Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет285/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   313
Байланысты:
treatise20490

 «Тотем және табу» жұмысында Фрейд психоанализ әдісін жалпыадами 
мәдениеттің аялары мен діни сенімдердің ерте кезеңдегі нышандарына тара-
тады. Сол арқылы ол ХІХ ғ. социологиясы мен антропологиясының дәстүр-
лері  рухында  адам  тіршілігін  биологияландыруды  жүзеге  асырады.  «Мен 
және  Ол»  кітабында  Фрейд психология  мен  философияны  жақындастыруға 
әрекет  жасап,  жеке  тұлғаның  үлгісін  негіздейді:  оның  құрылымы  мен 
қорғаныс  механизмдерін  сипаттайды.  Тұлға  құрылымы  Фрейд  бойынша 


«Оны» (санасызды), «Мені» (санасызға дейінгіні) және «Менен жоғарыны» 
(ұят  түрінде кӛрініс  табатын  сана) қамтиды.  «Менен  жоғары»  болған  кезде, 
адам психикасы бірыңғай тұтастық ретінде әрекет етеді.  
Фрейд ӛзінің тұжырымдамасының негізінде адам  – бірегей жаратылыс 
екендігін,  бірақ  ӛз-ӛзімен,  қоғаммен  және  мәдени  қағидалар  әлемімен 
мәжбүрлі  үздіксіз  соқтығысу  оның  тағдыры  болып  табылатындығына  қара-
мастан, ол «Менен жоғарының» кӛмегімен ӛзінің соқыр сезімін бағындырып, 
іс-әрекеттерін  шығармашылық  арнаға  бағыттау  арқылы  оларды  шеше  ала-
тындығын қорытындылайды.  
Адам  жан  дүниесінің  тұңғиығында  саналы  «Мен»  және  «Менен 
жоғары»-дан басқа санасыз «Ол» да жасырынатындығы Фрейдтің жаңалығы 
болып  табылады.  Егер  философияда  адамның  рухы  бейнебір  мінсіз  нәрсе 
ретінде  қарастырылатын  болса,  Фрейд  адамның  рухани  ӛмірін  генетикалық 
жолмен  берілетін  «Ол»  арқылы  анықталады  деп  санайды.  Бұған  қоса, 
«Оның» табиғаты туралы Фрейд ешбір жерде анық әрі нақты пікір айтпаған. 
Сексуалдық әуестік энергиясымен байланысты «Ол» адам бойындағы биоло-
гиялық  бастау  ретінде  болуы  тиіс.  Дегенмен  деректер  деңгейінде  адам 
бойында  мұндай  бастаудың  бар  болуы  расталмайды.  Осының  нәтижесінде 
Фрейд  «Ол»  туралы  адамның  мінез-құлығының  ерекшеліктерін  түсіндіретін 
бейнебір «ойша құрылым», ӛнертабыс ретінде айтады.  
Оның  ілімі  ХХ  ғасыр  мәдениетіндегі  негіз  қалаушы  құбылыстардың 
бірі – қоғамның рухани ӛміріндегі дағдарыстың ғылыми базасының кірпішін 
қалайды.  Бірақ  бұл  биологиялау  әдістерімен  жүзеге  асырылады.  Фрейд 
ілімінде  мәдениет  пен  жаратылыс,  норма  мен  патология  –  бәрі  де  орнымен 
ауысады.  Ғасырлар  бойына  қалыптан  тыс  әуестік  болып  саналған  нәрселер 
Фрейд теориясында либидоның қалыпты дамуындағы жай ғана кезең ретінде
және керісінше, әдеттегі мәдени ӛмір сексуалдық энергияны «жаратылысына 
қарсы» қолданудың нәтижесі болып шығады. Бұдан әрі осы тәрізді «бұрма-
лаулар» постмодернизмнің негізіне айналады, осылайша рухани ӛмір дағда-
рысы ӛзін «ғылыми» тұрғыдан ақтап шығып, тұлғаның патологиялық күйі – 
норма дәрежесіне ие болады. 
 Фрейд  ілімінің  мықты  тұстарын  сақтап  қалып,  оның  айқын  биоло-
гизмін  жоюға  деген  ұмтылыс  ХХ  ғасырда  психологияда  бірқатар  бағыттар-
дың,  соның  ішінде  швейцариялық  психолог,  психиатр  және  философ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет