Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет205/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Феноменология  термині  философияның  ұғымдық  аппаратына  1700 
жылы  еніп,  сана  мен  тәжірибенің  шындықтан  абстракциялануы  дегенді 
білдірді.  Сондай-ақ,  алғашқы  сезімдерден  бастап,  ақылды  ойға  қатысты 
ӛзіндік  сана  саласындағы  тарихи  зерттеулерді  де  қамтыды.  Гуссерль 
феноменологияны  мән  және  оны  күнделікті  тәжірибеге  енгізу  актісін 
зерттейтін  философиялық  әдіс  ретінде  анықтайды.  Ол  қандай  да  бір 
философиялық немесе ғылыми нәрселер туралы айтқанда «Заттарға оралу!» 
ұранын  ұстанды.  Оларға  оралу  үшін  Гуссерль  әлем  рефлексия  (түсіну) 
басталғанға  дейін  ӛмір  сүретінін  дәлелдейтін  редукцияны  (мәлімет) 
философияның  құрайтын  бір  бӛлшегі,  пәні  ретінде  енгізуді  ойлады.  Ол 
феноменологияны  ӛмірлік  тәжірибеге  ие  болудың  әдісі  деп  түсіндірді. 
Феноменология әдісі адамға осы тәжірибенің уақыт пен кеңістік ішінде қалай 
пайда болатынын кӛруге мүмкіндік береді. Тәжірибенің пайда болуын және 
оның  себептерін  түсіндірместен,  Гуссерль  осылайша  тәжірибенің  ӛмірдегі 
шынайы, тура бейнесін сипаттауға тырысқан еді. Осы мақсатта ол «epoche» 
ұғымын  ұсынады,  ол  заттардың  мағынасын  қоршаған  әлемдегі  шынайы 
қалпына сүйене отырып түсіну дегенді білдірді.  
Бұл  ретте  сананың  қандай  да  бір  затқа  кӛңілі  ауып,  назарға  алуы 
объективтілікті,  объективті  шындықты  түсіну  дегенді  білдірмейді. 
Гуссерльдің  ойынша,  «назарға  алу»  объективтік  кеңістікті,  объективтік 
уақытты  және  сонымен  бірге  адамның  ойланып-толғану  процесі  мен 
құбылыстарын  қамтитын  объективтік  әлемді  қамтиды.  Бұл  ғылыми 


зерттеулерді  метафизикалық  сипаттағы  кез  келген  дәлелсіз  деректерден 
тазалауға  мүмкіндік  береді.  Осылайша  феноменологиялық  «тазалану» 
ғылымның зерттеу пәнін танымға ыңғайлы етеді. Мұндай философиялық пән 
нақты бір адамның шығармашылығына байланысты емес және қандай да бір 
күштің нәтижесі емес, яғни бұл «пән ретінде ғылымға керек таза пән». Затқа 
деген  мұндай  феноменологиялық  кӛзқарас  «кері  қарай,  заттарға!»  оралуды 
болжайды.  Гуссерльдің  түсінігінде  «заттың  мағынасы»  және  «заттың  мәні» 
дегеніміз  «ноэма»  (грек  тілінен:  «noema»  –  «ой»),  яғни  зат  туралы  ойдағы 
бейнелер немесе ойдың заттың бейнесі болып табылады.  
Гуссерль  заттың  жасалуы  дегеніміз  жасалатын  зат  дегенді 
білдірмейді,  себебі  құбылыстар  жасалмайды,  оларды  ӛткереді  деді.  Ой-
толғанысты  ӛткеру  ол  абсолюттік  субъективтілікті,  «сана  ағымын» 
бейнелейді  және  ол  затқа  бағытталады.  Сана  интенционалды  (intentio  – 
ұмтылыс)  белсенді,  яғни  ұмтылысы  белсенді  болғандықтан  да  заттық 
болады.  Сана  әрдайым  ӛзіне  белгіленген  шектен  шығып,  затқа  бағытталып 
отырады, яғни «интенционалдылық әуел бастан болмайды, ол қызмет арқылы 
пайда болады» деді.  
 Гуссерльдің  ойынша,  біздің  санамыз  зат  туралы  мағыналарды 
қалыптастырады. Сананың интенционалдылығынан, яғни оның затқа мағына 
қалыптастырушылық тұрғыда бағытталуынан, алғаш рет сана құбылысынан 
бӛлек  сана  феномені  мәселесі  пайда  болды.  Сана  феноменінде  алғаш  рет 
бар-зат  мәселесі  туындады.  Феноменологиялық  тазаланған  сана үшін  зат  ол 
қызмет етуші (заттық ӛмірдегі әрекетінде) зат емес, бар-зат, яғни сана оның 
мағынасын қалыптастыратын бар-зат болып есептелінеді.  
Осылайша, ол сана феномені (немесе таза сана, шын мәнісіндегі  сана) 
мен  сана  құбылысының  (жасалатын  сана,  сананың  белгілері)  ажырата 
қарады.  Феноменологиялық  редукция  (бір  нәрсенің  қарапайымдануы) 
сананың  екі  қырын  анықтауға  кӛмектесті:  ноэма  ретіндегі  сананы  (ойдың 
заттық  мазмұны)  және  ноэзис  ретіндегі  сананы  (заттың  мағынасын 
қалыптастыру).  Заттар,  Гуссерль  бойынша,  ноэматикалықтан  ноэтикалық 
түрге  ауысады,  заттан  мағынасының  жасалуы  барысында  пайда  болған 
қасиет-белгілерге ие затқа айналады.  
Субъекті  мен  заттың  мағыналық  (мағына  қалыптастырушы) 
байланысының алдыңғы орынға шығуы – сана құбылысы (сананың мазмұны, 
ноэма)  мен  сана  феноменінің  (мағына  қалыптастырушы,  ноэзис) 
айырмашылығынан 
туындайтын 
феноменологиялық 
мағына 
болып 
табылады.  
Гуссерль бойынша, феноменология сӛздегі барлық мағыналардың және 
мағына түрлерінің қалыптасуынан және теориялыққа дейінгі сипатталуынан 
тұрады. Ол сӛзді сол күйінде тану арқылы жүзеге асады. Феноменологиялық 
әдіс  сол  себепті  де  бір  ғана  мақсатты  кӛздейді  –  зат  ӛзі  талап  еткен  әдіс 
арқылы сипаттай отырып, оның мағыналық бейнесін беру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет