Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет110/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы

Диагностикасы қиындық тудырмайды. 
Қиындық тудырған жағдайда қосымша әдістерге жүгінеді. Иодты 
Бальцер сынамасын қолданады: теріні иодтың 5% спиртті 
ерітіндісімен 
зақымдалған 
аймақ 
және 
болбыр 
мүйізгекті қабаты бояғанда, 
сау 
теріге 
қарағанда 
интенсивті 
сары 
немесе 
қоңыр түске жақсы боялады 
(43-сурет).
Кей жағдайда 
иодтың 
орнына 
1-2% 
анилинді бояу ерітінділері 
қолданады, 
“жоңқалар” 
феноменін қолдануға болады 
(Бинье симптомы): дақтарды 
айнамен 
қырған 
кезде 
болбыр 
мүйізгекті 
қабатының жоғарғы қабаты қабыршақтанып түлейді.
Клиникалық жасырын зақымдалған ошақтарды анықтау үшін, 
ртутты-кварцты лампа қолданылады, оның сәулелері айна арқылы 
өтіп, никель тұздарымен импренерленеді (Вуд сүзгісі-фильтрі). 
Зерттеу қараңғы бөлмеде жүргізіледі: кебекті теміреткінің 
дақтары 
жарыққа 
қою-қоңыр 
немесе 
қызғылт-сарыға 
флюоресценцияланады.
 
43-сурет. Әртүрлі түсті теміреткі 
(Бальцер сынамасы) 


Клиникалық белгісіз, соның ішінде бастың шашты бөлігінің 
терісінде ошақтарды ерте анықталып, тиімді ем қолдануға және 
рецидивтің алдын алуға мүмкіндік береді. 
20-30% 
cілтілі 
ертіндімен 
(KOH 
немесе 
NaOH) 
қабыршақтарды микроскопиямен зерттегенде саңырауқұлақ 
элементтерін анықтауға болады. 
Емі.
Түрлі-түсті теміреткінің негізгі емінде кератолитикалық 
және саңырауқұлаққа қарсы препараттар қолданады. Шектелген 
түрлерінде сыртқы антимикотикалық заттар: кетоконазол, 
бифоназол, киотримазол, тербинафин және т.б. қолданылады. 
Клиникалық көріністерін жою үшін бұл препараттарды крем 
немесе жақпамай түрінде тәулігіне 1-2 рет 5 күн бойына жағу, 
әдетте жеткілікті болады.
Тербинафин спрейін түрлі-түсті теміреткемен зақымдалған 
ошақтарға және айналасындағы сау тіндерге 1 аптада 2 рет 
жағады. Тербинафин терапиясынан кейін (1% крем немесе спрей) 
басқа препараттарды тағайындаудың қажеті жоқ. Альтернативті, 
бірақ тиімді әдістер болып ересектерде 20% және 10%, балаларда 
бензил-бензоат ерітінділерімен тәулігіне 1 рет 3-5 күн немесе 10% 
күкіртті-салицил жақпамайы немесе терінің зақымдалған 
ошақтарына 60% сулы гипосульфит натрий ерітіндісін, содан 
кейін 6% ас қышқылы ерітіндісімен (Демьянович әдісі) өңдейді. 
Жайылған 
түрлерінде 
жергілікті 
терапиядан 
нәтиже 
болмағанда, жүйелі антимикотикалық препараттар тағайындайды: 
итроконазол 100 мг/тәулігіне тамақтан кейін 15 күн және 200 
мг/тәулігіне 7 күн бойына. 
Флуконазолды 150 мг-нан аптасына 1 рет 4-8 апта бойына 
тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет