Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет273/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   386
Мерез жіктелісі. 
Ағзаға бозғылт трепонеманың енуі мен 
көбеюіне аурудың белсенді кезеңі мен тері мен кілегейдегі еш 
өзгеріссіз кезеңімен ауысып отырады (жасырын, латентті 
кезеңдер). Француз сифилидологы Рикор мерездің классикалық 
ағымында 
кезеңдер 
алмасуының 
заңдылығын 
байқаған. 
Сифилистің ағымында инкубациялық, біріншілік, екіншілік, 
үшіншілік кезеңдерін ажыратады. 
Ресей елінде мерездің қабылданған жіктелісі бар. Оның 
негізіне науқас медициналық көмекке алғаш жүгінген кездегі 
ауру кезеңі алынған. 
Мерездің ағымы
.
Мерезде белсенді және жасырын көріністер 
кезектесіп отырады. Сифилидологтардың бақылауынша кейбір 
адамдарда ауру жұққаннан соң ұзақ уақытқа симптомсыз 
жасырын кезеңі өтетіні анықталған. Ауру күтпеген жерден оң 
серологиялық реакциялар немесе кенеттен болатын ішкі 
мүшелердің немесе нерв жүйесінің зақымдалуы болғанда 
анықталады. Мерездің бұндай ағымы «беймәлім» 
(lues ignorata)
деп аталады, себебі науқас та, дәрігер де жұққан кезді анықтай 
алмайды. 


Мерездің мынадай кезеңдерін ажыратады: инкубациялық; 
біріншілік; екіншілік; үшіншілік. Серологиялық реакциялар 
мерездің кезеңдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңді 
серонегативті және серопозитивті, екіншілікті – жаңа, жасырын 
немесе қайталамалы, үшіншілікті – белсенді және жасырын деп
бөледі. 
Инкубациялық кезең – аурудың жұққан кезінен бастап 
алғашқы клиникалық белгілердің – қатты шаңкрдің (біріншілік 
сифилома) байқалғанына дейінгі мерзім. Инкубациялық кезеңнің 
орташа ұзақтығын ұзақ уақыт 3 апта деп санаған. Дегенмен кейбір 
ғалымдар аурулар кезінде (ОРВИ, баспа, пневмония, гонорея 
және т.б.) салыстырмалы аз дозады антибиотиктерді қолданғанда, 
оның 1,5–2 айға дейін ұзаруы мүмкін екенің айтады. Демек, жедел 
гонореямен ауыратын науқастар аурудың көзі анықталмаған 
жағдайда оларға ұзақ уақытқа диспансерлік бақылау мүмкін 
болмағандықтан, мерезге қарсы емді бастау қажет. 
Сирек туберкулезбен, алкоголизммен әлсіреген адамдарда 
инкубациялық кезең (15-18 күн) қысқарады.
Биполярлы шанкрлар (тері мен кілегейлерде бір уақытта 
бірнеше шанкрлардың пайда болуы) инкубациялық кезеңді 
қысқартады. Ағзаға түскен бозғылт трепонемалардың саны да 
инкубациялық кезеңнің ұзақтығына әсер етсе керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет