Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет32/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   313
 
2.6. Джайнизм 
 
Джайнизм  –  дуалистік  діни-философиялық  оқу  (б.д.д.VI-Vғғ.). 
Махавира  Вардхаманаға  негізделген,  лақап  аты  Джина  (Жын)  (самсар  мен 
карма  жеңімпазы).  Оның  қолдаушылары  адамның  екіжақты  табиғатын 
мақұлдайды:  оның  заттық  денемен  («аджива»)  және  жанмен  (Джива)  кейде 
субстанция  және  нәзік  материя  сияқты  әсер  ететін  карма  болып  табылады. 


Адам  ӛз  тағдырының  иесі  болып  табылатындықтан,  ол  ӛзіне  не  керек,  не 
керек еместігін ӛзі шешеді. Құдай – ол жан, бір кездері материалдық денеде 
ӛмір  сүрген,  бірақ  қайта  туудың  әсерімен  кармадан  босатылған.  Аскезді 
сақтап, дұрыс ӛмір сүріп, ӛзгеге жақсылық жасай білген кімде-кім карма мен 
самсардан  босатыла  алады.  Джайнистер  адам  рухани  тәжірибесімен  ӛзінің 
материалдық мәнін тексеріп, ӛзін басқара алатындығына сенеді.  
 Діни  және  философиялық  пайымдаулар  негізінде  джайнизм  дәстүрлі 
«Үш  құндылық»  деп  атайтын  этиканы  жасайды.  Бұл  дұрыс  сенім  негізінде 
мүмкін дұрыс білім беретін дұрыс түсінік, түрлену доңғалағы мен кармадан 
босатылуға  әкелетін  дұрыс  ӛмір.  Самсарадан  адамның  ӛзі  ғана  босатыла 
алады.  
 Дүние  құрылымын  суреттей  келе,  джайнистер  дүние  атомистикалық 
құрылымға  ие  дейді:  физикалық  объектілер  (сезіммен  қабылдайтын) 
атомдардан  тұрады.  Атом  («ану»)  ӛте  аз,  бӛлінбейді,  мәңгі,  ол  пайда 
болмайды  және  бүлінбейді,  салмағы  бар,  анағұрлым  ауыр  атомдар  тӛменге, 
ал жеңілдері жоғарыға ұмтылады. 
Ғарыш  та  атомдар  сияқты  мәңгі,  ешкіммен  жасалмаған,  мәңгі,  нақты 
және  нақты  еместерді  ӛзіне  енгізеді,  тыныштық  және  қозғалыс  ортасы 
(қозғалыс  эволюциялық  дәне  қарапайым  болып  бӛлінеді),  кеңістік  және 
уақыт.  Кейде  уақыт  жалпы  формасы  іспетті  дүниенің  ӛткенінен  болашаққа 
қарай қозғалысын білдіреді.  
Дүниедегінің  бәрі,  жан  мен  кеңістіктен  басқасы,  материядан:  заттар  – 
сезіммен  қабылданатын,  анағұрлым  дӛрекі  материядан,  карманың,  ағза 
кӛмегімен  сезуге  болмайтын,  әр  түрлі  формалары  жұқа  материядан  тұрады. 
Материя – бұл мәңгілік субстанция. Ол кез келген форманы қабылдай алады 
және кез келген сапаны бұза алады, ол – қуатты алып жүруші, оған қозғалыс 
тән. Материя жұқалық пен кӛрінудің әр түрлі алты формасында ӛмір сүреді.  
Танымның 5 түрі туралы оқуы джайнизмнің канондық құрамдас бӛлігі 
болып табылады:  

 сезім  мен  сана  ағзаларының  кӛмегімен  алынған,  қарапайым 
таным; 

 белгілердің,  символдар  немесе  сӛздердің  кӛмегімен,  яғни 
бейнелеу құралымен алынған, таным – куәлік; 

уақытымен 
және 
кеңістікте 
ажыратылған 
заттар 
мен 
құбылыстарды, яғни кӛріпкелдікпен тікелей тану; 

 ӛзгелердің ойларын тікелей тану, яғни телепатия; 

барлық  субстанциялар  мен  модификацияларды  қамтитын, 
кеңістікпен,  уақытпен,  құралмен  шектелмеген,  «кевала»  –  аяқталған  білім. 
Танымның бұл түрі жанын самсарадан босатып, тазартылғандарға ғана тән.  
 Таным нақтылығы оның тәжірибесінің тиімділігінде кӛрініс табады.  
 Қазіргі  тілмен  айтқанда,  білім  ақиқатының  критерийі  –  тәжірибе. 
Нақты  емес  таным  жоқ  заттардың  байланысын  қарастырады.  Осылай,  біз 
қателескенде  жіпті  жыланға  балаймыз,  жылан  жоқ  жерден  оны  кӛреміз. 
Нақты  танымның,  нақты  емес  танымнан  айырмашылығы,  нақты 
танымқайшылықтан еркін. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет