Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет290/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   386
 
146-сурет. Рупиоидты 
пустулезді сифилид


бейім. Депигментация аймақтарына йодты қосылысты жаққан 
кезде онда сүтті кофе түсті қабыршақтанған элементтер 
анықталады. 
Мерездік алопеция
екіншілік қайталамалы мерезге тән, бірақ 
екіншілік жаңа мерезде де болады. 
Ұсақ ошақты 
(alopecia syphilitica areolaris)
, диффузды 
(alopecia syphilitica diffusa)
және аралас 
(alopecia syphilitica mixta)
мерездік алопецияны ажыратады. Мерездік алопеция кезінде
васкулит пен периваскулярлы инфильтрацияға негізделген, 
тамақтану бұзылысының нәтижесінде шаштың түсуі болады. 
Ер адамдарда мерездік алопеция әйелдерге қарағанда жиі 
кездеседі. Мерездік алопеция субъективті белгілерсіз тез дамиды. 
Бастың шашты бөлігіндегі, әсірісе самай мен шүйде 
аймағында, сирек сақалда, қабақ пен кіріпіктердегі ұсақошақты 
алопециялар кезінде, диаметрі 1-2 см дейінгі алопеция 
ошақшалары болады. Олар дөңгелек пішінді және өзара 
қосылмайды. Зақымдалу ошағында барлық шаштар түспейді, 
сондықтан бастың шашты бөлігі моль жеген тонды еске түсіреді. 
Қастағы шаштың ұсақ ошақтар түрінде түсуін «омнибусты» 
(Fournier)
немесе «трамвайлық» (П.С. Григорьев) деп атайды, 
себебі мерез диагнозын көліктің ішінде де қоя беруге болады. 
Жекелеген түсуі мен артынша бірінен соң бірінің өсуінен 
кірпіктер әр түрлі ұзындықты болады (Пинкус белгісі)
Диффузды алопеция
– теріде ешқандай өзгеріссіз жедел пайда 
болатын, ауыр жедел инфекциялардан кейін шаштың түсуін еске 
түсіретін шаштың жалпы сиректенуі. Бұл алопецияның диагнозы 
екіншілік мерездің басқа көріністері, мерезге оң серологиялық 
реакциялар нәтижесінде негізделеді. 
Аралас алопеция
ұсақ ошақты және диффузды алопецияны 
қамтиды. Мерездік шаш түсу арнамалы емсіз ұзақ уақыт 
байқалып, кейін бірнеше ай ішінде шаш толығымен өсіп шығады. 
Мерезге қарсы ем 10-15 күннен кейін шаштың түсуін тоқтатып, 
1,5-2 айдан кейін толығымен өседі. С.Т. Павлов (1996) ұсақ 
ошақты алопеция ошағанда бозғылт трепонема болғандықтан, 
ұсақ ошақты алопеция қоздырғыштың тікелей шаштың 
фолликуласына әсер етіп, айналасында қабыну туғызып, уақытша 


шаштың 
қоректенуін 
бұзады, 
ал 
диффузды 
алопеция 
интоксикациямен немесе трепонемамен жүйке және эндокрин 
жүйелерінің зақымдануымен түсіндіріледі. 
Ауыз қуысымен көмейдің кілегей қабығының зақымдалуы жиі 
екіншілік мерезде байқалады, кейде екіншілік рецидивті мерезде 
кілегей қабықтардағы бөртпелер аурудың бір ғана клиникалық 
белгілері болуы мүмкін. Екіншілік мерезбен ауыратын 
науқастардың 
жартысында 
ауыз 
қуысының 
кілегейінің 
зақымдалуы розеолезді және папулезді элементтер түрінде 
байқалады. Пустулезді бөртпелер ауыз қуысының кілегей 
қабатында конъюнктивада, жатыр мойнында, қынапта сирек 
кездеседі. Ауыз қуысының кілегей қабығындағы сифилидтерде 
бозғылт трепонемалардың көп мөлшерлігі және қатынастығы 
жоғары болғандықтан, эпидемиологиялық маңызы бар. Сонымен 
қатар науқастарға бұл сифилидтер ешқандай шағым туғызбай, 
тікелей және жанама қатынаста жұқтыру көзі болып табылады. 
Кілегей 
қабаттардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет