Мақсат дегеніміз алға қойылған биік мұратқа ұмтылу, оны іске асыруға әрекет ету. Мақсат жас ұрпақтың болашағын алдын-ала ойластырып, оларды өмірге әзірлеу барысында жүргізілетін тәрбие жұмысының нәтижесінде жеке адамға тән сапалық қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсаты– педагогиканың ең маңызды мәселесі. Тәрбие мақсаты– ол педагогикалық процесс пен қоғамдылық қажеттілігіне, қоғамның бетбұрысына қарай өзгеріп отырады және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығы мен тәрбиеленушінің көздеген мұратына қол жеткізуіне байланысты келеді.
Тәрбиенің мақсаты - жастардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу.