Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет292/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   313
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Неопозитивизм және  постпозитивизм.  
2.Тіршілік ету философиясы. 
3.Философиялық  герменевтика,  структурализм  және  постструктура-
лизм. 
4.Психоаналитикалық  философия.  
5.Прагматизм 
және 
инструментализмнің 
ұқсастықтары 
мен 
айырмашылықтары неде? 
 
 
 
 
ХІІ Бӛлім 
 Саясат пен тарих философиясы 
 
12.1. Саяси философияның мәні 


 
Саясат  философиясы  ұтымды  әрекет  ету  механизмдерінің  құрылымын 
зерттеп немесе саяси идеялардың, тәртіптер мен жүйелердің тарихи контексі 
мен  саяси  қызмет  етуінің  механизмдерін  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен 
қатар,  ол  саясаттың  ең  терең  тұстарына  ӛтіп,  түр  ретінде  қарастырылатын 
адаммен  соншалықты  тығыз  байланысты  дәл  сол  құбылыстың  болмыстық 
тамырлары жасырынған ішкі ӛлшеулеріне дейін барады.  
Саясат
 адам баласының ең жоғары қабілеттерін нақты болмысқа қаты-
сты қолдану аясы болып табылады.  
Саясатты  ой  елегінен  тереңінен  ӛткізген  алғашқы  ойшылдардың  бірі 
Аристотель  болған.  Ол  мұны  «ең  жоғары  ӛнер»  деп  атаған.  Аристотель  са-
ясатта «адамдардың ұжымдық болмысының ең жоғары нышанын» кӛре біл-
ген.  Ойшыл  адамды  саяси  жануар  ретінде  санаған  (грек  тілінде  «zoon 
politikon»): адам бойындағы саяси еместің бәрі жануарларда да бар, ал саясат 
ӛзінің аяқталған түрінде жануарларда болмайды. 
Саясат адам баласының тіршілік етуінің саналы жалпылануы, әрі жал-
пы, объективті және ауқымды нәрселерді ұғыну осындай ұғынудан жасалған 
тұжырымдарды  бекітуге  бағытталған  әрекетпен  байланысты  болатын  сала 
болып  табылады.  Басқаша  сӛзбен  айтқанда,  саясатта  адамның  келесі 
кӛзқарастары  іске  асырылады  (қоғамдық,  ұжымдық  организмнің  бӛліктері 
ретінде): 1) ӛткенге, 2) сол ӛткенді ауқымды ой елегінен ӛткізуге және 3) жа-
салған  тұжырымдарды  кейін  іске  асыруға,  яғни  олардың  болашақ  барысын 
алдын ала белгілейтін қоршаған әлемге осы шақта жасалған ерікті проекци-
ясы. 
Адам  саясат саласына ӛзіндік  тәсілмен  қатысты: ол  саясат  болмысына 
белсенді қатысып, белгілі бір жағдайларда объект қана емес, субъект ретінде 
де бола алады. Саясат адамға әсер етеді (оның рӛлінің объектілігі де осында), 
бірақ адам да саясатқа әсер ете алады (мұнда оның субъектілігі қамтылады). 
Саясат  философиясы  ұтымды  әрекет  ету  механизмдерінің  құрылымын 
зерттеп немесе саяси идеялардың, тәртіптер мен жүйелердің тарихи контексі 
мен  саяси  қызмет  етуінің  механизмдерін  сипаттап  қана  қоймайды,  сонымен 
қатар,  ол  саясаттың  ең  терең  тұстарына  ӛтіп,  түр  ретінде  қарастырылатын 
адаммен  соншалықты  тығыз  байланысты  дәл  сол  құбылыстың  болмыстық 
тамырлары жасырынған ішкі ӛлшеулеріне дейін барады. 
Бүгінгі демократиядағы «билікті бӛлу» принципі билікті бастаудың са-
ясат  философиясының  ұғынуындағы  спонтанды  болмыс  апатымен  байла-
нысын саналы түрде азайтуға бағытталған. Демократиялық теориялармен кӛп 
тұстарында  үндес  келетін  либералды  теориялар  (олар  жиі  либерал-
демократия  тәрізді  құбылыспен  біріктіріледі)  мемлекеттің  (яғни  биліктің) 
жеке  тұлғалардың  шаруашылық  қызметіне  араласпауына,  экономиканың 
басқа  да  әлеуметтік-саяси  инстанциялардың  сыртқы  экономикалық  бақы-
лауынан  босатылуына  баса  назар  аударады.  Неғұрлым  бірізді  либералдық 
теориялар мемлекеттің біртіндеп жойылуы қажеттілігін алға тартады. Либе-
рализм  классикалық  демократтар  тәрізді  «халыққа»  (немесе  жалпы 
«қоғамға») емес, жеке тұлғаның ӛзіне бағдарланады.  


Саясат философиясы немесе саяси философия саяси әлемді тану теори-
ясы ретінде де, саяси болмыс туралы ілім ретінде де қатар жүре береді. Фи-
лософия мен саяси әлем аяларын қатар қарастыра келе, ол философия мен са-
яси ғылымның тоғысқан тұсында орын табады. Бір жағынан, саяси филосо-
фия жалпы философияның бір бӛлігі болып табылады. Сонымен қатар, тари-
хи дамудың белгілі бір кезеңінде дербес феномен ретінде ол жалпы филосо-
фия аясынан бӛлініп шығады. Екінші жағынан, ол саяси ғылыммен ӛте тығыз 
байланыста болады және ӛзінің жеке тұстарында соңғы аталғанның құрамы-
на жеке тармақ ретінде кіреді. Сондықтан оның тағдыры  философияның да, 
саяси  ғылымның  да  тағдарларымен  тығыз  байланысты  болатындығы  анық. 
Бұған қоса, оның социологиямен (әсіресе саяси социологиямен) қандай да бір 
жанасу  нүктелерінің  болмауы  мүмкін емес.  Саясилық  әлемі  адамзат  қауым-
дастығының  негізқалаушы  жүйелерінің  бірі  бола  тұра,  аса  күрделі  әрі 
кӛпқабатты  құбылыстар,  қарым-қатынастар  мен  процестердің  және  т.б.  ке-
шені болып табылады. Саясилық әлемінің маңызды құраушысы  – бұл саяси 
қарым-қатынастар.  Мұндай  қарым-қатынастардың  түрлі  саяси  институттар 
арасында да, түрлі әлеуметтік-саяси күштердің арасында да жүзеге асырыла-
тындығы  анық.  Яғни,  біріншілері  де,  екіншілері  де  саяси  қарым-
қатынастардың субъектілері ретінде бола алады. 
Сондықтан  саяси  болмыс  пен  феномендерді  қарым-қатынас  жүйесін, 
қоғамдық сана, әлеуметтік мәдени және саяси-мәдени салалармен де, нақты 
саяси әлемнің ӛзімен де бірдей байланыста болатын саяси коммуникацияның 
құралдары мен механизмдерін ескермей, ұғынуға болмайды. Саясилық субъ-
ективті  инфрақұрылымды  қамтамасыз  ететін  түрлі  идеялық-саяси  ағымдар 
мен идеология маңызды орында тұратын дүниетанымдық жүйе арқылы ӛтеді.  
Саясилық  әлемінің  орталығында  мемлекет,  билік,  билік  қатынастары 
оын алады. Олар саяси философия мен саяси ғылымның негізқалаушы кате-
горияларын  құрайды  және  саясаттың  мәні  мен  мақсатын  ұғынуға  жол  сіл-
тейді. Билік пен мемлекет табиғатына қатысты мәселенің басын ашып алған-
нан кейін, бүкіл қоғамдық жүйе мен қоғамдық қатынастар кешенінен саясат-
ты бӛліп кӛрсетуге болады. 
Билік мемлекет пайда болуынан әлдеқайда бұрын болған, ол адам бала-
сы үйірлі ӛмір сүру кейпінен бӛлініп шыққан кезде пайда болған. Әлеуметтік 
дифференциацияның  күшеюімен  және  мемлекеттің  пайда  болуымен  тайпа 
басшылары  беделінің  орнына  бұқаралық  билік  беделі  келеді.  Басқаша 
айтқанда,  мемлекет  те,  билік  те  ӛз  аттарына  сай  бір-бірін  толықтырып, 
күшейте  түседі.  Мемлекет  – билік пен билік  қарым-қатынастарының негізгі 
әрі  жалғыз  субъекті.  Дәл  осы  сапада  олар  саяси  әлемнің  орталық  элементін 
құрайды. 
Әдетте, саяси салада кӛбіне үкімет немесе мемлекеттің шынайы әрекет-
тері мен іс-шаралары ғана емес, олардың бағаланып, қабылдануы, ұсыныла-
тын контексті де маңызды болады. Осы қоғамдағы басым нормалар мен ере-
желер,  мінез-құлық  стереотиптері,  вербалдық  реакциялар,  саяси  символика 
және ұлттық  мәдениеттің  басқа да  құраушылары  маңыздылыққа  ие  болады. 
Қарастырылып  отырған  мәселеге  қатысты,  әңгіме  адамдардың  саяси  дүние-


танымдарының бірқатар маңызды аспектілері аударылған түрде ӛз орнын та-
батын саяси мәдениет туралы болып отыр. Саяси мәдениет  – бұл қандай да 
бір  ұлттық  немесе  әлеуметтік-саяси  қауымдастықтың  саясат,  саясилық, 
қызмет ету заңдары мен ережелері туралы түсініктерінің кешені. Саяси мәде-
ниет саяси саланың бірлігін, тұтастылығы мен шоғырлануын қамтамасыз ете 
отырып,  саяси  салада  ӛзін  ұстау  және  әрекет  ету  ережелерін  белгілеп 
тағайындайды.  Бұл  орайда,  саяси  мәдениет  формалды  саяси  институттарды 
жандандыратын бейнебір этнос немесе рухты құрайды.  
Саясилық әлемі екі дербес саладан тұрады: бүкіл деңгейлерде шенеулік, 
мемлекеттік  қызметкерлер  атынан  әрекет  етушілермен  жүзеге  асырылатын 
нақты  немесе  күнделікті  саяси  тәжірибе;  барлық  деңгейлерде  саяси  бағдар-
ламаларды,  идеологияларды,  стратегиялық  сипаттағы  курстарды  әзірлеу 
және оларды жүзеге асырудың жолдары, тәсілдері мен құралдарына қатысты 
шешім қабылдау саласы. Бұл М.Вебердің шенеуліктер мен саясаткерлер ара-
сында ӛткізген бӛлініске шамамен сәйкес келеді. Біріншісінің міндеті саясат-
кермен  қабылданған  шешімдерді  мүлтіксіз  кәсіби  орындаудан  тұрады,  бұл 
жағдайда  орындаушыға  саяси  шешімнің  бағыты  мен  мазмұны  үшін  еш 
жауапкершілік  артылмайды.  Мұндай  жауапкершілік  бағдарламалық  нұсқау-
лар мен оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын әзірлеу міндетін атқара-
тын саясаткерлерге жүктеледі.  
Саясилықтың кӛптеген ӛлшеулері болады – экономикалық, әлеуметтік-
мәдени,  әлеуметтік-психологиялық,  құрылымдық,  функционалдық,  дүниета-
нымдық және т.б. Сондықтан ол әлеуметтану, мемлекеттік-құқықтық ғылым, 
геосаясат, саяси ғылым және т.б. сияқты кӛптеген пәндерді зерттеудің ныса-
ны  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан  саяси  ғылым  мен  саяси  философияны 
зерттеу  тақырыптарын  шектеу  аса  ӛзектілікке  ие  болады.  Біріншісі  тарихи 
даму  мен  шынайы  әлеуметтік  болмыс,  сондай-ақ,  түрлі  әлеуметтік 
күштердің,  әлеуметтік-мәдени  және  саяси-мәдени  тәжірибенің  ӛзара  әрекет-
тесуі мен тоғысуы контексіндегі саясилыққа назар аудартады. Назарда – сая-
си жүйе, мемлекеттік құрылым, билік және билік қатынастары, саяси мінез-
құлық,  саяси  мәдениет,  саяси  оқулардың  тарихы,  саяси  процестің  субъ-
ектілері, партиялар мен сайлау жүйелері және т.б. сияқты ӛз сипатына қарай 
алуан түрлі институттар, феномендер мен процестер. 
 Саясаттану  мен  саяси  философия  пәндерін  ажырату  барысында  саяси-
лық әлемінің орталық субъекті ретінде әлеуметтік, саяси және экономикалық 
қана  емес,  сондай-ақ,  рухани,  әлеуметтік-мәдени,  саяси-мәдени,  моральды-
этикалық және т.б. жаратылыс болып табылатын адам тұратындығын негізге 
алу керек. Басқаша сӛзбен айтқанда, адам – саясаттың орталық субъекті, са-
ясат – ӛзара әрекеттесетін адамдармен атқарылатын функция. Әрекеттесуші 
адамдар  қандай  болса,  саясат  та  сондай.  Адамның  бір  мезгілде  қатысатын 
түрлі  тұрғылары  арасында  қандай  да  бір  ажырату  сызықтарын  ӛткізу  бекер 
әурешілік. Адамға жүгінген саясаттану философия, этика, мәдениеттану, т.б. 
мүдделердің аясына бас сұғады, ал соңғылары, ӛз кезегінде, саясаттанудың ӛз 
мүддері  аясына  енеді.  Біз  ӛз  әңгімемізді  осы  салалардың  тоғысқан  тұсында 
ғана саяси философия мен оған байланысты пәндер және рухани ӛмір салала-


ры:  саяси  антропология,  саяси  психология,  саяси  этика  және  т.б.  туралы 
қозғауға құқылымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет