идеялардың тәуелсіз құқықтары мен тұлға бостандығына негізделген
қоғамдық ӛмір мен мемлекеттіктің берік үйлесімді бірлігіне қол жеткізуге
болады деп сендірді. Чичериннің негізгі философиялық идеялары оның
«Ғылым мен дін» (1879), «Ғылымдағы мистицизм» (1880), «Логика мен
метафизиканың негізі» және т.б. еңбектерінде баяндалған. Жас кезінде
гегельдік философияға қатты еліктеп, ол әрі қарай да оның тұғырлы
ұстанымдарын басшылыққа алды.
Чичерин: нағыз шындыққа философиялық тұрғыда қарау «қарама-
қайшылықтардың», бәрінен бұрын материалдық әлем мен «ойлайтын
субъектілердің» үйлесім табуында, – деп жазды. Ақылды тірлік иесі ретінде
адамдардың іс-әрекетін прогрестің әмбебап – онтологиялық сипаты
анықтайды, ең сонында бұл әрекет абсолюттік рухта тамырланады, ол
адамзаттың және әлем дамуының диалектикалық үдерісін бағыттайды.
Чичерин тек адамға тән бостандықты жоғары бағалады. Ол шекті және
шексіз тірлік иесі бола отырып, адам басынан бастап Абсолютке қатысты», –
деді.
Адамның «абсолюттілігі» мен «шексіздігі» бірінші кезекте оның
ақылымен және абсолюттік рухтың ақиқат түрі ретінде анықталады.
Чичериннің айтуынша, әлемдегі ӛтіп жатқан құбылыстарды аңғарудың
«жоғары ғылымы» тарих болып табылады, атап айтқанда, тарихтың
метафизикасы. Тарихи үрдістерде ол идеялардың даму логикасын
айқындайды. Онда ол осы үрдістің мәнін кӛрсетеді, сондықтан тарихи
пәндердің арасында адам ойының тарихы, философия тарихы үлкен маңызға
ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: