Ақын Данте Алигьери (1265-1321 жж.) Қайта ӛрлеу дәуірінің атасы
деп саналады. Ӛзінің «Құдіретті комедиясында», «Жаңа ӛмір», «Пир», «Монархия» атты еңбектерінде ол – адамзаттың бастауын бірліктен табады.
Адам ӛз бойындағы жеке қасиеттерге, ақыл-ойына, ӛз бақытына жауапты.Ол
үшін жұмаққа апаратын оның діни сауаты мен жер бетіндегінің барлығын
білетін антикалық ойшыл, оратор және ақын Вергилий болып табылады.
«Құдіретті комедияның» персонаждары Сигер, Брабантский, Фома Аквин-
ский, Демокрит, Сократ, Платон. Ал осы ӛмірдің картинасын ол
неоплатонизм бағытында суреттейді.
Данте неоплатонизмге сүйене отырып, қоршаған ортаны, табиғатты
адамнан бӛліп-жарып қарамайды. Оның пайымдауынша, адам табиғи
құндылықты жерден, қоршаған ортадан алса, рухани құндылықты діннен,
Құдайға сыйынудан алады. Философия – мемлекет басқаруда, ал шіркеу – Тәңірлік хандыққа жол сілтеуші. Монарх шіркеуге тәуелді болмауы керек, ал
адам ӛмірінің мәні аскетизмде емес, ӛмірдің жергілікті шартын жетілдіруде. Философияда гуманистік бағыттың негізін қалағандардың бірі