Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Хинаяна  және  Махаяна  болды



Pdf көрінісі
бет35/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   313
Хинаяна  және  Махаяна  болды.  Хинаяна  негізінен  оңтүстік-шығыс 
елдерінде  бекітілді  және  Оңтүстік  Буддизмінің  атауын  алды,  ал  Махаяна 
солтүстік  елдерде  пайдаланылып,  Солтүстік  Буддизм  деп  аталды.  Олар  ӛз 
кезектерінде  кӛптеген  мектептерге  бӛлінді.  Олардың  арттарынан  ерушілер 
арасында  тӛрт  қайырымды  ақиқатты  түсіндіру  мәселелері  бойынша  талас 
туындады,  яғни  бұл  ашылу  Гаутамның  гүлденуінен  тұрды  және  мынадай 
«қайырымды  жүректің  дамуы»,  «ақиқатты  кӛру  үшін  ақылдың  дамуы» 
ұстанымдары болды.  
Будданың  барлық  оқулары  ауызша  және  ашық  түрде  берілген  жоқ. 
Олардың  кейбірі  болашаққа  арналды,  сондықтан  олар  ауыздан-ауызға 
мұғалімдер  мен  оқушылар  арқылы  жасырын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіліп 
отырды. Кейде Будда оқуы сынға да ұшырап отырды.  
Будда адам Нирванға жеткенде немесе ӛз мәселелерінен босатылғанда, 
онда таным ӛшіп қалған май шамдай, үзіледі немесе тоқтатылады. Бұл адамға 
жоғары күштердің кӛмегінің нәтижесінде Хинаяна жолына түсетіндігін, яғни 
уайымның ӛз шегіне жетіп, ақырында мүмкіндікті сезінуіне кӛмектеседі. 
 Негізгі  ережелерге  сүйене  отырып,  Хинаяна  әр  түрлі  үнді 
диалектілерінде бірі-бірінен біраз айырмашылығы бар 18 мектепке бӛлінеді. 
Тхеравада  мектептері  мысалы,  Шри-Ланкада  және  Оңтүстік-Шығыс  Азияда 
болып, пали тілінде оқуды сақтаса, ал Орта Азияда таратылған Сарвастивада 
мектебі санскритті пайдаланды.  
 Хинаяна  «кіші»  немесе  «қарапайым  дӛңгелекше»,  бірақ  сӛздің 
астарына  тӛмендету  реңін  берудің  қажеті  жоқ.  Дӛңгелекше  «ақыл 
қозғалысы» деген мағынаны білдіреді. Бұл белгілі мақсатқа апаратын ойлау, 
сезім,  әрекет.  Ол  «қарапайым»,  яғни  жоғары  мақсат  емес,  қарапайым 
жетістіктер  әдісі.  Хинаяна  кӛпшілік  үшін  емес,  ӛзі  үшін  ғана  еңбектеніп 
отырған  адамға  арналған.  Будда  болу  үшін  талпынудың  алдында  алдымен 
еркін  адам  болу  қажет  (санскритте  «архат»).  Мұнда  сонымен  бірге 
Махаянада  танылған  оқу  түрлері  бар.  Бұл  карма  туралы  барлық  оқулар 
(себеп-салдар байланысы); барлық этикалық ӛзіндік тәртіп ережелері, монах 
(сопы)  пен  монах  әйелдер  үшін  сопыхана  тәртіп  ережелері,  ақыл  мен 
эмоционалды 
сала 
әрекеттерінің 
қорытындысы; 
концентрацияға 
қабілеттілікті  қалай  дамыту  жағдайлары,  сондай-ақ  адасуды  болдырмай, 
нақты  шындықты  қалай  бойлауға  болады,  ақылға  қалай  жетуге  болады 
дегенді қарастырады. Хинаяна оқуы махаббат пен қайғыру сезімдерінің даму 
әдістерін  енгізеді.  Махаббат  ӛзге  адамға  бақыт  тілеумен  анықталады,  ал 
қайғыру – ӛзге адамдардың ӛз тақсыретінен шығуына деген тілектен тұрады.  
 Махаяна  бұл  жағдайды,  оларға  жақсылық  тілеумен  шектеліп  қана 
қоймай,  ӛзге  адамдарға  кӛрсеткен  ықпалды  кӛмегі  үшін  жауапкершілікті 
алуымен  қоса,  бұл  жағдайларды  дамытады.  Адамға  тән  шектеулілік 
салдарынан,  ол  ӛзгелерге  мейлінше  кӛбірек  кӛрсетуге  мұршасы  келмейді, 
Махаяна  ерекше  назарды  жеке  адамның  жүрегін  бодхичиттаның  кӛмегімен 
ашуға  бӛледі.  Бодхичитта  Будда  болуға  нұсқаманы  білдіреді.  Басқа  сӛзбен 


айтқанда, бұл тұлғаға тән барлық шектеуліктерді жеңуге және әрқайсысына 
кӛп  мӛлшерде  кӛмек  кӛрсету  мақсатында  барлық  мүмкіндіктерді  жүзеге 
асыруға  ұмтылатын  жүрек.  Будда  ілімі  –  дін  емес,  бұл  «Тірі  (тәжірибелік) 
этика».  Сондықтан,  Буддизмнің  айқын  ерекшелігі  этика-тәжірибелік 
бағытталғандығы болып табылады.  
Буддизм  діни  ӛмірдің  сыртқы  түрлерінің  озбырлануына,  әсіресе 
ритуализмге  ғана  емес,  ол  сондай-ақ негізінен  брахма-ведалық  дәстүрге  тән 
абстрактілі-догмалық  ізденіске  қарсы.  Будданың  негізі  тӛрт  асыл  ақиқат 
туралы ілімі Будда ілімі болып табылады. Бұл жағдайлардың түсіндірілуі мен 
дамуына,  соның  ішінде  ондағы  тұлға  автономиясы  туралы  түсіндірілуіне 
Буддизмнің  барлық  жорамалдары  арналған.  Одан  азап  шегу  және  босату 
Буддизмде  біріңғай  болмыстың  түрлі  жағдайларында  кӛрініс  тапқан:  азап 
шегу  –  кӛрініс  тапқан  болмыс  жағдайы,  босату  –  кӛрінбеген  болмыс 
жағдайы.  Осы  екеуіде,  біртұтас  бола  тұра,  ерте  Буддизмде  психологиялық 
шындық  ретінде,  ал  Буддизмнің  дамыған  формаларында  –  ғарыштық 
шындық  ретінде  орын  алады.  Босатуды  Буддизм,  ең  алдымен,  тілекті  жою 
ретінде,  нақты  айтсақ  –  құмарлықты  басу  ретінде  түсіндіреді.  Жетілген 
қанағаттанушылық  және  ӛзіндік  тереңдеушілік  жағдайы,  субъективті  (ішкі) 
болмыстың  абсолютті  тәуелсіздігі  –  «ықыластың  басылуының»  жағымды 
эквиваленті – босап шығу немесе нирвана деп аталады. Будда айтқан: «Адам 
мүлтіксіз,  салауатты  денесіз  рақаттануды  сезіне  алмайды».  Дегенмен, 
барлығының  басты  элементі  –  ой.  Барлығы  оймен  жасалады.  Ол  жақсылық 
пен зұлымдықты тудырады. Будда, біздің кармамыз – бұл ең алдымен біздің 
ойымыз  деп  үйреткен.  Біз  ӛзіміз,  ӛз  тағдырымызды  жасаймыз.  Адам  ӛз 
қателіктерін түсініп, оларды асыл істермен түзетуі қажет. Және ең алдымен 
адам санадан жоққа шығаруды аулақтатуы керек. Жоққа шығару арқылы, біз 
психикалық қуаттың дамуын тоқтатамыз, ал бұл рухтың ӛліміне алып келетін 
жол. 
Ӛзінің  алғашқы  ӛсиетінде  Варанаси  Будда  адамдарға  «тӛрт  асыл 
ақиқатты» ашқан:  
1. Адам  ӛмірі  азапқа  толы  (тууы,  ауру-сырқат,  кәрілік,  қалаған 
мақсатына жету мүмкіндігінің болмауы, ӛлім – осының барлығы азап шегуге 
алып келеді); 
2. Бұл  азаптың  себебі  –  материалды игіліктер  мен  сезімдік  рақаттарды 
кӛксеу (тршна);  
3. Сегіздік (ортаңғы) жолмен жүру арқылы азаптан құтылуға болады;  
4. Ықылас-тілекті баса білген адам, нирванаға жетеді.  
Ортаңғы (сегіздік) жолдың буддалық ұстанымы шектен шықпауға кеңес 
береді – сезімдік рақатқа құштарлық ретінде де, осы құштарлықты түбегейлі 
басу ретінде де. Адамгершілікті-эмоционалды салада Буддизм шыдамдылық 
ұстанымын  («ахамсы»)  сақтауға  шақырады,  оған  сәйкес  адамгершілік 
ұйғарымдар  міндетті  болып  саналмайды  және  бұзылуы  мүмкін,  барлық  тірі 
тіршілікке  залал  келтіруге  болмайды,  қоршаған  ортаңа  жұмсақ  және  жылы 
қарауың  қажет.  Сегіздік  жол  игілікке  мыналарды  қосады:  дұрыс  пайымдау, 


дұрыс шешім, дұрыс сӛйлеу, дұрыс ӛмір сүру, дұрыс талпыныс және дұрыс 
жинақталу.  
Буддизмде  жауапкершілік  пен  кінәні  абсолютті  түсіну  жоқ,  діни  және 
зиялы  мораль  идеалының  арасындағы  нақты  шектің,  соның  ішінде 
аскетизмнің  қарапайым  түрдегісін  жеңілдету  немесе  жоққа  шығарудың 
болмауы оның кӛрінісі болып табылады. Интеллектуалды ортада буддизмде 
танымның  сезімдік  және  дұрыс  формалары  арасындағы  айырмашылық 
жойылады  және  сырттай  қараушылық  ойлаудың  (медитация)  тәжірибесі 
орнатылады.  Оның  нәтижесі  уайымдау,  болмыстың  тұтастығын  мойындау 
(ішкі  және  сыртқыны  ажырата  алмау),  толықтай  ӛзіндік  тереңділік  болып 
табылады. Сырттай қараушылық ойлаудың тәжірибесі буддистер үшін әлемді 
танудың құралы ретінде емес, тұлғаның психикасы мен психофизиологиясын 
бұзу  құралы  ретінде  саналады.  Сырттай  қараудың  нақты  әдісі  ретінде 
буддалық йоганың атын алған, әсіресе дхьяндар танымал. Буддизм негізінде 
қоршаған  әлеммен  біртұтас  тұлға  ұстанымының  бекітілуі  және  әлем  де 
қатыстырылған ӛзіндік психологиялық болмысты мойындау жатыр. Осының 
есебінен,  Буддизмде  субъекті  және  объекті,  рух  және  материя  арасындағы 
қарама-қайшылық  туралы  кӛрініс,  түсінік  жоқ,  онда  жеке  және  ғарыштық, 
психологиялық  және  онтологиялық  жайлар  бірігіп  кетеді  және  осы  бір 
рухани-материалистік  болмыстың  біртұтастығында  жойылатын  ерекше 
әлеуметті күштің болуы бір уақытта ескеріледі. 
 Болмыстың 
шығармашылық 
бастауы, 
соңғы 
себебі 
әлемді 
құрастырушы  және  оны  бұзушы  ретінде  анықталатын  адам  белсенділігі 
саналады. Бұл рухани-денелік біртұтастық ретінде түсіндірілетін «мен» еркін 
шешімі.  Бұл  ұстанымды  түсіндіру  және  негіздеу  Буддизмді  Джайнизммен 
жақындастыра түседі. Буддизм үшін абсолютті емес мәннен барлық тіршілік 
субъектіге  қатыссыз,  тұлға  бойындағы  жасампаз  талпыныстың  болмауынан 
мынандай қорытынды шығады, бір жағынан Құдай ең жоғары жанды дүние 
ретінде  адам  мен  дүниеге  имманетті  (тән),  ал  екінші  жағынан  жаратушы 
және  құтқарушы  ретінде  Құдайдың  қажеті  жоқ.  Буддизмде  Құдай  мен 
дүниенің,  Құдайшылдық  пен  Құдайшылдық  емес  арасында  дуализм  жоқ. 
Будда: «Құдай – бұл адам және оның ең басты күші барлығы үшін еңбектену. 
Еңбек – бұл адамның «сыйынуы» деп үйреткен.  
Буддизм мәңгілік ӛзгермейтін субстанцияның болуын жоққа шығарады. 
Дүниенің  үнемі  ӛзгеретіндігін  түсіндіру  үшін  оның  ізін  қуушылар  оған 
ведалық  түсініктің  ең  мықты  мәнін  қосу  арқылы,  барлық  рухани  және 
материалдық  құбылыстар  болмыстың  шапшаң  элементтерінен  (дхарм) 
тұрады  деп  есептей  отырып,  дхарма  түсінігін  қолданады.  Бірақ  барлық 
дхармалар  субстанциялы  емес,  олардың  әрқайсысы  белгілі  бір  белгінің 
тасымалдаушысы 
болып 
табылады 
(осылайша, 
дхарма 
құлақпен 
қабылданатындар,  кӛзбен  қабылданбайды  және  т.б.)  және  уақыт  пен 
кеңістікте 
аралық 
жоқ. 
Басқа 
сӛзбен 
айтқанда, 
буддистердің 
интерпретацияларында  дхарма  ӛзіндік  белгінің  болуын  білдіреді.  Сыртқы 
діншілдікті  жоққа  шығарудан  бастаған  Буддизм,  ӛз  дамуында  мойындауға 
келді.  Бұл  ретте  буддизмнің  жоғары  ақиқатын  –  нирвананы  –  Буддамен 


теңестіру  орын  алды,  ол  адамгершілік  идеалды  кейіптеуден  нақтылы  түрде 
іске  асыруға  айналды,  осылайша  діни  эмоцияның  объектісі  және  бас  июдің 
пәні  болды.  Бір  уақытта  нирвананың  ғарыштық  аспектісімен  трикаи 
доктринасында  құрастырылған  Будданың  ғарыштық  концепциясы  пайда 
болды.  Буддалық  пантеон  оған  түрлі  мифологиялық  тіршілікті  енгізудің 
есебінен  ӛсе  бастады.  Отбасылық-тұрмыстықтан  бастап  мерекелікке  дейінгі 
будда  ӛмірінің  барлық  жақтарын  қамтитын  культ,  Махаянаның  кейбір 
ағымдарында,  соның  ішінде,  әсіресе  ламаизмде  күрделене  түсті.  Буддизмде 
касталық  идея  жоқ,  бірдей  мүмкіндіктерінің  болуы  тұрғысынан  барлық 
адамдардың теңдігі жарияланады. Индуизм сынды Буддизмде карма туралы 
айтылады,  бірақ  карма  идеясының  ӛзі,  мұнда  тіпті  ӛзгеше.  Классикалық 
индуизмде  карма  идеясы  парыз  идеясына  тым  жақын.  Түрлі  кастаға 
жататындықтан адамдар түрлі ӛмірлік және әлеуметтік жағдайларда дүниеге 
келеді  немесе  әйел  болып  жаратылады.  Олардың  кармалары,  немесе 
парыздары  –  кәдімгі  ӛмірлік  жағдайларда  «Махабхарате»  мен  «Рамаянеде» 
бейнеленген тәртіптің классикалық үлгісімен жүру. Егер кімде-кім, мысалы, 
шынайы әйел немесе шынайы құл ретінде ӛмір сүрсе, болашақ ӛмірде бәлкім 
оның  жағдайы  жақсырақ  болады.  Буддизмде  карма  бізді  бір  нәрсе  ойлауға 
немесе  жасауға  итермелейтін  «күштерді»  білдіреді.  Бұл  күштер  үйреншікті 
әрекеттер  немесе  тәртіптік  үлгілердің  нәтижесі  ретінде  пайда  болады. 
Дегенмен,  әрбір  күшті  сақтауда  қажеттіліктің  болмауының  салдарынан, 
біздің  тәртібіміз  қатал  детерминделмеген  болып  саналады.  Карманың 
буддалық концепциясы осындай.  
Индуизмде  де,  Буддизмде  де  қайта  туу  идеясы  бар,  бірақ  ол  әр  түрлі 
түсіндіріледі.  Индуизмде  перманентті,  ӛзгермеген,  дене  мен  ақылдан  бӛлек, 
ӛмірден  ӛмірге  ӛтетін  «атман»  немесе  «мен»  туралы  айтылады;  осы  бір 
«меннің»  (атмандар)  барлығы  дүниемен  немесе  Брахмамен  біртұтас.  Бұдан 
шығатыны, біз айналамызда кӛретіннің барлығы – елес, немесе шындығында 
біз  барлығымыз  біртұтаспыз.  Буддизм  бұл  мәселені  басқаша  түсіндіреді: 
ӛмірден ӛмірге ӛтетін «мен» болмайды. «Мен» қиялдың жемісі ретінде емес, 
бір  ӛмірден  екіншісіне  ӛтетін,  үздіксіз  және  тұрақты  бір  нәрсе  ретінде  ӛмір 
сүреді. 
 Бұдан  басқа  оның  ӛзгешелігі,  индуизм  мен  буддизмде  әрекеттің 
әртүріне, қиындықтардан босатылуларға ерекше мән беріледі. 
 Индуизмде  сыртқы  физикалық  аспектілер  мен  техникалар,  мысалы, 
хатка-йоганың  әр  түрлі  асаналарына,  классикалық  Индуизмде  –  Гангада 
тазалану жолымен жасару, сондай-ақ тамақтану тәртібі кӛрсетіледі. 
 Буддизмде  ішкі  техникаға  қарағанда,  ақыл  мен  жүрекке  әсер  ететін 
сыртқы  техникаға  кӛбірек  кӛңіл  аударылады.  Бұл  «қайырымды  жүректің 
жаралануы»  сияқты  мысалдарда  кӛрінеді,  «ақиқатты  кӛру  үшін  ақылдың 
дамуы»  және  т.б.  Бұл  ӛзгерістер  сондай-ақ,  мантрды  –  санскриттік  ерекше 
буындар  мен  тіркестерді  пайдалануда  байқалады.  Индуистік  сәйкестікте 
дыбыстың  айтылуына  екпін  жасалады.  Веда  уақытынан  бері  дыбыс  мәңгі 
және  ӛзіндік  ірі  күшке  ие.  Ал  бұған  қарама-қарсы  будданың  медитацияға 
сәйкестігінде дыбысқа емес, мантрға аса кӛңіл бӛлінеді.  


Буддизм брахманизм мен Индуизмнің туындауына мол әсер етті, бірақ, 
б.д.д. XII ғ. Үнді жерінен ығыстырылып, мүлде жоғалып кетті. Мұның басты 
себебі,  буддизм  идеяларының  Брахманизм  құрылысына  қайшы  келуі  еді. 
Демек, Буддизм б.д.д. III ғ. Оңтүстік-Шығыс және Орта Азия, Орта Азия мен 
Сібірдің кей жерлерінде тарай бастады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет