мен туыстары, категориялары туралы ілім, яғни түсіндірмелі
диалектиканың, таным теориясының дамуының қажетті кезеңдері, логиканы
дамыту кезеңдері деп айтуға болады. Таным туралы Платон ілімі болмыс,
диалектика, оның космологиясы, тылсымдылық ілімдерімен тығыз
байланысты.
Платон ӛзінің гносеологиясын жасаудағы шығармашылық кезеңінде
алғаш рет антикалық философтарды таным үдерісінде «ақылмен санасу ойша қорыту» (интеллигибельді) түсінігімен байланыстырды. Оның
гнеосологиясы онтология секілді жан туралы ілімнің ажырамас бӛлігі
(«Менон», «Пир», «Мемлекет»). Платон болмыстың сәйкес түрлерімен,
білімнің алуан түрлері бар деген қорытындыға келеді. Материалдық әлемнің
пәні болып табылатын сезімдік таным Платон бойынша «болуы мүмкін емес»
деп есептелген, екіншіден, ол түпнұсқа туралы мәліметтерді емес, «кӛзге
кӛрінетін» болмысты сипаттайды. Ақиқат білім ақыл, санамен ал оның
зерттеу пәні идея әлемі, яғни кӛне болмыстың ақиқатын кӛрсетеді. Басқаша
сӛзбен айтқанда, Платон идеясы сезімтал әлемнің болжағыш себептері мен
бейнесі.
Білім түрлерін анықтай келе, Платон келесідей қорытынды жасайды,
болмыстың ақиқаттылығын тану үшін танымның екі түрімен, болмыстың екі
анықтамасы арасындағы қарама-қайшылықтарды – гераклиттық және