қоғамдық
ӛмірді
жақсарту
үшін
революциялық
акциялардың
мағынасыздығына кӛз жеткізіп оралды. Адам табиғатында басынан берілген
жамандықты революциялар жоя алмайды. Алайда, оны бұрынғыша «орыс
социализмі» идеясы қызықтырды. Ол оны қауымдық пен жақынына деген
махаббатқа негізделген алғашқы христиандық рухта түсіндірді.
Достоевкий «адамдар әлемі күшпен құтқарылмайды», – деді. Ол
революционерлерді «адамдарды зорлыққа итермелейтін әзәзіл» деп атады.
Әрбір адамда осы әзәзілдердің бір бӛлігі болады, бірақ жамандық пен
зорлықтың үстінен жақсылықтың басымдылығы ақиқат. Бір адамның
ӛміріне, бір тамшы қанға, бір баланың саусағы немесе кӛз жасына құрбан
болуды алдына
мақсат етіп қоятын нәрсе жоқ, болмайды да.
Еуропа мен Достоевский сыни қарым-қатынаста болды. Ол: Батыс теріс
пиғылда, онда «ағайындық» бастау болмайды және индивидуализм, эгоизм,
утилитаризм ӛркендейді. Ол Батыстың әлеуметтік, рухани дамуының
болашағын кӛрмейді. Достоевскийдің бір кейіпкері Батыс Еуропаны «ең
қымбат зират» деп атайды.
Ойшыл XIX ғасырдың 60-жылдары Лондонда Герценде болды. Онда
ол капиталистік Батыстың «мещандық идеалының» орнына «жаңа орыс
идеясы» – «почвенничествоны» енгізді. Оның мәні қоғамның жоғары
қабаттарын орыс халқымен, қауымдық идеяны алға апарушы «барлық
туысқандарды бір махаббатқа, бейбітшілікке, революциялық емес түрде
біріктіру». Достоевский бұл идеяда католицизмнің, материалистік және
атеистік емес мұрасын, махаббатқа негізделген және «барлық әлемдік бірігу»
христиандық-православиелік социализмде «біздің орыс социализмінің»
тамырларын кӛреді.
ХХ ғасырдың 60-жылдары орыс жерінде В.Астафьев, В.Белов,
П.Проскурин, Н.Рубцов, А.Яшин сияқты үздік ӛкілдер қатысқан жазушылар,
ақындар, публицистер арасында осыған ұқсас «деревнялықтар» қозғалысы
пайда болды.
Достоевскийдің барлық шығармашылығы – діни-философиялық
тұрғыда Құдайды іздеуге және адам болмысын ашуға толы. Онда бір құпия
бар, оны ашу керек деді. Ол адам танымында ақыл-ойдың шектелуі
мүмкіншіліктерін кӛрсете отырып, тұлғаның маңызын «ақылды субъектіге»
түйістіруге
болмайды, ол рационалды философияда қабылданған деді.
Жазушы рационалды білімге және иррационалды ерікке «орыс
руханилығын» – «уақтылы емес ойларға» және махаббаттың, міндеттің,
моральдық «архаикалық» ұғымдарына қарама-қарсы қойды.
Ойшыл адам жанының тереңінде бірінен-біріне ауысатын жапа шегу
және ләззәт алу, ұятсыздық және ар-ұят сияқты «демондық» және
«Құдайлық» бастамалар бар деді. Адам табиғаты екі жақты болады.
Жақсылық немесе жамандықтың жеңуі ӛзіне байланысты. Сенім мен
сенімсіздіктің
проблемаларын
қарастыра
отырып,
Достоевскийдің
кейіпкерлері: «Егер Құдай ӛлсе, онда бәріне рұқсат етілген», – деп, мәселені
турасынан қояды. Олар бірден: «Адамға Құдай керек!» деген жауапты
таңдайды. Құдай жоғалса, ӛмірдің мәні де жоғалады.
Достоевскийдің айтуынша, адамның күрделілігі оны қалыптастыратын
факторлардан (биологиялық және әлеуметтік) тұрады. Оның құрылымында
(саналы және санасыз), ал оның ӛнегелі салаларынан жақсылық пен
жамандық кӛрінеді. Адамның күрделі салаларынан байқалатыны –
сонғысында бәрін анықтайтын нақты нәрселер бар. Бұл адам тұлғасының
сипатын ашады.
Достоевский ӛз шығармаларында
рухани тазару, ӛнегелі құндылықтар –
махаббат, намыс, ұят, әділдік, бақыт туралы кӛп айтады. Осы кезде ол
адамның ары ӛшпейтін нәрсе, тек сол ғана адамдарды бақытқа кенелтетініне
сенеді. Оның «Нақұрыс», «Қылмыс пен жаза» романдарында гумандық
дегеніміз – бұл кешіре білу және басқадан ӛзінің қабілеті жетпейтіндерді
талап ете алу. Гумандық, Достоевскийдің пікірі бойынша, алдында әлем де
тұра алмайтын ӛнегелі құндылық. Ол үшін бұл – аксиома.
Достоевскийдің айтуынша, әлеуметтік жамандықтан адамды оның
рухани еркіндігі мен жауапкершілігін қамтамасыз ететін христиан этикасы
ғана құтқара алады. Оның ойынша, адам ӛз-ӛзіне, ӛзінің материалдық
табиғатына «қан тамырлары ақауы және күнәлары» болып табылады.
Сондықтан тыйым салынбаған адам табиғаты шексіз эгоизмді жеңеді. Оның
ойынша, шын сенім, «адамды қайта жасаумен», аскетизммен, моральдық
және ӛнегелілік ӛзін-ӛзі жетілдірумен кездеседі.
Ол батыс қоғамына тән сословиелердің жауласуынан қаша отырып,
еуропиялық ӛркениеттің нәтижелерін меңгеру керек деп есептеді.
Провославиемен тікелей байланысты этикалық идеалды жалпылай іске
асыруда Достоевский орыс халқының тарихи міндетті ісін кӛре білді.
Орыстың ұлттық идеалының «барлық адамилығын» дегеніне кӛндіре
отырып, ол Батысқа ешқандай жауласу жоқ деп түсіндірді. Достоевскийдің
ойынша, «Орыс идеясы» – бұл еркіндік пен бір ұлттың, бір индивидтің
кӛлемінде бір-бірінің қарым-қатынасына қарай жалпыға тән кешірім сұрауы,
ал болашақта – барлық халықтың рухани еркіндігінің шеңберінде бірігуі мен
ӛнегелі тазалығы жатыр.
«Ағайынды Карамазовтарда» ойшыл орыс халқының терең ӛнегелі
тамыры бар екенін, ішкі еркіндіктің моралін білдіруші екендігін баса
кӛрсетеді. Сондықтан ол Ресейден «бүкіл адамзаттың қайта тірілуі мен оның
жаңаруын» күтті. Ол орыс адамы ұлтына қарамай, «барлық адамзатқа жаны
ашиды», ӛйткені оның жалпы азаматтық инстинкті бар деп сендірді.
Сондықтан «орыс идеясы Еуропа ӛзінің және ұлттарында дамытып жатқан
барлық идеялардың жинақталуы болады», – деді .
Достоевский православиенің түпкі тамырында адамға берілген барлық
еркіндік сақталады, бірақ православие топырағында хаосты жеңу мүмкін
емес, – деп ӛзіне есеп берді. Әлеуметтік қарама-қайшылықтар адамзатқа
бірдей моральді күштеп жапсыру арқылы емес, барлық адамдарды шіркеуге
шақырып, жарастыру арқылы шешілуге тиіс. Бүкіл ӛмірін «шіркеулік ӛмірге»
арнауды ол Ақсүйектік ӛмірдің шіркеулік жарғыға бағынуы ретінде емес,
ӛмірдің еркін және ішкі христиандық бастамалардың жағдайы ретінде
түсінді. Шындығында бұл Вл.Соловьевтің литургиясына сәйкес келеді.
«Ағайынды Карамазовтар» романы – адамдардың саналы түрде жақсылық
пен жамандықты таңдауын Достоевскийдің философиялық тұрғыда
ұғынуының биік шыңы.
С. Моэм бұл шығарманы «барлық уақыттың және барлық халықтың ең
үздік, кӛрнекті кітабы» деп атады. «Ағайындылар» мәтініне Ұлы инквизитор
туралы аңызды қосады. Ол романның «шарықтау шегі» болып табылады.
Сонымен қатар ӛз бетінше Құдай – Адам – Христың жеке тұлғасы туралы
философиялық шығарма болып есептеледі. Аңыздың кӛпжоспарлы
концептуальды символикалық мазмұны онда теодицеяны кӛруге,
антихристиандық бағытталушылық туралы басқаларға айтуға мүмкіндік
туғызады.
Кәсіби
философ
болмай
тұрып-ақ
Достоевский
Ресейде
экзистенциализмнің негізін қалады және XIX-XX ғғ. аяғында діни
философиялық ойлар мен мәдениеттің қалыптасуына әжептәуір әсер етті.
Атақты
орыс
философы
Флоровский:
оған
идеялардың
кӛпжоспарлылығы жүйесін бере отырып: «нағыз метафизикалық тәжірибенің
тереңдеуі мен жан-жаққа қарай қозғалысы», – деп атады.
Достоевскийдің кӛзқарастарының күрделілігі мен қарама-қайшылығын
Т.Манн былай деді: «Барлық адамзаттың және оған деген махаббаттың
атынан: бүкіл тозақтық азап пен танымның тереңдерінен ӛткен және
риторикадан айырылған жаңа гумандықтың атынан».
Достарыңызбен бөлісу: