жатады.
Candida
albicans
штаммалары
макроорганизм
гомеостазының
әртүрлі
өзгерістерінде
өзінің
патогенді
қасиеттерін
күшейтетіндігі
анықталды.
Candida
саңырауқұлақтарының
шартты-патогенді
вируленттілігінің
белсенділігіне қоршаған орта факторлары саңырауқұлақтардың
организмге енуіне көмектесетін (экзогенді), микроорганизм
қарсылығын төмендететін эндогенді факторлар, саңырауқұлақтың
өзінің вирулентті қасиеттері, олардың
патогенділігін қамтамасыз
ететін факторлары алып келеді. Қоршаған ортаның қолайсыз
факторларының арасында дене қызуы, тері мацерациясы мен
тершеңдік, теріге және кілегей
қабаттарына кәсіби зиянды
әсерлер (қышқылдар, сілтілер, цемент, еріткіштер), кондитерлік
өндірістерде, ақуыз синтездейтін гидролиздейтін цехтарда ауа
құрамында саңырауқұлақ
спораларының көп болуы, тері
жарақаттары, әсіресе консервалық өндірістік шикі заттарда осы
саңырауқұлақтардың болуы, тиімсіз гигиеналық режимге алып
келеді.
Кандидозға қантты заттармен және жидек шырындармен,
қымыздық, алма, лимон, сүт қышқылдары
мен сілтілер тері
мацерациясына алып келетін кондитерлік және консервалық
өндірістердің жұмысшылары ауырады. Жақсы қоректік ортада
(монша,
бассейндер,
тағам
өндірісінің
жұмысшылары)
саңырауқұлақ вируленттілігі жоғарлайды. Тері мацерациясы
сонымен қатар сатушыларда да болады.
Эндогенді факторлар өте көп.
Бірінші орынға иммундық
жетіспеушіліктер,
метаболизм
аурулары
(қант
диабеті,
диспротеинемия, жаралы колиттер, дисбактериоз, семіздік)
шығады. Ауруға созылмалы инфекциялық процесстер, қан жүйесі
аурулары, жаңа түзілістер, микседема,
тиреотоксикоз, Иценко-
Кушинг
ауру,
жоғары
тершеңдікпен
вегетодистония,
авитаминоздар алып келеді. 1 жасқа дейінгі балалардың өмірінде
кандидоздың патогенезінде ашытқы флорасының тіршілігінің
тежелуіне, сонымен қатар сілекей бөлінудің физиологиялық
жетіспеушілігі және сілекейде
ашытқыға қарсы лизоцим
активтілігінің төмендеуіне, қан сарысуындағы фунгистазының
активтілігінің төмендеуі маңызды роль атқарады. 1 жасқа дейінгі
балаларда
кандидоздың
дамуына
Candida
туыстығының
саңырауқұлақтарының өсуіне қолайлы орта болып ауыз қуысына
асқазан ішіндегі қышқылды жиі лоқсу алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: