Сабақтың тақырыбы
|
Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі;
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау:
|
Сабақ мақсаттары
|
1. адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
2. асқорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттер арасындағы өзара байланысты орнату;
|
Бағалау критерийлері
|
адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттайды;
асқорыту жолының бөлімдері мен олардың қызметтері, асқорыту бездері мен олардың ферменттері арасындағы байланысты анықтайды;
нәруыздар, майлар мен көмірсулар қайда және қалай қорытылатынын түсіндіреді;
|
Дағдылар
|
- сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: асқорыту ферменттері, секреция, абсорбция, амилаза, лизоцим, пепсин, липаза, трипсин, крахмал.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Асқорыту дегеніміз не?
2. Асқорыту жолдарындағы мүшелердің маңызы?
3. Қандай заттар асқорыту мүшелерінде қорытылмайды?
|
|