Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет118/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   313
Байланысты:
treatise20490

«Құтты білік» дастаны 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұрады. 
Кезінде  бұл  кітапты  шығыс  патшалары  алғызып  оқитын  болған.
 
Жүсіп 
Баласағұнидің  дүниетанымында  оны  кесек  философиялық  ой-толғамдарын 
саяси-әлеуметтік  тұжырымдар,  әдептілік  ережелері,  мемлекет  басқару 
заңдылықтары,  ғылым-білім  жиынтығы  құрайды.  Ғұлама  әлемдік 
үйлесімділік  негізінде  әділетті  адамзат  әулетін  құруды  армандады. 
Сондықтан  да  ол  ғылым  мен  білімге  зор  мән  берді.  Баласағұни  ұғымдарды 
әділдіктің,  бақыттың,  ақылдың  және  момындықты  атайды.  Тарихи, 
психологиялық,  педагогикалық  ілімдердің  жеке  адам  туралы  ғылыми 
теориясына  сүйене  отырып,  Жүсіп  Баласағұндай  халқы  үшін  күй  кешкен 
адамдардың тұлғалық қалыптасуына, дамып-жетілуіне тума қасиеттер, ӛскен 
ортасы,  әлеуметтік  жағдайдың  ықпалы  зор  болғаны  айтылды.  Бұл 
энциклопедияда  Түркі  ӛркениетіндегі  ӛмір  сүру  құндылығы  баса  айтылады 
(М. Орынбеков).
 
Баласағұн философ ретінде және тәрбиелік тағылымға толы 
педагог ретінде артына ӛшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, ӛнеге қалдырған адам. 
Оның үйретуінше адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі 
–  қоғамдық  жағдайлардың,  айнала  ортаның  ықпалымен,  оң  әсерімен  тәрбие 
арқылы  және  адам  табиғатын  туысынан  –  дүниеге  келумен  бірге  болатын 
қасиеттер  арқылы  қалыптасатыны  қозғалды.  Жүсіп  Баласағұн  адамның 
дамуы,  ӛсуі  –  тәрбиенің  жетістігі  дей  отырып,  адам  бойындағы  ізгілік, 
ізеттілік,  қайырымдылық  –  бәрі  адамға  тек  тәрбие  арқылы  беріледі  дегенді 
баса  айтады.  Ғұлама-ойшыл  осы  еңбегінде  адамның  мінез-  құлықтарының 
нормалары  мен  ережелерін,  әр  түрлі  қоғамдық  дәрежедегі  жіктердің  бұл 
қоғамды  басқарудағы  міндеттері  мен  қызметтерін  белгілеп  береді.  «Құтты 
білік»  атты  кітабы  –  бограханов  тілінде  түрік  сӛздерімен  жазылған  ӛмірлік 
ақыл-ойдың философиялық ескерткіші. 
Ғұлама ойшылдың: «Адам ӛледі, бірақ оның сӛзі ӛлмейді», «Ақылдың 
кӛркі – сӛз», «Тілдің кӛркі – сӛз», «Адам кӛркі – кӛзінде» деген ұлағатты сӛзі 
ӛз мағынасын жойған жоқ. 
Баласағұн  гуманизмі  «Диуани  Лұғат  ат-түрк»  атты  үш  томдық  түркі 
энциклопедисының  авторы  Махмұт  Қашқари  (1029-1101  жж.)  еңбектерінде 
ӛз  жалғасын  тапты.  Онда  тарихи-мәдени,  этнографиялық  және 
лингвистикалық материалдардың үлкен мұрасы сақталған. Махмұт Қашқари 
бұл  еңбегінде  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерін  мекендеген  түркі 


халықтарының фольклорын, лирикалық әуендерін, қаһармандық жанрындағы 
эпос  үзінділерін,  тарихи  мұралар  мен  аңыз  әңгімелерін  баяндаған.  Кітапта 
қазақ тіліне енген тӛрт жүзден аса, оның ішінде бізге жеткен 875 сӛз бен 60 
нақыл  сӛздер,  мақал,  мәтелдер  жинақталған.  Бұл  энциклопедияда  ХІ 
ғасырдағы  түркі  халықтарының  ӛмір  салты  мен  қазіргі  қазақ  халқының 
наным-сенімі, мұсылмандық және суфийстік діни кӛзқарастары тұрғысынан 
ұқсастығын байқаймыз. 
 Ӛзінің  қалдырған  мұрасында  Қашқари:  «Бұл  кітапты  мен  алфавиттік 
ретпен  құрастырдым,  оны  нақыл  сӛздермен,  саджамен,  мақал,  ӛлең 
шумақтары,  раджазамен  және  прозаның  үзінділерімен  әшекейледім. 
Қиындықты  жеңілдеттім,  түсініксіз  дүниені  түсіндірдім  және  жылдар  бойы 
еңбек  еттім:  оған  ӛздері  оқып  ӛскен  ӛлеңдерді  қостым,  осылайша  олардың 
аталарының  білімдерімен  таныстырғым  келді  және  де  ӛздері  ақыл  айтқанда 
қолданатын  нақыл  сӛздерін  ұрпақтан-ұрпаққа  қалдырсын  деген  ниетпен 
жаздым.  Сонымен  қатар  кітапта  мен  есте  қаларлық  жайттар  мен  әйгілі 
сӛздерді жинақтадым, осының арқасында кітап биік шыңға кӛтеріліп, үлкен 
сұранысқа  ие  болды»  деген  екен.  Бұған  келесі  үзінділерді  оқи  отырып,  кӛз 
жеткізе аламыз: 
«Күндер  уақытты  асығыстыққа  итермелейді,  адам  күштерін 
тежейді. Бұл оның заңдылығы, бұған қарамастан ол барлығына бірдей. Егер 
әлем  көздеп  тұрып  оғын  атса,  таудың  шыңы  да  сынады».  «Ұлым,  саған 
жақсылыққа  құмар  болуды  мұрагерлік  етемін.  Жақсы  жар  тауып,  оның 
соңынан ер». «Күн мен түннің ауысуы өткінші өмір секілді өтеді де кетеді. 
Кім оларға қарсы келсе күшінен айырылады». «Дүние мен зат адамның қас 
жауы. Дүниені жинағаным – төменге тартатын терең суға батқаным деп 
біл».  «Барлық  азаматтар  дүниенің  кесірінен  құртылды.  Байлықты  көрген 
сәтте  олар  грифтің  қазынаға  жолыққанындай  атылады.  Өз  мүліктерін 
өздері қолдануға қимай, кедейлікке тап болғандай, алтын жинауға кіріседі. 
Дүниенің  кесірінен  пенде  Құдайды,  отабасын,  ұлдарын,  туыстарын 
ұмытып,  өздерін-өздері  тұншықтыруда».  «Жақсылыққа  құмар  бол,  бірақ 
оған жеттім деп көкіректік танытпа». «Еккен адам ғана, жемісін көреді». 
«Үлкенге құрмет көрсету сауап жинау». 
Қашқари адам танып, зерттейтін барлық ғылым салалар, соның ішінде 
діни  және  философиялық  салаларға  қатысты  терминдердің  практикалық 
түсінігін  жалпытүркі  тілінде  және  қыпшақ  тілінде  жазған.  Бұл  сӛздікті  оқи 
отырып,  біздің  кӛз  алдымызға  прототүркілердің  ӛмір  салты  кӛзімізге 
елестейді. 
  
Түркі  ойшылы,  мәдениет  пен  тілді,  атажұртымызды  ұмытпай, 
оларды пір тұтып, достық қарым-қатынаста болумыз керектігін ӛсиет еткен. 
Адам  табиғатты  сүйіп,  үлкендерді  құрметтеп  парызын  ӛтеуі  керек.  Олар 
намысшылдық, кеңпейілділік пен мақтан тұтарлық қасиеттерге ие болулары 
керек.  Осылайша,  Қашқари  түркі  халықтары  бойынан  табылатын  бағалы 
қасиеттерімен ұрпаққа үлгі болулары керек дейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет