Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет213/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   386
 
 
 
109-сурет. 
Себореялық экзема
 
110-сурет. Дисгидротикалық
экзема 


болады және клиникалық көрінісі бойынша басқа этиологиялы 
экземалардан айырылмайды.
Дисгидротикалық экзема
 
эпидермистің мүйізгекті қабаты 
қалың болғандықтан
 
эритематозды сатысы шамалы білінетін 
алақан мен табанда орналасады, бірақ жақсы қалыптасқан 
«крахмал жармасы (саго) дәні» басым болады. Көпіршіктер 
жарылып эрозияға айналады немесе серозды іріңді қабатты 
қабыршақтанып, кебеді, ал кейде көп камералы ірі көпіршіктерге 
айналады. Біртіндеп ұлғайып дисгидротикалық экземаның ошағы 
қол және аяқ басының бетіне және аяқ-қолдың басқа жерлеріне 
таралуы 
мүмкін 
(110-сурет)

Бұндай 
жағдайларда 
микровезикулалардың, ылғалданудың, «серозды құдықтың» 
пайда болуымен идиопатиялық экземаға айналады. Көптеген 
науқастарда дисгидротикалық экзема тырнақтардың трофикалық 
өзгерістерімен білінеді.
Тилотикалық 
(мүйізді, 
күс 
тәріздес) 
экзема
дисгидротикалық экзема сияқты алақан және табан аймақтарымен 
шектеледі. Эритематозды сатысы мүйізгекті қабаты күлдіреуік 
элементтердің орындарында күстенген тәрізденіп, қалың 
болғандықтан шамалы білінеді.
Балалар 
экземасы

Экссудативті 
компоненттің
басымдылығымен ерекшеленеді және генетикалық бейімділікте 
пайда болады. Экссудативті диатез байқалатын балаларда жиі 
фокальды созылмалы инфекция ошақтары, бронхиальды астма
жедел респираторлы аурулар, конъюнктивиттер, кератиттер, 
асқазан-ішек бұзылыстары анықталады. Ең жиі кездесетін 
шынайы микробты және себореялық экзема. Емшектегі және ерте 
жастағы балаларда көп таралған дерматоздар болып есептеледі. 
Емшектегі балалардағы экземалардың дамуына жүктіліктің 
асқынуы және анасындағы қосалқы аурулар (нефропатия, қант 
диабеті, 
жүрек-тамыр 
жетіспеушілігі, 
созылмалы 
гепатохолецистит, созылмалы инфекция ошақтары және 
басқалар) 
себепші 
болады. 
Сонымен 
қатар, 
жасанды 
тамақтандыру, асқазан-ішек жолдарының ферментопатиялары 
және 
осыған 
байланысты 
түрлі 
тамақтық 
өнімдерге
сезімталдықтың жоғарлауы, жиі ЖРВИ-мен ауру, баспалар, 


отиттер, дұрыс күтім жасамау балаларда экземаның пайда 
болуына бейімдейді.
Балалардағы экземаның морфологиялық көрінісі ересек 
адамдардағы бөртпелермен ұқсас. Тек, экссудативтік белгілердің 
айтарлықтай айқындылығын, элементтердің қосылуға және 
импетигинизацияға бейімділігін атап өту қажет. Балалар 
экземасының ерекшеліктері онын орналасуына, вирусты 
инфекцияның қосарлануына және ерте жастағы балаларда 
кенеттен «экземалық» өлімге әкелуіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет