Адам оның әрекеті планетаның кейпін толығынан ӛзгертетінін кеңінен
сезіне бастады. ХІХ ғасырда мұндай проблемалар болған жоқ, біздің қазіргі
кезімізде жағдаяттар түбірінен ӛзгерді.
Біз бәріміз ноосфера қызметтерінің жанама нәтижелері ретінде қазіргі
заманғы жаһандық проблемалардың кепілі мен жасаушысы боламыз.
Тірі мен ӛлінің, адам мен ғарыштың, психикалық және физикалық
нәрселердің бірлігі идеясы атақты орыс ғалымы
А.Л. Чижевскийдің (1897-
1964 жж.) кӛтерген негізгі мәселелері болды және оның ғылыми
зерттеулерінің бағытын айқындады. Осындай батыл гипотезаларды алға
апару оның кейінгі эмпириялық тексерістерінен кейін, ол үшін табиғатты
ғылыми танудың негізгі әдісі болды.
Ол «Әлемнің негізгі бастамасы» еңбегінде табиғаттың бірлігі бірыңғай
табиғи субстрат пен бірдей ұстанымдармен қамтамасыз етілген деп жазды.
ХІХ ғасырдың аяғында ашылған электрондардың «субстрат – алғашқы негіз»
ретінде қарастырылды.
«Материалдық әлем бірізділіктің, заңдылықтың, комбинацияның,
бірыңғай субстрат – электрондардың аренасы», одан әрі: «... табиғаттың
механикасы бірыңғай, бәрін сыйдыратын ұстанымдарға, яғни барлық
құбылыстар бағынатын энергияның айналуы ұстанымына негізделіп
орнатылған».
Достарыңызбен бөлісу: