Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет216/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   386
Алдын алу. 
Экземаның алдын алуында балаларда маңызды 
орынды өмірлік тиімді режим мен анасының жүктілік кезінде 
тамақтануы алады. Экземамен ауыратын балаларға вирустармен 
инфициялану өте қауіпті (бірінші орынды герпес вирусы алады). 
Бұндай жағдайда ауыр ағымды және өлімі жоғары түрі Капоши 
экземасының герпетикалық формасын жоққа шығару қиынға 
соғады. Ересектер мен балаларда экземанынң рецидивінің алдын 
алу үшін жүйелі диспансерлік бақылау және ремиссия сатысында 
санаторлы-коруртты ем алу қажет.
Гигиеналық ережелерді сақтау экземаның барлық формасында 
маңызды болып келеді. Бұл екіншілік инфекцияның алдын алады. 
Ұсақ фоликулиттерді фукорцинның немесе анилин бояғышының 
1-2% сулы немесе спирт ерітіндісін жағу керек
.

2.7.3.
 
Н
ЕЙРОДЕРМИТ 
Бұл папуланың байқалуымен және лихенификацияның 
дамуымен сипатталатын созылмалы қышитын дерматоз.
Этиологиясы мен патогенезі.
Ауру орталық нерв жүйесінің 
функциялық өзгерістерімен және терінің нерв талшықтары мен 
рецепторлық 
аппаратының 
органикалық 
өзгерістеріне 
байланысты. Эндокриндік бұзылыстар және ішек-қарын 
жолдарының патологиялары айтарлықтай орын алады.
Клиникалық көрінісі
.
Қатты қышу пайда болады; тұрақты 
қаси бергесін ұсақ, тегіс, ромб тәрізді, жылтырақ папулалар пайда 
болады. Алғашқыда олардың түсі сау терінің түсінен 
ажыратылмайды, 
кейін 
қызғылт-қоңыр 
түске 
енеді. 
Лихенифицирленген қатпарлар құрайды. Олардың шекарасы 
шайылып кеткен, бетінде қабыршақтар, экскориациялар, қанды 
қабыршақтар көрінеді. Нейродермитті 3 түрге бөледі:
 шектелген, 
жайылған (диссеминирленген) және диффузды.
Шектелген нейродермит.
 
Мөлшері 10х15 см немесе одан да 
үлкендеу ошақтар мойынның артқы немесе қаптал беттерінде, 
жамбас-сан қыртыстарында, құйрықаралық қыртыста, аралықта, 
ұма немесе үлкен жыныс ернінде орналасады. 3 аймақты бөледі: 


ортасында-лихенификация, оның айналасында – ұсақ лихеноидты 
папулалар, шетінде – гиперпигментация 
(111, 112-сурет)

Диссеминирленген нейродермит:
жоғарыда көрсетілген 
бірнеше нейродермиттік ошақтардан тұрады. 
Диффузды нейродермит: 
терінің лихенификация және 
жекеленген папулезді тегіс элементтер түрінде жайылған 
зақымдалуы. Тері жер түстес.
Диагноз
қою клиникалық көріністері негізінде жүргізіледі.
Ажырату диагнозы 
экземамен, атопиялық диатезбен, 
ересектер қотырымен жүргізіледі. 
Емі.
Шектелген түрінде - кортикостероидты жақпамайлармен 
(бетаметазон-белодерм, 
белосалик, 
клобетазол-дермовейт, 
флутиказон-кутивейт), нафталанды, солидолды жйне басқа 
жақпамайлармен жергілікті ем жүргізіледі. 
Диффузды түрінде – гипосенсибилизациялық ем, қысқа 
курспен глюкокортикоидтар (преднизолон 20-40 мг) ішкізуге 
тағайындалады. Курорттық ем күкірттті-сутегі ванналарын 
қамтиды. 
Физиотерапиялық 
процедуралар: 
электроұйқы, 
селективті фототерапия және басқалар. 
Кеңес беру. 
Науқасқа аурудың негізін, пайда болу себептерін 
анықтау үшін тексеру қажеттілігін түсіндіреді. Замануи ем мен 
бақылау науқастың қалыптасуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет