд 
психологияға ӛз мағынасына қарай екі қарама-қарсы ұғымды енгізеді – «ли-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет