Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Гохзингер терінің диффузды тығыздалуы туа пайда болған



Pdf көрінісі
бет311/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   386
Гохзингер терінің диффузды тығыздалуы туа пайда болған 
мерездің нақтылы белгісі болып келеді де
, жүре пайда болған 
мерезде кездеспейді. Бұл белгі туғаннан кейін бірден пайда 
болмай, кейін өмірінің 8–10 аптасында көрініс береді. Сифилид 
әдетте алақанда, табанда, бөкседе, ерін аймағында, төменгі иекте 
орналасуы мүмкін. Процесс диффузды немесе ошақты 
эритеманың пайда болуымен сипатталады. Кейін бұл жерде 
инфильтрация дамып, сонын әсерінен тері қатпарлары тегістеліп, 
терісі тығыз, эластикалық емес болады. Еріндері қалыңдап, ісініп, 
сарғыш-сарғылт түсті, еріннің жиегі мен кілегей қабығы керілген 
болып келеді. Әдетте, зақымдалған беткей мацерацияланған, 
суланбайтын, оның бетінде көп мөлшерде бозғылт трепонемалар 
анықталады. Бала жылағанда, механикалық жарақатта, еріннің
қарқынды керілуінде, қызыл жиегіне таралатын беткей және 
терең сызаттар (жарылулар) пайда болады. Жарылулар әдетте,
ерінге перпендикулярлы орналасып, қансырап, тез қабықпен 
жабылады. Емделмесе де 2-3 ай өткен соң Гохзингер диффузды 
инфильтрациясы жазылады, ал терең жарылулар орнында, әсіресе 
ауыз бұрышында, радиарлы (Робинсон–Фурнье тыртығы) 
тыртықтары қалады. 
Бұл тыртықтар ерте туа пайда болған 
мерезбен ауырғандығының патогномоникалық белгісі болып 
табылады.
Бұл белгіні, әсіресе стоматологтар, есте сақтаған жөн. 
Емшек жасындағы балаларда мерездік папулалар болуы мүмкін. 
Б.М.Пашковтың мәліметтер бойынша 30% балада бұл папулалар 
ерте туа пайда болған мерездің активтілігінің көрінісі болуы 
мүмкін. 
Ерте туа пайда болған мерезде 2 жасқа дейінгі балаларда 
эритематозды баспа, папулезді бөртпе сирек, эрозивті бадамша 
бездерінде, тілде, ауыздың, еріннің, мұрынның кілегей 
қабақтарында орналасады. 
Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана 
клиникалық белгісі болуы мүмкін.
Мұрынның кілегей қабығы 
ісінген, кейде эрозияланған, мұрнынан кілегей, қан және ірің 
аралас бөлінді байқалуы мүмкін. Бөлінді қабыршақтанып, көп 
мөлшерде құрғап, кейде толығымен мұрын жолдарын жауып 
тастайды. Емшек емген кезде бала кезеңді түрде терең дем алу 


үшін емшектен бас тартады. Мұрын арқылы тыныс алуы 
қиындаған, тынысы шулы, ысқырықты болып, баланың 
арықтауына алып келеді. Ұзақ уақытқа созылған тұмаурату 
мұрынның 
сүйекті-шеміршекті 
бөлігінің 
деструктивті 
өзгерістеріне және оның деформациясына алып келеді. 
Көмейдің 
кілегей қабығының 
арнамалы зақымдалуы 
диффузды инфильтрация және даусының қарлығуымен, сирек 
жаралы ларингитпен сипатталады. Процесс шеміршекке өтсе, 
кейін стеноздың дамуымен шеміршектің бұзылуы, перихондрит 
дамиды. Маңдай аймағында диффузды инфильтрация болып, тері 
осы аймақта керілген, құрғақ, жылтыр, мыс реңді тұнба-
эритематозды түсті болып келеді. Процесстің қабақ үсті 
доғаларына таралуы қабақтың сиректенуімен сипатталады. 
Бастың шашы сиректеніп, түседі. 
Бөксенің, санның артқы бетінің, балтырдың, ұманың, жыныс 
еріндерінің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Қол және аяқ 
саусақтарының 
диффузды 
зақымдалуы 
тырнақ 
деформацияларымен сипатталады. Дененің терісіндегі розеолезді 
бөртпе сиректеу болып, кейде қабыршақтанып, қосылып, балалар 
мен ересектердегі жүре пайда болған мерезге ұқсамайтын 
розеолезді бөртпеге тән емес болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет